Қосымша есептер: Қозғалыс, Жұмысқа қатысты Ұзындығы 1350 м шеңбер бойымен бір бағытта екі велосипедші қозғалады. Бірінші екіншісін әр 27 мин қуып жетеді. Қарама-қарсы бағытта қозғалып олар әрбір 3 минутта кездеседі. Велосипедшілердің жылдамдықтарын анықтаңдар.
Екі қаланың арасы 330км. Екі қаладан бір мезгілде қарама–қарсы екі машина шығып, 3 сағаттан кейін кездесті. Егер кездескен сәтте бір машина екінші машинадан 30км артық тжүріп өткен болса, машиналардың жылдамдықтары қандай?
Бір бағытта қозғалған екі машинаның аралығы 400м. Алдыңғы машинаның жылдамдығы 15м/с, ал артындағы машинаның жылдамдығы 20м/с. Соңғы машина алдыңғыны қашан қуып жетеді?
Екі велосипедші ұзындығы 400м тұйық жолмен жаттығып жүр. Біріншінің жылдамдығы 15м/с, екіншісінің жылдамдығы 13м/с . Олар бір бағытта бір мезгілде жүріп кетсе, қанша уақыттан кейін тағы қатарласады?
Бір бағытта қозғалған екі машинаның аралығы 300м. Артқы машина 20м/с жылдамдықпен жүріп отырып, 4км жүргеннен кейін алдыңғыны қуып жетті. Алдыңғы машинаның жылдамдығы қандай?
Ақмоладан Қарағандыға шыққан машина бір сағатта жолдың 6/19 бөлігін жүрді.Машина екі қала аралығын неше сағатта жүріп өтеді?
Екі қала аралығын жеңіл машина 2 сағатта , ал жүк машинасы 3 сағатта жүріп өтеді. Екеуі бір мезгілде бір-біріне қарсы шықса,неше сағаттан кейін кездеседі және әр қайсысы жолдың қандай бөлігін жүріп өтеді?
А мен В пунктерінің аралығы 42м. Осы екі пункттен бір мезгілде қарама – қарсы шыққан екі бала АВ аралығын тұрақты жылдамдықпен ерсілі-қарсылы жүреді де тұрады. Бірінші баланың жылдамдығы 1,2 м/с, екінші баланың жылдамдығы 1,8 м/с болса, олар бірінше,екінші, үшінші рет қандай уақыт аралығында кездесіп тұрады?
Бір бригада жұмысты 30 күнде орындайды. Екінші бригада сол жұмысты 20 күнде бітіреді. Екі бригада бірігіп істесе жұмысты неше күнде бітіреді?
Бір адам жұмысты 20 күнде орындап бітіреді. Ал бригадамен қосылып істесе оған 4-ақ күн қажет. Бригада жұмысты неше күнде бітіреді?
Жолды А бригадасы жеке істесе 20 күнде , В бригадасы жеке істесе 30 күнде бітіреді. А, В бригадалары бірлесіп істеп, арасында А бригадасы 2,5 күн демалып , В бригадасы х күн демалды. Осылайша барлыға 14 күнде жолды жөндеп бітірді. В бригадасы неше күн демалды ?
Тепе-теңдікте тұрған таразының бір табағында бірдей 7 қарбыз және әрқайсысы 4кг-нан екі гір тасы ,ал екінші табағында осындай 4 қарбыз және 5кг-нан төрт гір тасы жатыр.Қарбыздың салмағын табыңыз.
1 дәптер және 2 қалам үшін 135 теңге,ал 2 дәптер және 1 қалам үшін 240 теңге төленді .Осындай 3дәптер үшін неше тг тұрады?