Кайрат Кудайберген,
Q3 Worldwide холдингісінің негізін салушы.
Арман екеуміз бір-бірімізді
бес жылдай танимыз. Мен оны
Қарағандыда тҧрған кезінен
және
жастар
Ассоциациясын
басқарғаннан білемін. Мҧндай
жігіттерді ӛзі айтқандай
«тынымсыз» деуге болады.
Бҧл шынымен солай. Ҥнемі
қозғалыста, идея шашушы. Ҧсақ-тҥйек шаруаларды
елемейді, ӛзі ойлап тапқан тың идеялар бойынша неше
тҥрлі жобалар қҧрып, қорғап, соның басы-қасында жҥргені.
Осы кітапқа келсек, адамды ынталандырады. Мен бҧл
кітапты жастардың міндетті тҥрде оқығанын қалаймын,
шынымды айтсам, әжептәуір тәжірибесі бар адамдар
оқыса да артық болмас еді, ӛте пайдалы.
Нуржан Альтаев,
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау вице-министрі
6
Бҧл кітап не ҥшін?
Бҧл кітап не ҥшін?
Кӛктемнің алғашқы шуақты кҥндерінің бірі еді,
кҥн қанша жарқырағанмен, қыздыра қоймайтын. Анам
екеуміз әбден шаршап, аздаған табысымыз – бірнеше
тор толы бос бӛтелкелерді арқалап, қаланың шетінен
келе жаттық. Аштық жайлаған 90 жылдары осылай кҥн
кӛрдік. Жол жҥретін ақшамыз жоқ, сондықтан «қоян» боп
жетпекші болдық. Автобусқа тексеруші кіріп келгендегі
анамның тҥрі бҧзылып кеткені әлі есімде. Бейне бір баяу
кӛрсететін кинодағыдай, ол бізге жақындап келе жатты.
Ескі «Икарус» шиқылдап барып тоқтағаны сол еді, анам
менің қолымнан шап беріп ҧстап, сыртқа ҧмтылды. Біз
ҧзақ жҥгірдік, бірнеше аялдамадан ӛттік. Осы сурет – тҥсі
суық тексерушіден жанын сала қашып жҥгірген мен және
анам – жиі есіме тҥседі.
Мен жҥгіріп келемін... әлі жҥгіремін және тоқтауға
қорқамын, сол бір жағдайды – кедейшілік пен жоқшылықты
қайта кӛргім келмейді. Менің осылай жҥгіргеніме де
10 жыл болыпты, бірақ жылдамдығымды баяулатқан
емеспін, себебі «тӛменде» болудың қандай екенін білемін
және онда қайтып бару ойымда жоқ. Бҧл кітапта менің 10
жыл бойы кәсіпкерлікте жинаған тәжірибем баяндалады.
Жыртық кроссовкамен жҥрген кішкентай ҧлдың белді бір
кәсіпкерге айналғаны туралы. 26 жасқа қараған шағымда
мен біраз нәтижеге қол жеткіздім деп айта аламын. Менің
едәуір пайда әкеліп отырған бірнеше кәсібім бар: тік
жылыжай ӛндіру компаниясы, ауыл шаруашылық кәсібі,
брендтік «OTAN» отандық сағат және ІТ компаниясы.
Мен әлеуметтік желіде ӛзімді белсенді кӛрсетемін және
әр жерден жеке парақшама жазатын адамдар менің неден
бастағанымды, инвесторлардың қаржыландыруынсыз,
|