Конфликт мәселесін зерттеген ғалым Мортон Дойч: «Конфликтіні зерттейтін әлеуметтік психолог - құдды астроном сиякты. Себебі біздің ірі масштабтағы әлеуметтік құбылыстарға нақты тәжірибе жүргізуге мүмкiндiгiмiз жок. Тек астрономдардың ғаламшарларды Ньютонның алмасымен салыстырғаны сиякты, бiз де ауқымды және шағын масштабтағы құбылыстардың ұқсас тұжырымын гана жасай аламыз. Осындай жолмен зертханамызда жүргізген тәжірибелеріміз арқылы соғыс, бейбітшілік пен әлеуметтік әділдік туралы түсінігімізді қалыптастырамыз», – деген.
Біржақты түсінік конфликт тудырады десек, демек, конфликт туындаған кезде пайда болып, шешілген кезде жойылуы тиіс. Және дәл осылай болып жатқанына көзіміз жетіп тұр. Дұшпанның бейнесін жасайтын сол үдеріс дұшпаны одақтасына айналған кезде мүлде өзгеріп кетуі мүмкін. II Дүниежүзілік соғыс кезіндегі «қаскөй, қатыгез, қисық тісті жапондар» солтүстік-америкалықтардың санасы мен бұқаралық ақпарат құралдарында «зиялы, еңбексүйгіш, тәртіпті де өнертапқыш одақтасқа» айналған еді.
Екі бірдей дүниежүзілік соғыстан кейін жеккөрінішті болған немістерді кейін жақсы көріп, біраз уақыттан соң қайта жек көріп, сосын қайта жақсы көрген: соған қарағанда неміс ұлтының бұрын-соңды «қатыгездік» деп бағаланған сипаты ендігі жерде басқаша бағаланған болса керек. Ирактың Иранмен соғысы барысында химиялық қару қолданса да, өз азаматтары – күрдтерді қырғынға ұшыратса да, көп елдің қолдауына ие болған. Яғни біздің жауымыздың жауы – біздің досымыз. Ал Ирактың Иранмен арасындағы соғысты тоқтатып, мұнайға бай Кувейтке басып кіргендегі әрекеті «жауыздық» болып саналған. Біздің жау-ларымыздың бейнелері таңғаларлық жылдамдықпен өзгерді. Жауларымыздың бейнесі тез өзгеріп тұратынын байқап отырған боларсыз.
Конфликт кезіндегі бұрыс түсініктің көлемі – ақыл-есі дұрыс және шамадан тыс қатыгездікке бейім емес адамдардың өз қарсыласы туралы біржақты түсінік қалыптастырудағы қабілетін көрсетеді. Қандай да бір елмен, топпен, көршімізбен немесе ата-анамызбен конфликт кезінде өз мотивімізді — оң, қарсыласымыздың мотивін теріс бағалауға бейім тұрамыз. Қарсыласымыз да, тиісінше, дәл осылай жауап беріп жатады.
Осылайша әлеуметтік тұзаққа тап болған, шектелген ресурс үшін күрескен немесе әді-летсіздікті сезінген тарап бұрыс түсініктен құтылып, келіспеушіліктің негізін жоюға бағыт-талған жұмысты бастағанша, конфликт жалғаса береді.
Екі немесе одан да көп адамның, топтың, елдің өзара қарым-қатынасы барысында тараптардың қажеттіліктері мен мақсаттары арасында конфликт болуы мүмкін. Әлеуметтік дилеммалардың көбі адамдардың бас пайдасын ұжымдық пайдадан жоғары қой-ғанынан туады. Күдікті дилеммасы мен Ортақ игілік трагедиясы осындай дилеммалар қатарына жатады. Шынайы өмірде біз мұндай дилеммалардан өзім-шілдік іс-әрекетімізді реттейтін заңдар қабылдау арқылы; мүшелері бір-бірі үшін жауапкершілікті сезінетін шағын топтар жасактау арқылы; сенімсіздікті жоятын карым-катынас құру арқылы; ынтымақтас-тык үшін сыйақы көлемін өсіру арқылы; адамдардың альтруистік сезімін ояту арқылы құтыла аламыз. Адамдардың шектелген ресурстар үшін күрес ке-зіндегі қарым-қатынасы дау мен жанжалға ұла-сып жатады. Музафер Шериф әйгілі тәжірибесінде сайыс -бейтаныс адамдарды өзара жаулыққа әкеліп тіпті жасөспірім балалардың өзі өзара дұшпанға айналғанын көрсеткен.
Сондай-ақ адам әділетсіздік көрсе, конфликт туады. Әділдік теориясына сәйкес, адамдар әділдікті - әр-кімнің қосқан үлесіне сай сыйақы алуы деп түсінеді. Өзінің қосқан үлесінің көлемі туралы келіспеушілік болса, тиісінше, алған сыйақысының әділдігіне кү-мән келтірсе, конфликт туады.
Конфликтілерде үйлеспейтін мақсаттардың негізі аз, бірақ қарсыласының мотиві мен мақсатын бұрыс түсіну жағдайы көп. Конфликт тараптары кері қабылдауға жиі ұшырайды. Екі тарап та «біз бейбітсүйгішпіз олар кара ниетті» екеніне сенген жағдайда қарсы тараптың жауабы да осыған ұқсас болады. Халықаралық конфликтілер зұлым бас-шы - жаксы халык туралы біржақты түсінікпен ұштасып жатады.