Арман Тосканбаев Нурдана Кульбаева идеядан бизнеске дейін



Pdf көрінісі
бет15/73
Дата20.08.2023
өлшемі3,41 Mb.
#105410
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73
Байланысты:
ИДЕЯДАН БИЗНЕСКЕ ДЕЙІН Тосканбаев

тәжірбием
 
Осы бӛлімді жазу кезінде менің тӛрт бизнесім 
жҧмыс ҥстінде, бірақ олардың саны осы кітапты жазып 
бітірерде ӛсетінін жасырмаймын. Сіздерге айтайын деп 
отырған бірінші бизнесім – «Жаңа жасыл технология», 
басқаша айтсақ, жайылымдағы шӛп ӛсіруге арналған тік 
жылыжайлар.
Бар-жоғы бір шаршы метр жерге екі сиырға
арналған дәннен қҧнарлы шӛп ӛсіруге болады. Осындай 
қҧрылғылар кӛбейген сайын, соған сәйкес тойған мал 
саны да артпақ. Бҧл жоба мектеп жылдарында-ақ менің 
ойымды жаулады. Студент кезімде осы ойымды айтып, 
ауыл шаруашылығы министріне хат жаздым, міне, ғажап, 
маған жауап берді! Олардың пікір білдіруі жалтарма 
жауап еді, дегенмен шенеуніктер тарапынан жасандылық 
болса да, қызығушылық таныту маған серпіліс болды, 
мен бҧрынғыдан да ерекше ынтамен «жасыл бағытты» 
зерттей бастадым. Осы ойымды тек екі жылдан соң жҥзеге 
асырдым. Мен Дамудан Грант ҧтып алдым, бизнестің 
Жол картасы бойынша бізге 3 миллион теңге бӛлінді. 
Әкем екеуміз керек заттардың бәрін алып, тәжірибеге 
кірістік. Оның қолдауынсыз бірдеме тындыра алар ма 
едім?.. Тәжірибелік жҧмыстарды әкем іске асырды да, 
мен теориясын жасаумен, зерттеумен шҧғылдандым. 
Қазір біздің тік қҧрылғыларымыз 100% тҥгелдей дерлік 
қазақстандық, тіпті дәндерге арналған астауларды да


27
 
Идеядан бизнеске дейін. Біреудің колынан келсе, сеніңде колыңнан келеді!
ӛзіміз қҧямыз. Қҧрылғылардың технологиясы қиын емес: 
астауларға дәндер тӛгіледі, жарықтандыру мен суару 
кезеңдері толық автоматтандырылған.
Дәндерді 
ӛсіру 
барысында 
алдын 
ала 
дезинфекцияланады және арнайы кептіріледі. Бір кило кез 
келген дәннен 6-7 кг жем алынады. Тәжірибелік жолмен 
біз 100% ӛсіп-жетілген ӛнім алдық. Біздің қҧрылғылардағы 
дәндер кӛгермейді, бҧзылмайды, бір кҥннен кейін-ақ 
астауларда әсіресе қыс пен кӛктем айларында малдың 
кӛтерілуі ҥшін аса маңызды жасыл балауса шӛптер 
жайқала бастайды.Бір кҥннің ішінде бір қҧрылғыда дәннен
20 килограмм жас және пайдалы жайылымдағы шӛп
ӛсіп шығады. Бҥгінгі кҥні біздің қҧрылғыларымызды 50- 
ден астам шаруашылық сатып алды. Біз ҥнемі жаңашыл 
инновацияны дамытып отырамыз. Жақында Израильден 
суару мен ӛсіру ҥрдісін ҧялы телефон арқылы бақылайтын 
арнайы 
модульдер 
келді. 
Біздің 
клиенттерімізді 
қуантатын тағы бір жаңашылдығымыз – біз осындай 
қҧрылғыны жасау мен қҧрастырудың барлық қҧпиясын 
ашамыз. Біз тік қондырғыларды кімге болса да 
қҧрастыруды ҥйрететін арнайы роликтер шығардық!
Барлық қҧрылғыны тҧтастай сатып алу қажеттілік 
туғызбайды, сіздер тек астаулар мен пайдалану туралы 
нҧсқаулықты алып, ӛз қолдарыңызбен ӛсірулеріңізге 
болады.
Біз тек бізде ғана бар комплектіленген және шығын 
есебінен ғана табыс тауып отырмыз. Біз ынтымақтастық 
ҥшін ашылдық, барлық жасаған іс-тәжірибемізбен 
бӛлісуге дайынбыз, сіздерге тік қондырғыны жасап 
шығаруды ҥйретеміз. Біздің мақсатымыз – осы ноу-
хауды таныту, ӛйткені одан тҥсер пайда, шынымен, ӛте 
кӛп. Шаруа қожалығының иелері қысқы азықты ойлап




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет