Арқылы педагогикалық шеберлікті дамыту



Дата23.06.2023
өлшемі18,86 Kb.
#103142
түріСабақ

«Актерлік шеберлік" арқылы педагогикалық шеберлікті дамыту

"Театр кез келген сабаққа көмекке келеді және де ол үшін жасандылықтың қажеті жоқ тек оның формалық қана емес, әдістемелік қабілетін түсіну қажет."


О.Лапина,театртанушы әрі оқытушы
Адам өмір бойы жас ерекшеліктеріне қарамастан оқушы да, оқытушы да бола алады. Біреуден үйренеді, біреуге үйретеді немесе үлгі болады. Мәселен, режиссерлер, жетекшілер, жаттықтырушылар, т.б. топ өкілдері өзінің озық тәжірибесін келесі адаммен бөлісу үшін үйретудің жаңа әдіс- тәсілдерін қолданады. Ал оқытудың әдіс- тәсілдерін кәсіби түрде жеткізетін ғылымды- «педагогика» дейміз. Педагогика жоғары шеберлікті, тіл табысқыштықты, интелектілікті, кәсіби дайындықты, кәсіби қабілеттілікті дәлелдеуге әзірлігімен ерекшеленеді.
«Актерлік шеберлік арқылы педагогикалық шеберлікті дамыту» тақырыбындағы шығармашылық жұмысымдыіздену барысында К.С. Станиславский жазған актер шығармашылығының ғылыми сахналық теориясымен байланыстыру арқылы педагогикалық мамандықты кәсіби тұрғыдан дамытуға болатындығын дәлелдей түсті. К.С. Станиславский «Менің өмірім, өнерім» атты кітабында «Әртіс өз бетімен, өз еркімен іштей және сырттай жұмыс жасауы тиіс және жеке рөлмен іштей және сырттай жұмыс, кездесетін тосын жағдайлар, кідіріс, әрекет, әрекетті бағалау, конфликт және оларды шешу, костюм, гримм, көркемдік безендірулер, бұлардың бәрі оқушылардың таным, үрдісін: қиялын, талғамын, есін, ойлауын, зейінін, қабілетін дамытып қана қоймай, өзін көпшіліктің ортасында еркін әрекет етуіне, ойын ортаға ашық сала білуге, адам бойында бала кезден қалыптасып қалған кейбір ұялшақтық, қорқақтық шешімге келе алмаушылық деген сияқты жағымсыз факторлардың болуына әсер етеді». Сахна жүйесі мен оқыту жүйесін байланыстыру әдісін көпетеген елдерде оқу орындарында кеңінен қолданып жүр. Мәселен, Чехославакияда Мейерхольдтың «Моторлы қозғалыс кардинациясы» ілімін әлі күнге дейін мектеп оқытушылары қолданып келеді.
Бұл ілімде оқытушы өз қимыл- әрекетін басқара алуы, үйлесімді жест, әдемі мимика, жағымды дауыс тембрі т.б. қарастырылады және оған арнайы жаттығулар жасалады.
Жүйе жасау үрдісінде К.С. Станиславский орыстың материалистік физиологиясын салушы И.М. Сеченевтің «Мидің рефлексі» атты еңбегін пайдаланады. Содан соң Павловтың шартты рефлекс туралы ашқан жаңалықтарын байланыстыра келе кейіпкержандылық өнерінің негізгі принципі; сана арқылы санадан тысқарылыққа, ерікті түрден еріксіздікке бару арқылы кейіпкер образын ашатын актерге саханада шабыт беретін, сахнаның сыр құпиясын ашып берді.
К.С. Станиславский жүйе жасау үрдісіндегі И.М Сеченевтің «Мидің рефлексі» туралы ілімін қолдануы, актердің сахнада ашылуына жол берсе, ал педагогикада оқытушы шеберлігін қалыптастыруға байланысты пайдалануға болатындығы ескеріледі. Мәселен: ұзақ тәжірибелі зерттемелердің көрсеткіштері бойынша жас жеткіншектердің 40 пайызы жасқаншақтықтан жапа шегеді екен. Жасқаншақтық және өзіне- өзі сенімсіздіктің емі, не нәрседен көп қорықса, сол мәселені шешушінің ролін өзіне орындату. Рөлді орындау барысында оқушы әлсіз, ұяң кейбір жерлерін ұмытып, өзінің шынайы қалпынан басқа адамның кейпіне келеді. Аяғында жұмысының нәтижесінен рахат табады, осындай бөгде кейіпкерлердің жан дүниесіне ене келе кемшілік жерлерін байқайды. Қоғаммен байланысты мінез- құлық, дағдыны қалыптастырады. Тапсырма қиындаған сайын ол өзінің күш жігерін, іскерлігін түгел пайдаланады. Тапсырманы қайтсем дұрыс орындаймын деген ой, оның басқа жағымсыз факторларының қабаттасуына мұрша бермейді. Бұл мен емес, менің кейіпкерім деген- міндет оның ойынша қол жеткізу мүмкін емес болып көрінетін әрекеттерді орындауына мұрсат береді. Осылайша түрлі кейіпкерлерді сомдаудың барысында өзіне тиесілі сенімділік пайда бола бастайды. «Сана арқылы санасыздыққа, ерік арқылы еріксіздікке, шарттыдан шартсыздыққа» ауысу үрдісі жүреді. Режиссура классиктері; К.С. Станиславский, В. Немирович-Данченко, В. Мейерхольд, А. Таиров, А. Папов пластика іліміне зор көңіл бөлген. Атақты режиссер, өнер қайраткері халық әртісі, профессор Маман Байсеркенұлы өзінің «Сахна және актер» атты кітабында «Ерттеулі аттай көз тартар ерекше бітім, адам тәнінің көркемдік қасиеттері жойылып барады. Әсемдіктің орнына әсемпаздық, сұлулықтың орнына сұмпайылық, көріктілік орнына кердеңдеушілік, адыраңдаған, едіреңдеген, ербеңдеген тұрпайы қимылдар мен қозғалыстар көбейіп кетті. Соның салдарынан сөз бен сымбаттың келісімділігі өзара үйлесім өрнегін таппайтын болды»- деп ренішпен жазады. Сол секілді оқытушылардың тек сөз әрекетімен ғана емес тұлға қимыл-әрекетімен де жаттығуы керек екенін естен шығармаса дейміз. Егер жазушы алдына белгілі бір мақсат қойса, ол оның сол тақырып жөнінде айтайын деген идеясы болып есептелінеді. Режиссерлерде де көкейкесті мақсат болады, сол іспеттес оқытушылардың да ашылатын жаңа тақырыбының негізгі түйіні мақсаты, идеясы бар. Оқушыларды шығармашылық ізденісі арқылы көру, есту зейіндерінің көлемін кеңейтіп дамыту барысында ойын, арифметикалық есептеу, тіл мәдениеті, дауыс тембрі, дұрыс қимыл, әдемі жест, қарапайым қимылдар, орындықта шусыз отырып тұру, аяқтың адымын дұрыс алу т.б. әрекеттерге арналған жаттығулар жасалынады.
Педагогика пәнінде тақырыптар өте бай. Мысалы; «қанатты сөздер» тапсырмасында оқушылар сабақ соңында оқып шыққан мәтіндерден, қай оқушы қай жерде оқу мәнерін бұзды, қай сөзде дыбыс екпінін дұрыс қоймады, деген кемшіліктерді талдаумен сабақты аяқтайды. Қай кезде рөлдік ойындар ойналады. Мысалы: сот, хатшы, айыпталушы, адвокат, куәгерлер т.б. Бұл рөлдік ойындар оқушылардың сөйлеу мәдениетін, пікір таластыру мәдениетін, сөйлеу мазмұндылығына құралады. Онымен қоса образдық талғам, сенімділік, жест, мимика үйлесімділігі де есепке алынады. Ойын сабақ соңында ойналып, талданады. Әрине оқушылар кәсіби әртіс боламғандықтан олар кейіпкерлерді шамалары келгенше, өз қиялының зердесі жеткенінше сомдайды. Дегенімен, өз тәжірибиемнен біліп түйгенім, олардың жастық жалындары, білуге, үйренуге құштарлығы, адами тазалығы жеке тұлға ретінде қалыптасуына үлкен нәтиже береді.
Білімгерлердің әр дайындықта (репетицияда) кейіпкерлеріне жаңа мінез (образ) жасау арқылы біреудің жан- дүниесіне кіруге үйренеді, өздерінше философиялық тұрғыдан талдау жасайды. Бізге белгілі кәсіби деңгейді көтерудің мынадай салалары бар:
- Кәсіби бағыт;
- Кәсіби білімділік;
- Педагогикалық техника;
- Педагогикалық қабілеттілік;
- Педагогикалық мәдениет;
Осы айтылған салалардың бәрін «актерлік шеберлік арқылы педагогикалық шеберлікті дамыту принціпіне сүйене отырып қалыптастыруға болатынына көз жеткіздік.
Ішкі органикалық – эмоционалды кедергілерді жеңудің ең қысқа жолы ол – театрландырылған ойындар арқылы берілген жол. Ойлау және сөйлеуді үйрену, сөздің құпияларын тану, әлемдегі заттар мен құбылыстарды сезіну, өзін –өзі тәрбиелеуде таптырмайтын құрал.
«Актерлық шеберлік»арқылы жеке тұлғаның эстетикалық талғамын адамгершілік рухани қабілетін әдеби шығармашылық қиялының дамуына және қалыптасуына жағдай жасау.
1. Білімгерлердің жеке шығармашылығын дамыту
2. Жалпы мәдениеттілігін дамыту.
3. Театр өнер саласындағы білім тәжірибиесін, дағдысын қалыптастыру.
4. Сахна заңдылықтарын, қозғалыс техникасын, сөйлеу шеберлігін (ырғақты интонация, логикалық сөйлеу т.б.) қалыптастыру.
Спектакльмен жүмыс, сахнада жасалынатын сахналық тренинг- жаттығулар мен этюдтардан бастап, қимыл қозғалыс дағдыларының шығармашылық үйлесімділігіне, әрбір мәтіннің өзіндік құпия кілтін табуға және оны өзгеше дауыспен (қайғылы , қуанышты, ашулы, құпиялы т.б.) бөліп айта білуге үйрету. Комплексті ырғақты,әуенді икемді ойындар мен жаттығулар тұлғаның қоршаған ортамен үйлесуіне еркін де мәнерлі қозғалуына әсерін тигізеді.
Актерліқ шеберлік арқылы педагогикалық шеберлікті дамыту бірнеше тарауларға бөлініп,жүйелі түрде мақсатқа жетуді көздейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет