Физиология пәні бойынша сұрақтар: 11. Адамның репродуктивті жүйесінің физиологиясы. Жыныстық ажыратылу физиологиясы, адам жынысының қалыптасуы. Адамның жыныстық мінез-құлқы. Әйел және ер организмдерінің жыныстық даму кезеңдері.
12. Әйел жыныс мүшелерінің (аналық без, жатыр түтігі, жатыр, қынап, сыртқы жыныс мүшелері) физиологиясы, реттелуі. Әйел организмінің жыныстық қызметтері (овариалды цикл, менструальдық цикл, ұрықтану, жүктілік, босану, лактация ) олардың фазалары, сипаттамалары және реттелуі.
13. Адамның жыныстық қызметтерін орындаушы механизмдер: жыныстық акт (копуляция), оргазм.
14. Еркек жыныс мүшелерінің (аталық без және оның қосалқылары, қуық асты безі, сыртқы жыныс мүшелері) физиологиясы. Ерлер организмінің жыныстық қызметтері (сперматогенез, эрекция, эякуляция), олардың реттелуі.
15. Әйелдер және ерлердің репродуктивті қызметтерінің жас байланысты ерекшеліктері.
Биохимия пәні бойынша сұрақтар: 16. Нейроэндокриндік реттелу сызбанұсқасы. Гормондар тұралы түсінік. Екінші механизмі - ақуыз синтезінің жылдамдығының өзгеруі. Гипофиз гормондары . Гонадотропты гормондар (ФСГ, ЛГ, құрылысы, нысана-жасушалар, биологиялық әсері). Пролактин, құрылысы, нысана-жасушалар, биологиялық әсері
17. Әйелдердің жыныс гормондарының секрециясын гипоталамус-гипофиздік реттелуі. Эстрогендер мен прогестерон. Әсер ету механизмі және нысана жасушалар. Биохимиялық жалпы және спецификалық әсерлер. Секрецияның реттелуі. Әйелдердегі гипофизарлы-гонадальды ось.
18. Етеккір циклі (менструация) және оның реттелуі. Жүктілік кезіндегі биохимиялық өзгерістер. Менопауза туралы түсінік. Ерлердің жыныс гормондарының әйел ағзасына әсері.
19. Ерлердің жыныстық гормондарының секрециясын гипоталамус-гипофиздік реттелуі. Сперматогенезге әсер ететін факторлар. Жұмыртқаны ұрықтандырудағы шәуеттің рөлі. Шәует (сперма) құрамы және қасиеттері. Шәуеттің биохимиялық анализі. Ұрықтандыру үшін қажетті шәует сапасы.
20. Еркек жыныс бездерінің эндокриндік қызметі. Тестостеронның әсер ету механизмі және биохимиялық әсерлері. Еркек бездерінің басқа гормондары. Тестостерон секрециясының реттелуі. Ерлердегі гипофиз-гонадальды ось. Андропауза туралы түсінік. Ерлердегі гипер - және гипогонадизм туралы түсінік.