Аристотельдің "Поэтикасы" күллі көркемөнер туралы тұңғыш философиялық-эстетикалық трактат. Сонымен қатар "Поэтика" өз кезіндегі әжептәуір жүйеге түскен бірден-бір әдебиет теориясы екені де даусыз
Аристотельдің “Поэтикасы” — күллі көркемөнер туралы тұңғыш философиялық-эстетикалық трактат.Сонымен қатар “Поэтика” өз кезіндегі әжептәуір жүйеге түскен бірден-бір әдебиет теориясы екені де даусыз. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Көркем шығарманың көп-көп жайларын, әсіресе характер, әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс, хабар, түйін, метафора, гипербола, фабула, аналогия т. б. жайларын талдап-тексеруі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ.Аристотель поэтиканы сол әдеби творчествоның, яки сөз өнерінің өзі деп түсінген. Демек, Аристотельдің “Поэтикасы” — өнер туралы ойлар.