БОРАНБАЕВА Б.С.
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті,
Қазақстан Республикасы,Орал қ., bbaktyly@bk.ru
ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ ӘСКЕРИ ҰШҚЫШ ҚЫЗЫ
Сұрапыл соғыс жылдарында алдыңғы шепте жүріп,
ерлермен бірге ерлік кӛрсеткен жауынгер қыздардың ер жүрек
батырлығы жӛнінде Кеңес Одағының Маршалы А.И.Еременко
әскери-мемуарлық еңбегінде: «Ұлы Отан соғысында қыздар
араласпаған, қыздар меңгермеген әскери мамандық кем де кем»
[1, 293 б.] ,- деп жазған еді.
Жалпы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына
қатысқан жауынгерлерден уақыт 110 түрлі әскери мамандықтың
түрін игеруді талап еткен екен. Бұл шайқаста кӛп ұлтты кеңестік
143
жауынгер қыздармен бірге қазақ қыздары да аспазшы, хат
тасушы, дәрігерлік кӛмек кӛрсету сияқты мамандықтармен бірге,
сол уақытта қыздар арасында сирек кездесетін ұшқыш, танкіші,
пулеметші, мерген, барлаушы, байланысшы мамандықтарын
меңгерді. Оларды атап айтар болсақ, шығыстың Батыр қыздары
атанған пулеметші Мәншүк Мәметова мен мерген Әлия
Молдағұловадан басқа Литва қаласын азат етуге қатысқан танк
экипажының құрамындағы танкіші қазақ қыздары кіші сержант
Жамал Байтасова, Күлжамила Талқанбаева, жаудың тылына
кіріп, танктерге жол ашатын, жаудан «тіл» әкелетін (жеңіл
танкідегі) барлаушы Күлкен Тоқбергенова, сонымен бірге осы
танк экипажының радист, пулеметші қызы Жәмила Бисенбаева,
Ленинград қаласын әуе шабуылынан қорғаған артиллериялық-
зенитшілер бригадасының командирі Әкима Акжолова, Кеңес
Одағының 3 мәрте Батыры атанған И.Н.Кожедубтың №76-
самолетін ұшуға дайындаушы бапкері (немесе механигі) болған
Мәдина Ысқақова, Екі рет Қызыл Жұлдыз орденін және Әскери
Бас командованиенің 14 рет жазбаша алғысын алған дәрігер
Мархабат Түкібаева, барлаушы Рахила Ералина т.б. осылайша
жауынгер қазақ қыздарын одан әрі тізбектей беруге болады.
Міне, сондай қазақтың ер жүрек қыздарының бірі, 300 рет
әуе шайқасына қатысқан қазақтың тұңғыш әскери ұшқыш қызы
– Хиуаз Доспанова.
Әскери ұшқыш қыздың соғыс жылдарындағы ерлікке толы
жауынгерлік ӛмірі 1946 жылдардан бастап жергілікті «Орал ӛңірі,
«Приуралье» басылымдарында жарияланған. Хиуаз туралы
алғаш баспасӛз бетінде мақала жазған тілші-жауынгер, қазақтың
белгілі ақыны Сағынғали Сейтов болатын. Сонымен қатар
майдангер Х.Доспанова ӛзінің ӛмір жолы туралы «Халқым
үшін» (Алматы, 1963), және «Под командованием Расковой»
(Алматы, 1965) атты естелік кітаптарын жазды. Сондай-ақ
штурман Хиуаздың жауынгерлік ерліктері Кеңес Одағының
Батыры эскадрилья командирі Марина Чечневаның «Боевые
подруги мои» атты еңбегінде және Кеңес Одағының Батыры
Раиса Аронованың «Ночные ведьми» сол сияқты Кеңес
Одағының Батыры Наталья Кравцованың «От заката до рассвета»
144
кітабында ұшқыш Хиуаздың жауынгерлік бейнесі жан-жақты
суреттеледі.
Қазақтың қаһарман қызы Қазақ елінің тәуелсіздігі арқасында
ғана ұлт мақтанышына айналып, кӛпке танылды.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығы қарсаңында
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Хиуаз Доспановаға жолдаған
құттықтау сӛзінде:«Мен әр адамды тәнті етіп, еріксіз бас игізген
осынау жанның қайрат жігерлігіне, ерлігіне шын сүйсінемін. Ол
20 жасында-ақ соғысқа ӛз еркімен сұранып барып, бомбалаушы
ұшағымен қан майданның ақырына дейін жаумен шайқасып,
жеңісті жақындата түсті. Ол аз болса, мен тіпті Доспанованың
түнгі бомбалаудың тың тәсілін ӛмірге әкеліп, жаудың жанын
түршіктіргенін білемін»,-деп жазды. Х.Доспановаға жоғары
мәртебелі «Халық қаһарманы» атағын бере отырып, ол кейінгі
ұрпақ жүрегінде халқымыздың рух қуатын мәңгіге сақтап қалуға
және жастарды тәуелсіз еліміздің патриоты етіп тәрбиелеуге
қадам жасау керектігін атап кӛрсетті.
2004
жылы
7-желтоқсанда
Елбасы
жарлығымен
Х.Доспановаға «Халық қаһарманы» атағы берілді.
Осылайша ұлт мақтанышына айналған Доспанова Хиуаз
Қайырқызы 1922 жылы 15 мамырда Гурьев облысының (қазіргі
Атырау облысы) Ганюшкино ауылында дүниеге келген. Ата-
анасының қызмет ауыстырып Орал қаласына кӛшіп келуіне
байланысты, қаладағы №1- орыс мектебінде оқып білім алады.
Ӛзінің бал дәурен балалық шағы туралы майдангер ана:
«Мектепте оқып жүргенімде белсенді болдым, аға пионер
жетекшісі едім, орыс балалары Хиуаз дегенге тілдері келмей
«Тетя Катя» дейтін. 9 класта оқып жүргенімде қалада аэроклуб
ашылып, соған балалар жинап жүргенін естідім. Аэроклуб
инструкторымен жолығып, мектепте балалармен кездесу
ұйымдастырдым. Қызықты әңгімеден соң «аэроклубқа кім
жазылады?» деген сауал тастағанда залды үнсіздік басты. Содан
алдымен ӛзім жазылдым. Бірер минуттан соң 5-6 бала тізімге
ілікті. Сӛйтіп, 10 жылдықты бітіргенде алтын медальмен қоса
ұшқыш куәлігін де алып шықтым» [2, 8-9 б. ],- деп еске алады.
Сӛйтіп ұшқыш болсам деген арманның жетегімен 1940 жылы
Жуковский атындағы әскери - әуе академиясына түспек болып,
145
Мәскеуге аттанады. Бірақ бұл әскери оқуға жолы болмайды да,
мектепті үздік бітіргендігінің арқасында ол Мәскеудің
медициналық институтына емтихансыз оқуға қабылданады.
Хиуаз бұл жерде де құрбыларының алды болып жүрді. Сабақты
жақсы оқумен қатар спорттық гимнастикамен де айналысып, әрі
қоғам жұмысының белсендісі болды. Алайда Хиуаздың І курсты
тамамдап, каникулға шығар күндерінің бірінде соғыс басталды.
Бойын патриоттық сезім билеген жас қыз ӛзге құрбылары секілді
үйіне қайтпай, Мәскеу қаласын қорғау жұмыстарына қалады.
Міне алғашқылардың бірі болып, Мәскеу қорғанысына қатысқан
қазақ қызы: «Райком комсомола направила нас на стройтельство
очередной линий метрополитена. Это была тяжелая работа, но
мы не жалея сил выполнили каждое задание» [2,12 б. ],- дейді.
1941 жылдың қыркүйегінде Мәскеудің оқу орындарында
жаңа оқу жылы басталады. Жан дүниесі белсенді іске асығып
тұратын Хиуаз бүкіл ел соғысқа аттанып жатқанда, медбике тым
құрыса санитар болып соғысқа кеткісі келеді. Сӛйтіп жүргенде
атақты Марина Раскованың әйел ұшқыштар авиа-полкін жасақтап
жатқанын естиді. Кӛктен іздегені жерден табылып қуанған ол
алдыңғылардың бірі болып, полкке қабылдайтын сынақ
комиссиясына барады. Комиссия мүшелері қара торы кішкене
қазақ қызына сенімсіздік білдірген соң Хиуаз: «Марина
Раскованың ӛзіне жолықтым да, әлемдегі алғашқы ұшқыш
әйелдер полкінің штурманы болып шыға келдім»,- десе,
Хиуазбен бірге полк құрамына қабылданған осы бір қуанышты
сәтті мәскеулік майдангер Раиса Аронова ӛзінің «Ночные
ведмы» кітабында: «Я разговорилась со своей соседкой Катей
Доспановой, казашкой. Она тоже была зачислена в штурманскую
группу – у нее за плечами аэроклуб. Веселая, жизнерадостная,
хохотушка, как назвали бы ее в другое время. Но сейчас
чувствовалось, что обстановка заставляла ее сдерживать свои
порывы. Она была студенткой второго курса Московского
медицинского института» [4, с.20],- деп жазады.
Осылайша Хиуаз Доспанова Саратов қаласының маңындағы
Энгельс әскери-әуе училищесіне М.Раскованың тәлімгері ретінде
штурмандар класына қабылданады. Марина Раскованың әскери
ұшқыш әйелдер полкі туралы жазған «Записки штурмана» атты
146
еңбегінде штурман қыздардың әскери мектеп ӛмірінің
қиындықтарын жеңудегі тӛзімділіктері мен шыдамдылықтарын:
«Так как почти из штурманов ранние не летал, то было у них еще
одно дополнительное занятие они тренировались в одевании
тяжелого зимнего летного обмундирования. На это уходило
много времени, особенно у таких маленьких девушек, как Тася
Зубкова, Хиуаз Доспанова, Полина Гемман никак не могли
уложиться положенное время» [5, с.22] деген жолдармен
келтіреді. Сӛйтіп, 1942 жылы кӛктемде 6 айлық штурмандар
класын аяқтаған Хиуаз Доспанова авиация тарихында тұңғыш
рет құрылған түн ішінде жау позицияларын бомбылайтын әйел
ұшқыштар авиаполкінің құрамында майданға аттанады.
М.Раскова ӛзге ұшқыш қыздарды дайындау үшін Саратовта
қалады да, полк командирі болып аға лейтенант Евдокия
Давыдовна Бершанская тағайындалады [5,38 с.]. Ұшқыш Хиуаз
соғыстың алғашқы күндері туралы: «Полк ӛзінің әскери жолын
1942 жылы Солтүстік Кавказды азат ету шайқасынан бастады.
Негізінен түнде ұшуға бейімделдік. Майданның барлау бӛлімінің
астыртын, шұғыл тапсырмаларымен түн жамылып келіп, жаудың
әскери күштері мен техникасы шоғырланған позициясына
тұтқиылдан бомба жаудырамыз да тайып тұрамыз. Неміс
радиосы арқылы біздерді «Диюлар» деп атады. Гитлер әрбір атып
түсірілген әйел ұшқыш үшін әрбір солдатқа темір крест беріп, аз
күнге үйіне демалысқа жіберуге уәде еткенін естідік. Аласапыран
күндер осылай басталды» [6,105-106 бб.], -дейді.
Солтүстік Кавказ шайқасы соғыс тәжірибелері аз ӛрімдей
жас қыздарға оңайға түскен жоқ. Хиуаз алғашқы жарақатты
Маздок аспанында алады. Бір ай госпитальда жатып, қайтып
оралған ол жолдастарының қатары кәдімгідей сиреп қалғанын
кӛріп, әсіресе эскадрильядағы ең жақын сырлас досы Дуся
Носольдың қазасы жанына қатты батты. Тапсырманы орындап
қайтып келе жатырған оны немістің тәжірибелі ұшқышы қуалап
жүріп, штурман кабинетінде атып ӛлтіреді. Дусяның тап қарсы
алдында тұратын күйеуінің фотосуреті Дусяның ӛзі құсап, қызыл
қанға боялыпты [7, 63 б.].
Сӛйтіп, госпитальдан ӛз эскадрильясына оралған Хиуаз енді
Юлия Пешковамен бірге серіктесіп ұшатын болды. Соғыстың
147
аты-соғыс. Юлиямен бірге ұшқан кезіндегі мына бір ұмытылмас
оқиға туралы әскери ұшқыш Х.Доспанова: «Кӛктемнің кӛгілдір
кешінде Юлия Пешкова екеуміз Славянская станциясында
орналасқан дұшпан бӛлімін бомбалауға бұйрық алдық. Станцияға
жақындаған соң биіктен барып, белгіленген квадратқа кіре
бастадық. Кенет сӛйлеу трубкасынан Юлияның жылап
отырғанын есіттім. Не болғанын білмей адырап қалдым. – Жылап
отырсың ғой, Юлия, не болды? – деп сұрадым.
– Мына станцияда менің әке шешем бар. Қазір біздің үйді
бомбалауға тура келіп тұр,- деп жауап берді ол кемсеңдеп.
Станция үстінде шыр айналып кӛп жүрдік, бірақ тапсырманың
аты- тапсырма, орындауға тиіспіз. Юлиядан оның үйі қай жерде
тұрғанын сұрап алдым да, әлім келгенше керек обьектіні ғана
атқылауға тырыстым. Жұмысымыздың нәтижесін білмек үшін
станцияны бірнеше рет айналып шықтық. Бірақ Юлияның үйі
аман қалды ма, жоқ па – оны біле алмадық.
Аэродромда тапсырманың орындалғаны туралы полк
командиріне рапорт бердім. Сосын Бершанскаяға сол станцияда
Юлия Пешкованың әке-шешесі тұратынын айттым, келесі жолы
басқа тапсырма алдық. Кейін Славянская станциясын азат
еткеннен кейін Юлияның үйіне барып қайттым. Бәрі де аман-
есен, үйлері де бұзылмаған екен. Әттең тек бұл кезде Юлияның
ӛзі жоқ еді» [7, 109 б.],- дейді.
Серіктесі Юлияның қазаға ұшырап, ал ӛзінің аяқ-қолы
бірдей сынып, бел омыртқасы зақымданған сол оқиға туралы
майдангер ұшқыш Хиуаз: «Бұрынғыша Юлия екеуміз ұшамыз.
Сол бір түні бұлт қалың болса да, тапсырманы табысты орындап,
базамызға қайтып келе жаттық. Ӛз есебіміз бойынша, майдан
шебінен ӛтіп, аэродромға жақындаған сықылдымыз. Айтқандай-
ақ, біраз кейін қонуға белгі берген прожектор жарығын кӛрдік.
Қонуға бет алып, тӛмендегенімізді жақсы білемін. Ар жағы
жадымда жоқ. Есім кірген сайын Юлияны сұраймын, «Ол
қасыңда жатыр» дегенді естимін. Мені тылдағы госпитальға
әкелді. Оқиға былай болған екен: Біздің самолет қонуға келе
жатып, ӛз полкіміздің бір экипажымен соқтығысып қалады.
Сондағы 4 адамнан жалғыз мен ғана (онда да ойда жоқтағы бір
жағдаймен) аман қалыппын. Менің бір әдетім - ұшқан кезімде
148
белбеулерімді орындыққа бекітіп қоймайтынмын. Сол жолы да
ағытып қойғам. Екі самолет соғысып, жерге құлаған мезеттегі
күш мені штурман кабинасынан лақтырып жіберіпті. Екі
аяғымның да сан сүйегі сыныпты. Юлия госпитальде қаза тапқан
екен. Госпитальдағы күндерім бір қалыппен кӛңілсіз ӛтіп жатты.
Апталар бойы тӛбеге тесіле қарап, шалқамнан жата беру
жалықтырады екен. Сан рет гипсті алмастырды, екі аяғымның да
сүйегін сындырып, түзу біту үшін қайтадан салды. Бұл
операциялар ӛте ауыр еді. Осы госпитальда санына снаряд
жарқыншағы тиген Рая Аронова мен науқастанған полк инженері
Татьяна Алексеевна бар екен. Рая екеуміз бір палатада жаттық.
Ұзамай Рая ептеп жүре бастады, аяғы жазылып келе жатқанына
қуанды» [2, 33 б. ],- деп баяндайды. Хиуаз Доспанова айтқандай,
госпитальда палатада бірге жатқан Кеңес Одағының Батыры Рая
Аронова жаралы Хиуаздың сол кездегі ауыр халін: «Юлия
Пешкова умерла на операционном столе. У Кати Доспановой
тоже не было признаков жизни, и ее положили в мертвецкую
рядом с подругой. Потом случайно заметили, что она не
покрывается мертвенной бледностью. Срочно приняли все меры
к спасению этой маленькой девушки, почти девочки, и – о чудо!
– ее ресницы дрогнули, она приоткрыла глаза. Несколько ночей
и дней врачи боролись за ее жизнь. У Кати начиналась как будто
гангрена, всталь вопрос об ампутации ног. Но главный хирург
госпиталя сказал: – Нет, не могу я лишить ног эту девочку! Они
так пригодятся ей, если она сумеет выжить! И Катя сумела. Она
буквально воскресла из мертвых» [4, с. 64],- деп сипаттайды.
Ӛмір мен ӛлім арасында жатқан Хиуазды сол кезде кӛзімен
кӛрген майдангер Наталья Кравцова да ӛзінің «От заката до
рассвета» атты кітабында анық былайша: «Гибкая и тоненькая
Хиваз, всегда такая легкая и стремительная, уже два месяца
лежала неподвижно, закованная в гипсовый панцирь от плеч до
кончиков пальцев на ногах.Только руки оставались свободными.
Ноги были переломаны в нескольких местах – выше и ниже
колен. Кости срастались неправильно, их ломали и снова
составляли... Грустно было смотреть на нее. Раньше она никогда
не могла усидеть на месте, как ветер носилась по аэродрому, по
общежитию, по станице. Всегда спешила что-то узнать, о чем-то
149
рассказать, кого-то разыскать. Появляясь внезапно то здесь, то
там с яркой лентой или цветком в волосах, она приносила с собой
шум, веселье, суматоху» [9,104 с.],-деп жазды. Осы ауыр
жарақаттан соң дәрігерлер Хиуазды ІІ дәрежелі мүгедектер
қатарына жатқызғанмен, алайда қайсар қыз елге кайтпай, ӛз
полкіне оралады. Әскери ұшқыш Хиуаздың айтуы бойынша, ол
әуеге 300 рет әскери тапсырмамен ұшып, 3 рет ауыр жараланған
[10]. Қазақтың «Қанатты қызы» Хиуаз соғыстың сұрапыл
күндеріндегі жауынгерлік ӛмірі туралы: «1944 жылдың аяғында
Совет топырағы жаудан түгел тазартылып бітті. Ақырғы шешуші
айқастар басталды. Бұл күндері әр түні он тӛрттен – он сегізден
әскери тапсырмалар орындайтын кездерім болды. Түнгі
шабуылдардан – 10 шақты рет жау пулеметтері мен
зениткаларының оқтарының арасынан – суырылып шығу, қарсы
бомба тастау бәрі де ет қызуымен әуеде жүргенде білінбейді, ал
ұйықтап тұрған соң аяқ-қолың ӛзіңе бағынбайды. Ағаштай семіп
қатып қалатын. Бірақ сонда да ұшуды тоқтатпадым» [8, 95 б.] ,-
деп еске алады.
Осыдан кейін майдангер достарының арасында «Маресьев»
атанған Хиуаз полктес құрбыларымен бірге Қырым, Белоруссия,
Варшава жерлерін азат етіп, соғысты Берлин түбінде аяқтады.
Майдандағы ерлігі үшін Қызыл Жұлдыз, «ІІ дәрежелі Отан
соғысы», Қызыл Ту ордендерін, «Кавказды азат еткені үшін»,
«Варшаваны азат еткені үшін», «Германияны алғаны үшін»
медальдарымен марапатталған оған гвардия аға лейтенанты
әскери атағы берілді [2, 268 б.].
Х.Доспанова Ұлы Жеңісті Германияның Ной-Бранденбург
қаласында қарсы алды. Кӛптен күткен жеңістің қуанышты
күндері туралы ардагер ана: «Аэродромымыз Германияның
жерінде, Ной-Бранденбург түбінде тұрғанда Ұлы қолбасшы,
Кеңес Одағының маршалы К. Рокоссовский келді. Ол Жоғары
Бас командование ставкасының тапсыруымен біздің полкті
тарату туралы бұйрықты оқыды. Жеңіс күнін қызу атап ӛттік.
Пулемет лентасында, самолет бортында, наганда бірде-бір оқ
қалған жоқ, Жеңіс құрметіне аспанға атып, салют бердік. Үйге
қайтар алдында Берлинге барып келуге келістік. Уақыт бар.
Сӛйтіп, 1945 жылы 2 маусым күні машинаға мініп Берлинді
150
аралап қайтуға аттандық. Біз Рейхстагты аралап, кеңес
солдаттарының сол кездегі дәстүрі бойынша, Рейхстаг
қабырғасына ӛз аты-жӛнімізді жазып кеттік» [8, 42-44 бб.],-
дейді.
Х. Доспанова майданнан оралған соң 1945-1946 жылдары
Батыс Қазақстан облыстық партия комитетінің нұсқаушысы
қызметін атқарды. «Соғыстан кейін қираған, экономикасы
әлсіреген елді қалпына келтірудің қиын кездерінде де аянбай
еңбек еттік. Аға ұрпақтың осы ерлік істері мен маңдай терлерінің
нәтижесін қазіргі жайнаған ӛмір кӛрсетіп отыр» [7, 152 б.],- дейді
майдангер ана. Осы тұста соғыс жылдарында облыстық
радионың дикторы болған, кейін ұзақ жылдар бойы М.Ӛтемісов
атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде дәріс
оқыған ұстаз Меруерт Жолдықайырқызы 1946 жылы соғыс
ардагері
Х.
Доспанованы
радиоға
шақырып,
кездесу
ұйымдастырғанын бүгінгі жас ұрпаққа мақтанышпен айтып
отырады.
1948 жылы Х.Доспанова Алматы қаласындағы Қазақстан
Орталық Комитетінің жанындағы жоғары партия мектебін
бітіреді. Қазақстан Комсомолының ІY сиезінде ол Қазақстан
ЛКЖО Орталық Комитетінің хатшылығына сайланды. Кейін
Қазақстан Жоғары Кеңесі Президумының хатшысы, Алматы
қалалық партия комитетінің ІІ хатшысы қызметтерін атқарды.
Міне, ӛмірінің осы бір кезеңі туралы ардагер: «Жоғары партия
мектебінде оқып білім жетілдірдім. Бірақ Д.А. Қонаев,
Шаяхметовтармен
қанша
бірге
жүрсем
де
саясаттағы
ақтаңдақтарды білмеппін. Мүмкін, «Жас айтып салады» деп
менен жасқанған болар. Москваға іссапармен жол жүргенде
жалғыз болмайтынмын. Мен комсомол комитеті атынан шықсам,
Жазушылар Одағынан не Сәбең (С. Мұқанов), не Мұқаң (М.
Әуезов) баратын болып, бір купеде кездесетінбіз. Билетті қалай
біліп, қатар алатындарын білмеймін сонда. Қалай да сол кездері
біз замандас зиялылар бірге жүретінбіз» [11],- деп жазды.
Алайда соғыс салған зардаптарының әсерінен ұшқыш
Хиуаз Доспанова 37 жасында зейнет демалысына шығуға мәжбүр
болды.
151
Хиуаз Қайырқызының жұбайы соғыс және еңбек ардагері
Шәку Әмірұлы 1945 жылы майданнан оралғаннан кейін
Қазақстан
Компартиясының
Орталық
Комитетінде,
республикалық партия мектебінде қызмет етті. Ұзақ жылдар
бойы Алматы қаласы Фрунзе аудандық ардагерлер кеңесінің
тӛрағасы болды. Ал ұлы Ерболат Шәкуұлы Новосибирск
университетінің математика факультетін тамамдаған. Қ.Сәтбаев
атындағы Ұлттық техникалық университетінде математика
кафедрасының оқытушысы [12].
Халқымыз «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» дейді. Ендеше
аты аңызға айналған Доспанова Хиуаз Қайырқызының ер жүрек
ұшқыш бейнесі мәңгілік ел есінде сақталады.
Әдебиеттер:
1 Еременко А.И. Сталинград. Москва. Воениздат. 1961.
2 Доспанова Х. Халқым үшін. – Алматы. 1963.
3
Доспанова
Х.
Под
командованием
Расковой
(Воспоминания военного летчика). – Алма-Ата: Казгослитиздат.
1960.
4 Аронова Р. Ночные ведьмы. Москва: Советская Россия.
1976.- 287 с.
5 Раскова М. Записки штурмана. – Москва. 1976.
6 Чечнева М. Боевые подруги мои. – Москва: ДОСААФ.
1968.-269 с.
7 Арулар отты жылдарда. Құрастырған Ф. Оңғарсынова. –
Алматы: Қазақстан. 1975.- 271 б.
8 Қаһарман қыз Хиуаз. Әскери ұшқыштың жазбалары,
мақалалар, естеліктер, сұхбаттар, ӛлең-жырлар. Құрастырған
Н.Домбай. – Алматы: Ана тілі. 2012.- 295 б.
9 Кравцова Н. От заката до рассвета. Повесть. Москва.
Воениздат. 1968. - 261 с.
10 Ӛтемісұлы С. Хиуаз апай // Қазақ батырлары. 2001. №12.
11 Сапарқызы Г. Қаһарман қыз – Хиуаз // Егемен Қазақстан.
1995, 13 мамыр.
12 Боранбаева Б. Қазақтың ұшқыш қызы –Хиуаз Доспанова.
Ұлы жеңістің 60 жылдығына арналған жинақ. Құрастырған
Сүйіншалиев Х. Орал. 2005.
152
ӘОЖ 94(574.42)
Достарыңызбен бөлісу: |