Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Психология негіздері мен Коммуникативтік дағдылар кафедрасы Қарағанды 2016
1. Қарым-қатынас, құрылымы және функциялары Қарым-қатынас – бір адамның басқа адамдармен қоғам мүшесі ретінде өзара әрекеттесуінің арнайы формасы. Қарым-қатынас барысында адамдардың әлеуметтік байланысы, бір-біріне деген қарым-қатынасы жүзеге асады.
Қарым-қатынастың өзара байланысты 3 жағы бар:
1. Коммуникациялық - адамдардың өзара ақпарат алмасуы;
2. Интерактивті - адамдардың өзара әрекеттесуін ұйымдастыру;
3. Перцептивті - адамдардың бір-бірін қабылдауы және соның негізінде өзара түсінушіліктің орнауы.
Жалпы қарым-қатынас 3 аспектіден тұрады:
қарым-қатынас мазмұны,
қарым-қатынас мақсаты
қарым-қатынас құрамы.
Қарым-қатынас түрлері: 1. Маскалар байланысы;
2. Қарапайым қарым-қатынас;
3. Ресми-рөлдік қарым-қатынас;
4. Кәсіби қарым-қатынас;
5. Рухани қарым-қатынас;
6. Манипулятивті қарым-қатынас;
7. Ауқатты қауым қарым-қатынасы.
1. Маскалар байланысы - ресми қарым-қатынас, адам басқа адамның тұлғалық ерекшеліктерін есепке алмайды және оны түсінуге де ұмтылмайды, әр түрлі маскаларды қолданады, басқаша айтқанда, бұл – басқа адамға деген шынайы эмоция мен қарым-қатынасты білдіртпейтін бет-әлпет көріністері мен ым-ишара жиынтығы;
2. Қарапайым қарым-қатынас - басқа адамды қажетті не кедергі объект ретінде бағалау, мысалы, адам қажетті болса, байланысқа белсенді түрде түседі, ал адам кедергі болса, оны қабылдамайды, тіпті қатал, агрессивті түрде әрекеттеседі;
3. Ресми-рөлдік қарым-қатынаста қарым-қатынас мазмұны мен құралы көрініс табады, мұнда адамның тұлғасын емес, оның әлеуметтік рөлін білу жеткілікті;
4. Кәсіби қарым-қатынаста тұлғаның мінезі, жасы, жеке басының ерекшеліктері есепке алынады, бірақ іс-әрекет ерекшеліктері маңыздырақ болып табылады;
5. Рухани қарым-қатынас - достар арасындағы тұлғааралық қарым-қатынас, олар әр түрлі тақырыптарда әңгімелесе алады, бір-бірін сөзсіз бет-әлпеті, қимылы, дауыс ырғағы арқылы түсінеді. Мұндай қарым-қатынас адамдардың бір-бірін жақсы білуі арқылы орнайды;
6. Манипулятивті қарым-қатынас адамның тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі тәсілдерді қолдану арқылы, мысалы, қорқыту, өтірік айту, т.б. арқылы одан өзіне қажетті пайда алуға бағытталады;
7. Ауқатты қауым қарым-қатынасында адамдар өз ойын емес, тек сол жағдайда рұқсат етілген нәрсе туралы айтады. Бұл қарым-қатынастың кодексі: а) сыпайылық, әдептілік; ә) келісушілік; б) ашық мінезділік, мейірімділік.
Қарым-қатынас формалары: Тікелей қарым-қатынас - табиғи бетпе-бет, сөздік және бейсөздік (ым, қимыл) құралдар көмегімен жасалынатын толық психологиялық контакт, кері байланыс бір мезгілде өтеді. Бұл - адамдардың бір-бірімен қатынас жасау тарихындағы бірінші формасы.
Жанама қарым-қатынас —қатысушылардың кері байланыс уақытын ұзартатын, не кешіктіретін жазу және техника құралдары арқылы жасалынатын толықсыз психологиялык контакт. Хат жазу, кітап шығару, радиодан сөйлеу т.с. адами қарым-қатынасты күрделеңдіріп жіберді.
Тұлғааралық қарым-қатынас - екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактылары. Тұлғааралық қарым-қатынастың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі, бірігіп күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.
2. Қарым-қатынастың трансактілі анализі Трансакция – адамдардың әрқайсысының белгілі бір позицияны ұсынып, өзара әрекеттесу бірлігі.
Эрик Берн қарым-қатынастың трансактілі анализі негізгі 3 позицияны бөліп көрсетеді:
Бала;
Ата-ана;
Ересек адам.
Олар күніне бірнеше рет бірін-бірі ауыстырып
отырады. Адамның жүріс-тұрысында үш
позицияның біреуі басым болуы мүмкін.
3. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас Қарым-қатынас негізгі екі канал арқылы жүзеге асады: тілдік (вербалды) және тілдік емес (вербалды емес) қарым-қатынас каналдары. Сөйлеу тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ақпараттың қайнар көзі, басқа адамға әсер етудің тәсілі.
Тілдік қарым-қатынас құрылымына мыналар жатады:
1) сөздердің мәні мен мағынасы - сөздерді нақты, дұрыс айту, сөйлемдерді дұрыс құру;
2) тілдегі дыбыстық құбылыстар - сөйлеудің темпі, ритмі, интоннациясы, дикциясы, дауыстың жоғары-төмендігі, әуезділігі, тембрі;
3) дауыс шығару көріністері - қарым-қатынас барысында пайда болатын арнайы дыбыстар. Мысалы, күлу, жылау, сыбырлау, күрсіну, “хм-хм”, “эх”, “ах”, т.б. сөздердегі дыбыстар.
Көптеген зерттеулердің көрсетуі бойынша, күнделікті қарым-қатынастың 7 пайызын - сөздер, 40 пайызын - дыбыстар, 53 пайызын тілдік емес өзара әрекеттесулер құрайды.
Тілдік емес қарым-қатынасты зерттейтін ғылымдар:
1. Кинестика адамдардың эмоциялары мен сезімдерінің сыртқы көріністерін зерттейді:
а) Мимика бет-әлпеттің бұлшық ет қозғалыстарын зерттейді;
ә) Жестика дененің жеке бөліктерінің қозғалыстарын зерттейді;
б) Пантомимика дененің бүкіл моторикасын: жүріс-тұрыс, еңкею, қисаю, т.б. қалыптарын зерттейді;
2. Таксика қарым-қатынас барысындағы қол алмасып амандасу, беттен сүю, құшақтау, сипау, т.б. денеге тию әрекеттерін зерттейді;
3. Проксемика қарым-қатынас барысында адамдардың кеңістікте орналасуын зерттейді.