2.Қаржы секторы рөлі Қаржы секторында қаржылық бөлімдердің қызметтері нақтыланып, атау-ұғымдары ашылады. Қаржы секторлары қаржылық саясатта мемлекеттің қаржылық жиынтықтары ретінде іске асырылады. [2]
Қаржы секторы соңғы 5 жылдықта біршама деңгейге өсіп, осы бағыттағы профессионалдық деңгейі биіктеді. Яғни қаржы активтері 74,5 % - ға өсіп, 44,3 триллион теңгеге жетті. Қаржы секторына сәйкес аталмыш секторды дамыту барысында 2030 жылғы стратегияны жасақтады. Бұл мәлімеменің негізгі мақсаты – экономиканың өсуіне мән беру, қаржы секторының ауқымын үлкейту болып табылады. [2]
Қаржы секторының бір түрі – технологиялық секторы. Бұл секторда қаржылық технологияларға байланысты ақпарат көздері болады. Мәселен түрлі аппараттар, банкомат, жасанды интеллект және тағы да басқалары. [3]
Негізінен осы сектор жөнінде көп адамдардың ойынша соңғы жылдары дамып жатыр дейді. Бірақ бұл қате түсінік. Иә, соңғы 10 жылдықта жақсы дамып жатқаны рас, бірақ та оның алдын бар нәрселер еді. Қаржыдағы технологиялық сектор 1960 жылдары, алғаш банкоматтың шығарылуымен байланысты. [3]
Қазіргі соңғы жаңалықтарға сай технологиялық секторде технологиялар өте ерекшеленеді. Соның ішінде жасанды интеллект, роботтарды автоматтандыру, машиналық оқыту, блокчейн технологиялары және тағы да сол сияқты бірнеше технологиялар қамтылады. [3]
Осы 2023 жылы қаржыдағы технологиялар нарығы құны 309,98 миллиард АҚШ долларына жетеді деп болжанылып күтілуде. Бұл қаражат көзі 2018 жылдағы көрсеткіш құнынан 2 есе көп. [3]
Технологиялар секторының рөлі өте қарапайым. Дәстүрлі қаржылық қызмет көрсету барысында: инвестициялар мен түрлі депозиттерді сақтайды; ақшаны кепілдірілген және қамтамасыз етілмеген кредит ретінде қарызға береді; және бүкіләлемдік желілерді пайдана отырып қарапайым аударымдарды іске асырады. [3]
3.Қаржы институты рөлі Қаржы институты – қаржылық байланыстарды, қарым-қатынастарды жүзеге асыруды; және тағы бірнеше қаржылық сипаттағы құрылымдарды іске асыруды қамтамасыз етеді. Оның міндеттеріне: [4]
Шетелдік валюталарды айырбастау операцияларын ұйымдастыру; [4]
Қаржы ресурстарын үнемдеу; [4]
Тәуекел аударымдарды қадағалау болып табылады. [4]
Осы тұста қарастыратын жағдай, ол Ұлттық экономикадағы атқаратын мақсаттары. Макроэкономикалық мәселелер бойынша қаржы институты басты рөлді атқарады. Соның ішінде бюджет жүйесі мен салық жүйесінің арақатынасы маңызды. Яғни Ұлттық экономиканың негізгі кірістеріне осы салық, бюджет жүйелері жатқызылады. Халықтың және шаруашылық жүргізуші субьектілердің табысынан алынатын бөлік салық деп аталады. Ол тікелей мемлекеттік бюджетке түседі. Осы мемлекеттік кірістерді тиімді және уақытылы пайдалану қаржы институтының басты мақсаттарының бірі болып табылады. [4]