Қаржы пирамидалары және жастар Заманның дамыған уақытында технологиялар дамып қана қоймай, алаяқтар да заман ағымына ілесіп жүр. Өз кезектерінде олар да заманауи алаяқ болуды жөн санайтын секілді. Солардың бірі әрі бірегейі “қаржы пирамидасы” . Үйге ұрланып кіріп ұры атанғаннан көрі, адамдардың өзі келіп ақшаны ұстатуы әлдеқайда жеңіл іс. Ал сіз ауадан онлайн ақша жұтатын “қаржы пирамидасы” жайында естідіңіз бе?
Қаржы пирамидасы- ол алаяқтық схема. Нақтырақ айтар болсақ, ақша сенен барады, бірақ, одан қайтымы жоқ. Қаржы пирамидасына алданып жатқан сан мың адамды сауатсыз дейді көбісі. Бірақ, оның ішінде құмарлық пен жеңіл ақша жасау ойы тағы бар. Немесе бұны қаржының әлеуметтік жетіспеуі деп қарастыруға болады. Әсіресе, жастар қауымы бұл ретте соның бір тізгінін ұстап тұр. Алаяқтардың схемасы бойынша бұл жерде жас мөлшері аса маңызды рөл атқармайды. Сенен ақша және жеке куәлігің болса жетерлік(егер жасың жетпесе ата-анаңдыкі де жарай береді). Қаржы пирамидасының негізгі 4 түрі бар: 1)мессенджерлердегі чаттар, яғни WhatsApp, Telegram арқылы таратып, қызметтерін ұсынатындар; 2)желілік маркетинг. Оның ішінде түрлі білім курстары бар, тіпті зергерлік бұйымдарды да сатады. Осындай жолмен қаржылық пирамидасын ашады; 3)инвестициялық жобалар; 4)тұтыну кооперативтері. Ең бірінші нұсқа кең тараған алаяқтықтың бірі. Ақша салушының жасы 10-16 аралығында болса, тіпті, жақсы. Алдау да оңай, жұбату да оңай. Жұмысты бастау үшін белгілі көлемде ақша салу керектігін түсіндіріп, сол ақшаны тәулігіне 5-6 есе көп табуға сендіреді. Тіптен, кепілдік береді. Өз кезегінде ақшаны жіберіп, топқа қосылады. Бірақ, берген ақшасын апта ішінде де қайтара алмайды. Егер адам сонда да ауадан онлайн түрде ақша тапқысы келсе, келесі жарнамада тағы да басын сұғады. Сонымен қатар, жастар арасында онлайн ақша тігу кең өріс алған. Тик ток желісінде қазіргі кезге дейін құмар ойын түріндегі қаржы пирамидалары жетерлік. Телефонға табынған заманда алаяқтар да қулықтарын пайдаға асырып жүр. Картаға ақша тігіп 1-2 рет ұтады. Келесісінде көлемді ақша салады, бірақ ұтылады.сәйкесінше, пайдаға кеңелетін олар. Бұл құмарлықтан туған сауатсыздық.
Жалпы, 2021 жылы 31 мыңға жуық адам 54 млрд теңгені қаржы пирамидасына салған. Ал қазір ол сомма 200 млрд теңгені құрайды. Жалғыз жастар емес, қомақты көлемде ақша салған үлкендер (әдетте, пәтер, көлік немесе несиені жабуға).
1993 жылдан бері арам ақшаға құмартушылар саны күрт өскен. Қаржылық сауаттылықты арттыру жетіспейді ,бәлкім. Ешқандай заңды орталық сізге бірінші келіп жекеңізге жарнама жасамайтынын ескергеніңіз жөн. Осы ретте, күнделікті жарнамадан ақша тауып отырған блогерлердің “қаржы пирамидаларына” қосып жатқан үлесі қаншама. Өз кезегінде, өз күнкөрісі үшін халыққа тиіп жатқан зиянын ескергендері жөн. Және міндетті түрде Заңды тұрғыда тексерілуі қажет. Сондықтан, заманауи алаяқтардан барынша сақ болайық! Қабдұлкәкім Ақерке Сансызбайқызы Қж-11 1 курс