Қарастырылатын негізгі сұрақтар


Педагогтың идеалды бейнесі



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата28.01.2017
өлшемі0,66 Mb.
#2924
1   2   3   4   5   6

Педагогтың идеалды бейнесі:  

Айналасындағы 



адамдардың 

көңілін 


аулау 

кепілі; 


Кез 


келген 

жұмыста 


жетістікке 

жетудің 


негізгі 

шарты. 


(Егер  оқушылар  мұғалімнің  жеке  тұлғасына  қызықпаса  пәнге  деген  қызығушылығы  да 

болмайды деген байламға келуге болады). Себебі, баланың өмірінің жартысы оларға білім 

ғана  беріп  қоймай,  сонымен  қатар  оларды  тәрбиелейтін  және  жеке  тұлға  ретінде 



қалыптастыратын  мектепте  өтеді.  Әлеуметтік  және  балалық  шақтан  алған  әсерлер  мен 

тәжірибелер үлкен өмірге өтуіне әсер етеді. Мұғалімнің жеке басы оқушының жеке тұлға 

болып  қалыптасуына  көмектеседі.  Ақпараттың  басым  бөлігін  біз  көру  арқылы  аламыз, 

сондықтан  да  біздің  тартымды  бейнеміз  өте  маңызды.  Оған  ұқыптылық,  іскерлік  стиль, 

мәнер,  әдеп,  күлкі  жатады.  Ұстаз  өзін  қалай  көреді  және  оны  оқушылары  қалай 

елестетеді? Мектеп әкімшілігі мен оқушылар сыйлау үшін және іс оңға басу үшін не істеу 

керек? Бар мәселе имиджде. 

Идеалды бейненің құрылымы: 

- сыртқы бейне; 

- вербалды және вербалды емес қарым - қатынасты пайдалану құралы; 

- ішкі «Мен» сезімінің кәсібіне сәйкестігі. 

Сыртқы имиджді құраудағы идеалды бейне: 

мимика, 

- дауыс күші мен тембрі, 

- костюм, 

- қимыл, 

- мәнер. 

Айналаңыздағы адамның санасындағы сіздің бейнеңіз туралы көзқарас. Ол сізбен 

жүздесуден кейінгі сыртқы кейпіңіз бен өз - өзіңізді ұстауыңыздың тәрбиелік мәні мен 

сөйлесу мәнеріңіз арқылы қалыптаспақ. Сыртқы бейнеміздің үйлесімді әсер қалдыру үшін 

вербалды және вербалды емес қатынас қажет: 

• Мәнерлі сөйлеу 

• Көндіре білу 

• Стиль мен киім түсінің психологиялық әсерін білу 

• Тұрған тұрысқа, мимикаға және мәнерге көңіл бөлу 

• Шыдамдылық 

• Көргіштік 

       Қазіргі қазақ қоғамында ұстаз мамандығы өзінің мәртебесін жоғалтып отыр, оны 

өзімізге қайтарып алу керектігінше күмән жоқ. Әрине мемлекет тарапынан қолдау 

көрсетілу керек. 

Бірақ ұстаздың идеалды бейнесі және ата - аналар мен оқушылардың педагогқа деген 

көзқарасын тек экономикалық фактор ғана анықтай алмайды ғой. Осыған орай педагогтың 

өзі не істей алды? 

Бұл сұраққа жауап іздейтін болсақ, онда былай жауап берер едік. 

       Педагогтың мәртебесі мен беделі оның жеке өзіндік бейнесіне байланысты. 

Жалпы идеалды болудың құрамына төменде көрсетілген элементтерді жатқызуға болады: 

- Қызметтік қарым - қатынас этикеті ( корпоративтік ережелерді ұстану) 

- визуальді белгілер - бойдың, дене бітімің, шаш үлгісінің үйлесімділігі. 

- Өзіне сәйкес стильді анықтайтын элементтер: киім, аяқ киім, аксессуарлар 

- тіл табысу білу қабілеті ауызша және жазбаша тілдесу, дауыс ерекшілігі. 



Сонымен, педагогтың идеалды болуы мынандай құрамнан тұрады: 

Жеке және тұлғалық қасиеттер 

Коммуникативтік қасиеттер 

Кәсіби іс - әрекеттің және мінез - құлықтың ерекшеліктері. 

Жаңа қоғам педагогтың идеалды болуына жаңа талаптар қояды, бірақ замандар бойы 

ұстаздың бойында өзгермейтін мынандай қасиеттер бар: 

- балаларды жақсы көру 

- мейірімділік 

- шынайылық 

- тілдесе алу икемділігі 

Егер  педагог  өзінің  жалпы  педа-гогикалық  біліміндегі,  өзі  оқытатын  ғылым  негізі 

бойынша  біліміндегі  кемшілік  тұста-рын  байқамаса,  өз  педагогикалық  құра-лының 



жеткіліксіздігін көрмесе, оның кәсі-би өзін–өзі жетілдіруі мен өзін–өзі тәр-биелеуі тіптен 

мүмкін емес деп айтуға болады. Өзін–өзі кәсіби жетілдіру мен дамытуға кіріспес бұрын, 

педагог  өз  іс-әрекетінің  қандай  да  бір  өткен  кезеңіне  талдау  қорытындыларын  жасап 

отыруы керек. Сонымен қатар өз іс–әрекетін жақ-сартуға байланысты жасалған қызметтес 

адамдардың  нұсқауларын  ескеруі  қажет.  Кәсіби  іс-әрекетінде  нақты  жетістіктерге  жете 

білген  педагогтардың  тәжірибесіне  сүйенсек,  кәсіби  өзін–өзі  жетілдіруді  өзінің 

педагогикалық  іс-әрекетіндегі  жетістіктер  мен  кемшіліктердің  себеп–салдарларын  те-рең 

талдаудан бастау қажет екендігіне көзі-міз жетеді. Өз әрекетінің үрдісі мен нәти-желерін 

талдай отырып, оқытушы рефлек-сия жасайды. Рефлексия (лат. сөзінен аударғанда reflexio 

–  өткенге  сүйену)  –  тол-ғану,  өз–өзін  байқау,  өзін–өзі  тану.  Кәсіби  сана–сезім  өзін–өзі 

тану  негізінде  қалып-тасады.  Осының  нәтижесінде  педагог  білім  беру  үрдісінің 

заңдылықтарын түсініп, пе-дагогикалық шеберлікке бір адым болса да жақындай түседі. 



        Өзін-өзі  тәрбиелеудің  әдіс-тәсілдері.  Психологиялық  -  педагогикалық  әдебиеттерде 

өзін-өзі  тәрбиелеу  әдістері  әр  түрлі  топтастырылып  келеді.  Өзін-өзі  тәрбиелеудің  толып 

жатқан  әдіс-тәсілдерінің  көпшілгі  Абайдың  қара  сөздерінде  де  жан-жақты 

қарастырылатыны мектеп қабырғасынан шыққан әрбір оқушыға таныс. 

Педагогика  ғылымында  Б.Б.  Айсмонтас  өзін-өзі  тәрбиелеу  әдістерін  және  тәсілдерін 

ажыратып қарастырады және оларды үлкен үш топқа бөліп жіктейді: өзін-өзі тану, өзін-өзі 

меңгеру, өзін-өзі ынталандыру әдістері. 1 - суретте көрсетілгендей әр топқа жататын бірнеше 

әдістерді атап көрсетеді. 

 

Өзін өзі тәрбиелеу әдістері 



Өзін  өзі тану 

Өзін өзі меңгеру 

Өзін өзі ынталандыру 

Өзін өзі бақылау 

Өзін өзі талдау жасау 

Өзін басқалармен салыстыру 

Өзін өзі бағалау 

Өзін өзі сендіру 

Өзін өзі қадағалау 

Өзін өзі бұйрық беру 

Өзін өзі иландыру 

Өзін өзі құптау 

Өзін өзі көрсету 

Өзін өзі  мақұлдау 

Өзін өзі  мадақтау 

Өзін өзі жазалау 

Ал  өзін-өзі  тәрбиелеу  тәсілдеріне  адамның  өз  тұлғасын  жетілдіру  мақсатында  өз  алдына 

нақты  міндеттер  қоюын,  ол  міндеттердің  орындалуы  бойынша  өткенді  ой  таразысына 

тартьп  өзіне  есеп  беруін,  олардың  орындалмауының  себептерін  анықтауын,  өзін  арнайы 

қадағалау  негізінде  айқындалған  өз  бойындағы  өзгерістерді  жүйелі  түрде  тіркеп  жазып 

жүруді жатқызады. 

2 сұрақ Кәсіби даму кезеңдері: 

      Педагогтың    кәсіби  даму  және  тұлғалық  әлеуті  деңгейінің  дамуына  мүмкіндік  береді, 

өйткені, мұғалімнің даму дәрежесі, мектептің даму сапасынмен анықталады.  

Батыс  елдеріне  белгілі  американдық  ғалымдар  Виллис  Д.Холи  және  Линда  Валли 

зерттемелеріне сүйенсек, педагогтардың кәсіби дамуындағы біліктілігін арттырудың жаңа 

2 бағытын атап көрсетеді: 

 

Біріншісі,  педагогтың  оқыту  және  кәсіби-педагогикалық  іс  әрекетінің  интеграциясы. 



Бұл, педагогтың тұлғалық және кәсіби өсу үдерісінің сапалық нәтижесі. 

 



Екіншісі,  оқыту  үдерісін  басқаруды  демократизациялау.  Мұның  негізі  педагог  алған 

білімін,  кәсіптік  жоғары  деңгейде  белсенділік  таныта  отырып,  іс-әрекетте  қолдана 

алуының сапасы – дейді ғалымдар. 

 Сапалық  білім  беру  жағдайында  ең  алдымен  мұғалімнің  инновациялық  даярлығын 

қалыптастыру  басты  қажеттілік:  ол,  білім  беру  саласындағы  жаңалықтарды  ендіру, 

жаңалықты ендіру құндылықтары, білім беру саласына жаңалық ендіру концепциялары, 

мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру заңдылықтары, ғылыми-әдістемелік 

жұмыс, 

озат 

педагогикалық 

тәжірибе 

мен 

инновациялық 

педагогикалық 

технологияларды  үйрену,  жинақтау,  пайдалану,  инновациялық  психологиялық-

педагогикалық  зерттеулер  нәтижесін  іс-тәжірибеге  кеңінен  ендіру,  әртүрлі 


инновациялық психологиялық-педагогикалық теория мен практиканың өзара байланысқан 

іс-әрекетін  жүзеге  асыру;  педагогикалық  инновациялық  қозғалыс,  инновациялық 

зерттеушілік ізденістер және т.б. 

Мұндай  іс-әрекеттер  мұғалімдердің    кәсіби  биіктер  сапасын  көтеруге  толық 

теориялық-әдістемелік тұрғыда қажеттілігі мол. Педагогтардың кәсіби-біліктілік сапасын 

арттыру төмендегідей өзгешеліктермен сипатталады: 

 

Оқыту әрекеті барысында қарым-қатынастың демократиялық стилі қолданылады, 



танымдық әрекетті белсендіру үшін авторлық тәсілдер қолданады, ол педагог тұлғасының 

өзіндік ерекшелігіне мысал болады. 

 

Мұғалімнің  кәсіби  әрекетінің  тұтастығы:  аудиториялық,  аудиториядан  тыс  және 



ізденіс жұмыстарының өзара байланыстылығы. 

 



Дүниетанымның 

кеңдігі, 

эмпирикалық 

білімнің 

шығармашылық 

интерпретациясының іргелі теориялық дайындықпен үйлесімділігі. 

Осындай  жағдайда  педагогтың  кәсіби  біліктілік  деңгейі  өте  жоғары  шығармашыл 

сатыда болса, онда ол, жаңа ақпараттық біліктілік деңгейі қалыптасады; 

 

ақпараттық 



және 

ақпараттық-коммуникациялық 

технологиялар, 

оқытудың 

электрондық жүйелерінің әдістемесін жетілдіреді; 

 



педагогтың  өзіндік  электрондық  портфолиосы  моделі  мен  басқару  менеджменті 

үрдісті қолданады; 

 

тілді  меңгеруге  (көптілділік)  өмір  сүру  этикеті  мен  қарым-қатынас  (синергизм) 



нормасын игереді; 

 



өзінің қабілетін сай нәтижелі бағытқа (позицияға) жетуге зор мүмкіндігі бар және т.б. 

Біліктілікті арттырудағы педагогтың даму мүмкіндіктерінің сапасы:  

 

жаңа парадигмалы жағдайдағы білім берудегі кәсіби біліктілікті дамытады; 



 

білім  берудегі  сапа  менеджментін  енгізу  мәселелерінің  шешімін  іздестіру, 



ақпараттық, коммуникативтік және интеллеуталдық мүмкіндіктері жоғарлайды; 

 



өзін-өзі дамыту, өз бетінше білім алу және өзін-өзі жетілдіру қабілеті тұрақталады; 

 



шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, тәуекелшіл, сарапшы бола алады және т.б.. 

Қорыта  келе,  жоғарыда  аталған    сандық,  сапалық  индикаторлар    біліктілік    арттыру  

жүйесіндегі  мұғалімнің  кәсіби  дайындығы  мен  кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастыруда  

білім берудің сапасын  шешуге ықпал етеді деп ойлаймыз. 



3 сұрақ  Педагогтың жеке тұлғасы мен мұғалімдік қызметке қойылатын талаптар 

  

Жеке  тұлғаның  өзегі  -  оның  «Мен»-  жүйесі.  Әрбір  тұлға  өзін-өзі  тәрбиелеу  арқылы 

«Мен»-  жүйесін  дамытып,  жетілдіріп  отыруы  қажет.  Сондықтан  болашақ  мұғалімдерде 

балалар  тұлғасын  дұрыс  қалыптастыру  үшін  ең  алдымен  студенттік  жастарынан  бастап 

өздерінің  жеке  «Мен»-дерімен  жұмыс  істеп,  бағыттылықтарын,  қабілеттіліктерін 

дамытып,  мінездерің  тәрбиелеулері  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар  негізінде 

мәдениеттерін жетілдіріп отыруы маңызды. 

 Өзін  маман  әрі  жеке  тұлға  ретінде  көрсете  алатын  мұғалім  еш  уақытта  өзінің  жақсы 

қасиет, қабілеттерін саналы түрде дамытып, жетілдіруден жалықпайды. Жеке тұлғаның өз 

«менін»  қалай  көрсете  білуі,  оның  қаншалықты  саналылығын  және  жетілу  деңгейін 

байқатады.                                                                                                                              

Мұғал


ім тұлғасына қойылатын талаптарды үш үлкен кешенге бөліп қарастыруға болады: 

- жалпы адамзаттық қасиеттері; 

- кәсіби-педагогикалық касиетгері; 

- арнайы пән бойынша білім, білік, дағдылары. 

Мұғалімнің қызметі өте күрделі, әрі көп салалы. Мұғалім оқушының жеке басының дамуын, 

қалыптасуын,  оған  тәрбие  беру  және  оқыту  процесін  басқарады.  Осындай  маңызды  іске 

жауапты  болғандықтан  мұғалімнен  жан-жақты  терең  ғылыми  білім,  жоғары 

педагогикалық  шеберлік,  саяси  моральдық  қасиет,  табанды  ерік-жігер,  парасатты  мінез-

кұлық талап етіледі. 

Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттеріне мынадай негізгі қасиетерді кіргізуге болады: 



- оқушыларға  деген сүйіспеншілігі; 

-

 



педагогикалык, процесті жүйелі жүргізе алуы; 

-

 



бақылағыштығы; 

-

 



педагогикалык, құбылыстарға талдау жасай алуы; 

-

 



педагогикалык, ойлаудың қалыптасуы; 

-

 



қарым-қатынас жасай алуы; 

-

 



ұжымшылдық; 

-

 



шығармашылығы және т.б. 

Мұғалім  -  өскелең  ұрпақтың.  интеллектуалдық  негізін  және  рухани  дүниесін 

қалыптастырушы,  сонымен  катар  ол  халқымыздың  болашағы  болып  саналатын  балалар 

тәрбиесіне  жауапты  қоғамның  сенімді  өкілі.  Осындай  аса  ізгі  де  аса  қиын  кәсіп 

мұғалімдерден  тұрақты  шығармашылықты,  ойдың  тынымсыз  жұмысын,  орасан  зор  жан 

жомарттығын, балаларға деген сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдықты талап етеді. 

Мұғалім  тұлғасын  сипаттайтын  негізгі  кәсіби  маңызды  қасиеттері  оның  педагогикалық 

әдебінің  көрсеткіші  де  больш  табылады.  Тәжірибелі  педагог  И.Е.Синицаның  пікірінше 

педагогикальқ  әдеп  әр  мұғалімнің  жас  мөлшеріне,  темпераментіне,  мінезқұлкына 

байланысты  келеді.  Педагогикалык  әдеп  -  мұғалімнің  ізденісінің  нәтижесі.  И.Е.Синица 

өзінің  «Педагогикальқ  әдеп  және  ұстаздьқ  шеберлік»  деген  еңбегінде  мұғалімнің 

мынандай негізгі қасиеттеріне айырықша тоқталады: 

- Байқағыштық 

-

 



Ілтипаттылъқ. 

-

 



Сенім. 

-

 



Әділдік. 

-

 



Төзім және сабыр сақтау. 

Сонымен  қатар  қазіргі  зерттеушілердін  пікірінше  эмпатия  ұғымы  да  мұғалімнің  кәсіби 

маңызды  қасиеттерінің  бірі  болып  саналады.  Эмпатия  -  мұғалімнің  оқушылардың 

психикалык жағдайын, көңіл-күйлерін түсінуі, өзін басқа адамның-орнына қоя алуы. 



Сонымен  педагогтың  кәсіби  маңызды  қасиеттері  ретінде  оның  балаға  деген  ынта-

ықыласын,  сүйіспеншілігн,  педагикалық  еңбекке  қызығушылығын,  психологияльқ-

педагогикалық  сезгіштігін,  байқағыштығын,  әділдігін,  талап  қоя  білушілігін, 

табандылығын, ұстамдылығын, өзін-өзі басқара білуін, қайырымдылығын, мейірімділігін, 

кәсіби  еңбекті  сүйе  білуін,  ғылыми  ой-өрісінің  тереңдігін,  рухани  танымдық 

қызығушьшығын,  интеллектуалдық  белсенділігін,  педагогикальқ  өздігінен  білім  алуға 

ынталылығын, шығармашылықпен ынтымақтастықты қолдауын, жаңашыл педагогтардың 

идеяларын түсінуін, қабылдауын атап өтуге болады. 

Мұғалім  -  өз  пәнін  оқытудың  әдістерін  жете  игерген,  шығармашыльқ  еңбек  ететін, 

педагогикальқ шеберлігін үнемі жетілдіріп отыратын адам. Мұғалім еңбегінің нәтижелілігі 

оның  табиғи  дарындылығында  дейтін  пікірлер  де  бар.  Сөз  жоқ,  дарындылық,  аса 

қабілеттілік  қай  мамандьқта  болмасын  кездеседі.  Бірақ  адам  мамандық  ерекшелігімен 

дүниеге келмейтіні ақиқат. Педагогикальқ шеберлік - кейбіреулерге ғана  берілген табиғат 

сыйы  емес,  ол  үздіксіз  ізденудің,  өзін-өзі  үнемі  кәсіби  жетілдірудің  және  өзінің  қалаған 

мамандығына деген құштарлығынан туындайтын іс-әрекеттер жиынтығы. 

Жалпы  жас  ұрпаққа  білім  беру  ісін  жетілдіру  және  оқу-тәрбие  жұмыстарын  жаңа  сатыға 

көтеру  міндеттерін  мұғалімсіз  жүзеге    асыру  мүмкін  емес  екені  анық.  Сондықтан  жас 

мамандардың  кәсіби  біліктілігін  шыңдауға,  мәдениетін  дамытуға,  рухани  кемелденуін 

қамтамасыз етуге аса көп көңіл бөлінуі керск. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, 

өркендеуі,  қоғам  алдындағы  бағдарламалық  міндеттердің          шешімі          тікелей          жас     

мамандардың кәсіби дайындықтарының сапасына байланысты. 

 

 

 

 


Дәріс 10.  Рефлексия-педагогтың өзін-өзі тануының тетігі ретінде 

 

Қарастырылатын негізгі сұрақтар: 

Өзін-өзі  тану  -өзіндік  сананың  қызметі  ретінде.  Идентификация  және  рефлексия. 

Педагогтың өзін-өзі жетілдіруінің кезеңдері. Педагогтың «Мен- тұжырымдамасы». 

 

Өзін-өзі тану өзіндік сананың қызметі ретінде. 

Өзiндiк  сана  –  «Мен»  образын  тану  субьектiсi  ретiнде  «Мен»  iс-әрекетi  (Мен-

концепциясы).  «Мен»  образы,  «Мен»  субьективтi  ретiнде  құрылымындағы  реттеушi 

қызмет. Өзiндiк сана құрылымының төмендегi кестеден көруге болады. 

Өзiн-өзi танудың ғылыми тұрғыдан қарастырғанда, психологияда кеңiнен ашылып 

көрсетiледi: 

- өзiн-өзi тану – психологиялық кемелдi және iшкi үйлесiмдiлiктi қабылдау құралы. 

-  өзiн-өзi  тану  -  тұлғаның  психикалық  және  психологиялық  денсаулықты  қабылдау 

жағдайы. 

- өзiн-өзi тану - тұлғаның өзiндiк дамуының бiрден-бiр жолы және оның жүзеге асырылуы. 

Бұл  мәндер  өзара  тығыз  байланыста  болып  келедi  және  олар  бiр-бiрiн  толықтырып 

отырады . 

Классикалық психоанализде өзiн-өзi тану бейсанада ығыстыру ұғымымен сипатталынады. 

Австриялық  психолог  және  психиатр  З.  Фрейд  ығыстыруға  агрессивтi  және  сексуалды 

тенденцияны жатқызады. Психоаналитиктiң мұндағы рөлi емделушіге (пациентке) арнайы 

психоанализ техникасын қолдана көмек беру. 

З. Фрейд шәкiртi австриялық психиатр А. Адлер өзін-өзі танудың мән-мағынасын 

адамның өзінің алдына қойған шынайы мақсатын танудан көреді. 

Гештальттерапияда  өзін-өзі  тану  адамның  тұлғалық  кемелге  жетудегі  жетістік  құралы 

ретінде  қарастырылады.  Неміс  психологы  Ф.  Перлз  тұлғалық  кемел  сапасындағы 

көрсеткішін мынандай түрге бөліп көрсетеді. 

1. Басқаларға емес, өзіне демеулік, көмек көрсете алу. 

2. Жауапкершілікті өз мойнына алу. 

3. Қиын жағдайда өзіндік ресурсын жеделдету. 

4. Дағдарыстан шығу үшін тәуекелге бару [6, б. 23]. 

Позитивтi  мәнi  –  кез  келген  жұмыс  жағдайы,  белгiлi  бiр  мақсатқа  жету  үшiн, 

жұмыс сәттi болу үшiн талаптың қойылуы, қарым-қатынасты нығайтуда, өз мүмкiншiлiгiн 

арттыру және бұл қасиеттердi адам өз бойынан тануы. 

Негативтi  мәнi  -  өзi  жайлы  жақсы  танып  бiле  алмағандықтан,  адам  күштi  және  әлсiз 

жақтарын  мұттәйiм  мақсатта  қолдануы,  өз  амбициясын,  өз  талаптарын  қанағаттандыру 

тағы басқа. 

 


 

1. Эмоционалды құндылық қатынасы 

2. Өзiн-өзi тану 

3. Өзiн-өзi реттеу 

4. Өзiн-өзi бақылау 

5. Өзiн-өзi бағалау 

«Мен»  субьект  ретiнде  әртүрлi  белсендi  iс-ірекеттердiң  әсерiнен  өзiн-өзi  тану  қызметiн 

атқарады, оның өзi эмоционалды құндылық қатынасымен тығыз бiрге жүредi. 

Өзiн-өзi  тану  қорытындысында  «Мен»  образы  тұсiндiрiледi  және  кейде  жаңа 

«Мен»  образы  жинақталынады.  Тұлғаның  талпынысы  «Мен»  образы  бiрден  пайда 

болмайды, ең алдымен тұлға қасиеттерi, қылық, әрекет ерекшелiктерi тағы сол сияқты өзi 

жайлы  ойлар  қалыптасады.  Мұнда  басты  орынды  өзгелермен  салыстыруы,  өзiн-өзi 

бағалауымен  ерекшеленедi.  Егер  «Мен»  образы  рационалды  түсiнiктi  қабылданған 

мезетте  «Мен  концепциясы»  жоғары  деңгейде  болады,  ол  адам  өмiрiне  әсерiн  тигiзiп, 

мақсатын, жоспарын анықтауға әсерiн тигiзедi [6, б.19-20]. 

Отандық психолог В.В. Столин адам ұйымының үш деңгейiн көрсеттi: 

1. Биологиялық индивид; 

2. Әлеуметтiк индивид; 

3. Тұлға. 

 

 Идентификация және рефлексия 



Идентификация  дегеніміз  –  адам  өзін  басқа  адамның  орнына  қойып,  сол 

адамның   бағалайтын  заттарын  құбылыстарын,  уақиғаларын  өзіндік  етуі.  Мысалы, 

оқушының  өзін  мұғалім  орнына  қойып,  соның  бойындағы  қасиеттерді  өзінікі  етуі. 

   Идентификация  мазмұны  жағынан  ұқсас  келесі  құбылыс  тығыз  байланысты,  ол  –

эмпатия. Эмпатия дегеніміз – адамның басқа адамның сезіміне ортақ болып, бірге сезініп, 

сол  сезімнің  немен  аяқталатынын  алдын-ала  ескеріп  отыруы  немесе  бір  адамның  өзге 

кісінің жағдайына көңіл аударып, оның ішкі ойын, не ойындағы орындағысы келген ісін 

өзіне  айтқызбай-ақ  алдын  ала  білуі,  яғни  біреудің  ойын  «қас-қабағынан»  емеурінінен 

білу.   мысалы,  көрермендер  мен  оқырмандардың  кинофильмдегі  әлде  кітаптағы 

кейіпкерлердің  көңіл-күйін  солармен  бірге  бөлісуін  эмпатиялық  көріністерге  жатқызуға 

болады. 

   Рефлексия  –  адамның  өзін  сырттан  көре  алу  мүмкіндігі,  бұл  нәтижесінде  өзін,  өзінің 

ойлауын,  өзінің  санасын  көру  мүмкіндігі  пайда  болатын  сананың  бұрылысы. 

  Рефлексия қарым-қатынастағы кедергілер мен қиындықтарды түсінуге және оны жеңетін 

әдістерді 

табуға 


жағдай 

жасайды.  



  Рефлексия адамның өзінің қамығу, қайғыруын және жұмыс барысында қалпын түсінуге 

бағытталған. Мысалы, мұғалім өзінде ашулану, қанағаттану т.б. жағдайлардың пайда болу 

себебін  түсінуі  керек.  Мұғалімде  рефлексияға  қабілеттілік   неғұрлым  жоғары  болса, 

соғұрлым 

педагогикалық 

шеберлігі 

жоғары. 

 өзара  түсіну  механизмдерін   қарастыру  адамдардың  бір-бірін  тану  процесін  талдауға 

мүмкіндік  береді.  Әлеуметтік  психологияда  жеке  адамдар   перцепциясын  зерттеу 

жүргізілген эксперименталдық зерттеулер бар. Оларды екі класқа бөлуге болады: 

1.

 

Жеке  адамдар   перцепциясының  мазмұнын  зерттеу.  (қабылдау  объектісі  мен 



субъектілерінің сипаты, олардың қасиеттері);  

2.

 



Жеке адамдар перцепциясы процесінің өзін зерттеу. (эффектілер, оның механизмдерін 

талдау);  

Жеке адамдардың бірін-бірі қабылдау мазмұны қабылдау объектісі мен 

субъектісінің сипатына байланысты, себебі, кез-келген осындай қабылдау осы процеске 

қатысушылардың өзара әрекеті.  Бұл өзара әрекеттің екі жағы бар: бірін-бірі бағалау және 

бір-бірінің  мінездемелеріне, сипатына өзгеріс енгізу. 

Педагогикалық рефлексия – бұл тек өзіне және өзінің іс — әрекетіне баға беру ғана 

емес, сонымен бірге педагогикалык, қарым – қатынасқа түскен өзге жандардың да өз — 

өздерін қалай түсінетіндіктерін байқау, өзін — өзі тану, өзінің әлсіз жақтары мен 

потенциалдық мүмкіндіктерін аша білу үшін қажет. 

Өзіндік талдау жасаудың маңызы мұғалімнің мінсіздікке жетуге ұмтылу факторы ретінде 

қаралатындығында. Өзін — өзі тексеру деп мұғалімнің өз іс -әрекеті мен жалпы 

педагогикалық қызмет құбылыстарын салыстыра отырып, өзінің педагогикалык, 

қызметіне жасаған талдауын айтуға болады. Өз кызметіне талдау жасап отыру мұғалімге 

қызмет бабында туындап отыратын қиындықтарды сезініп, оларды шешудің мақсатқа 

жеткізер кәсіби жолдарын табуына көмектеседі. Қиындықтар муғалімнің дайындық 

сипатының жеке ерекшелігіне, оның кәсіби бағыттылығына, сынып пен жеке балалардың 

ерекшеліктеріне бзйланысты педагогикалық процестің кез келген   буынында пайда болып 

отырады. Қиындықтардың туу себептерін анықтай білу — мұғалімге өзінің педагогикалык 

қызметінің барысында өз білімін жетілдіру мен өзін — өзі тәрбиелеу жолдарын белгілеуге 

жәрдемдеседі.                             



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет