2- бөлім. Ішкі мемлекеттік аудитті ұйымдастыру
1-тарау. Ішкі мемлекеттік аудитті жоспарлау
1-параграф. Аудитті жоспарлау
10. Мемлекеттік аудит жетекшісі жоспар әзірлейді, онда негізгі ұйымдастырушылық мәселелер, мемлекеттік аудитті жүргізу үшін негіздер, мемлекеттік аудиттің мақсаттары мен мерзімдері, мемлекеттік аудит объектілері, қажетті кадрлық және қаржылық (бекітілген бюджет бойынша) және өзге де ресурстар.
11. Жоспарлау - жоспар, аудиторлық рәсімдердің бағдарламасын және көлемін әзірлеумен және жасаумен қорытылатын қаржылық есептілік аудитінің бастапқы кезеңі.
12. Аудит жоспары мемлекеттік аудит тобының мүшелері орындайтын мемлекеттік аудиттің мақсатын, мерзімдері мен нысанасын қамтиды.
Қаржылық есептілік аудитін жоспарлау жөніндегі жұмыстардың сипаты мен ауқымы аудит объектісініңұйымдық құрылымының мөлшері мен күрделілігіне, белгілі бір аудиторлық тапсырмада айқындалған мақсаттарына, мемлекеттік аудитордың аудиттелетін объект қызметінің ерекшеліктерін түсіну байланысты.
13. Жоспарлау кезінде елеулі бұрмалау тәуекелдерін айқындау және бағалауға дейін:
1) аудит объектісінің бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйелерін зерделеу;
2) тәуекелдерді бағалау шеңберінде талдамалық рәсімдерді орындау;
3) маңыздылық деңгейін айқындау.
14. Жоспарлау процесінде үздіксіз ақпарат жинау және өңдеу процесінің жолымен мемлекеттік аудитор аудит объектісі қызметі туралы алынған мәліметтерді ескереді. Бұл ретте алдыңғы сатыларда алынатын ақпарат бұдан алдыңғы сатыларда алынған деректерді толықтырады.
Аудит бағдарламасы Ішкі мемлекеттік аудит қағидаларының 40, 41, 44, 45, 46, және 47-тармақтарында белгіленген тәртіппен жасалады.
2- параграф. Аудит объектісінің қызметін зерделеу
15. Мемлекеттік аудитор қаржылық есептіліктің дұрыстығына, аудит жүргізу барысына немесе аудиторлық қорытынды үшін негіз болып табылатын тұжырымдарға әсер етуі мүмкін оқиғаларды, операцияларды, пайдаланылатын есепке алу әдістерін сәйкестендіру және дұрыс бағалау үшін аудит объектісінің қызметін жеткілікті дәрежедезерделейді.
16. Мемлекеттік аудитор аудиттелетін объектінің қаржылық операциялары мен қаржылық есептілігіне әсер ететін факторларды бағалайды:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін;
2) аудит объектісінің құрылымын, құрылымдық бөлімшелер арасында міндеттерді бөлуді;
3) бухгалтерлік есеп жүйесін;
4) ішкі бақылау жүйесін;
5) қорытындылары қаржылық есептілікке әсер етуі мүмкін не әсер еткен құқықтық даулар мен сот талқылауларының болуын;
6) тәуекелдерді бағалауды (қызметті анықтау, бағалау және басқаруды ұйымдастыру);
7) алдыңғы қаржылық есептілік аудиттерінің нәтижелерін (алдыңғы аудиттердің нәтижелерін зерделеу, аудиторлық файлдармен танысу, ұсынымдардың орындалуын бақылау жәнеалдыңғы аудиттер барысында анықталған бұзушылықтарды жою).
17. Мемлекеттік аудитор дәлелдемелер көздерін мынадай әдістермен бағалайды:
құжаттарды зерделеу;
интервью жүргізу мен аудит объектісінің жауапты тұлғаларынан ақпарат алу;
бұқаралық ақпарат құралдарынан және басқа да ақпарат көздерінен алынған ақпаратты бағалау;
талдау алды зерттеулерді орындау (қаржылық кестелердің деректерін салыстыру; қаржылық және қаржылық емес деректердің арасындағы байланысты бағалау; ағымдағы кезеңнің деректерін алдыңғы кезеңдердегі деректермен салыстыру; бюджеттік және қаржылық есептілікті бағалау).
18. Аудит бъектісінің қызметін алдын ала зерделеуді Ішкі мемлекеттік аудит қағидаларының 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38 және 39 - тармақтарында елгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Объектіні алдын ала зерделеу нәтижелері аудиторлық файлда құжатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |