Жобаның таза келтірілген табысын (NPV) есептеу барысында дисконттау ставкасы мына арнайы көрсеткіші ретінде қарастырылады: жобаның қажет етілмелі табыстылық нормасы (немесе табыстылық ставкасы) ретінде қарастырылады
Инвестициялардың пайдалылық көрсеткіші (PI) мынаны көрсетеді: инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында күрделі жұмсалымдардың бір теңгесіне шаққандағы алынған табыстың деңгейін көрсетеді
Пайдалылықтың ішкі нормасы (IRR) дегеніміз бұл мына жағдайдағы дисконттау ставкасының мәні болып табылады: жобаның таза келтірілген құнының (NPV) мәні нөлге тең болса
Инвестициялық жобаны жүзеге асыруға болады, егер: инвестиция пайдалылығының (PI) мәні бірден көп болса
Инвестициялық жобалардың тиімділігін есептеудегі статикалық әдістердің динамикалық әдістерден айырмашылағы неде? уақыт өткен сайынғы ақша құнының өзгеруі есепке алынбайды
Пайдалылықтың ішкі нормасы (IRR) көрсеткішінің экономикалық мәні мынада: жоба залалсыз болатын жағдайындағы пайданың нормасын (ставкасын) көрсетеді
Инвестициялық жобалардың пайдалылығы (PI) былай есептелінеді: жиынтық инвестицияларға шаққандағы дисконтталынған табыстардың жиынтық мөлшері