22
Ашылу кезі
Бақыт та сағат секілді, механизмі
қарапайым болса, аз сынады.
Шамфор
Ашылу кезі
Кейінгі кезде мынадай сӛздерді жиі еститін болдым:
«Комфорт аймағы», «Бизнеске махаббатпен» , «Осы жерде
және қазір болу». Шынымды айтайын, барлық осындай
сӛздер маған жат. Мен комфортта болу дегеннің не екенін
білмеймін. Кәсіпкерлікпен айналысқан он жыл ішінде
мен комфорт дегенді сезінген емеспін. Миллиондаған ой
басыңды қатырып жібереді, сондықтан ҥнемі сҥзгіштен
ӛткізіп тҧруға тура келеді, ӛміршең ойларды қалдырып,
қиын ойларды реттеп, оларды іске асыру керек. Одан
кейін қайтадан жаңа идеялар пайда болып, қайтадан
оларды ӛмірде қолданысқа енгізу керек. Бҧл мен ҥшін
осылай жалғасып кете беретін ҥрдіс. Мен қанағаттанып
қоя салмаймын, сондықтан «осы жерде және қазір»
деген жағдайдан мен рахат сезімге бӛленуім екіталай.
«Осы жерде және қазір болу» жағдайы бҥгінгі
жағдайыңнан ғана ләззат табу, ал менің ойым бейне бір
арғымақтай уақыт кеңістігінде ҥнемі орғып шауып келеді.
Тіпті жҧбайыммен саябақта қыдырып келе жатып, мен
асықпай демалып жҥру дегенді білмеймін, серуендеп
рахаттанбаймын, гҥлдердің хош иісін сезбеймін,
жҧлдыздарға қарап тамсанбаймын. Менің басымда бір
ғана ой: тезірек «Б» пунктіне жетсем екен, сонда № 10
пунктті аяқтап бітірер едім, әрі қарай
№11 пунктке кірісем, міне, осылай кете береді...
Иә, мен іштей ӛртеніп кете жаздайтындай халде
екенімді тҥсінемін. Бірақ барды қанағат етіп қарап отыру
қолымнан келмейді. «Сҥйікті ісіңмен айналысу керек»,
23
Идеядан бизнеске дейін. Біреудің колынан келсе, сеніңде колыңнан келеді!
«Бизнесті махаббатпен қҧру керек» деген сӛздерді жиі
естимін. Ашық айтайын, мен ӛзімнің нәзік сезіміме ҥңіліп
жатпаймын. Кәдімгідей мақсат қоямын да, соған қарай
жҥремін: кейде тіке жҥрем, кейде айналып ӛтемін, кейде
жҥріп келе жатқан жолыңды ӛзгертуге тура келеді, бірақ
мақсатым - менің шамшырағым, соңында бәрібір мен ӛз
мақсатыма жақындаймын.
Бизнеспен айналысқан 10 жылдың бәрінде мен ҥнемі
тренажер залында жҥргендей, жаңа салмақ қосқандай
сезінемін. Салмақ қосқан сайын кҥшім де, тәжірибем де
кӛбейе тҥседі. Мен зорыққым келмейді. Ӛз қабілетімді
обьективті тҥрде бағалай аламын. 100 кило кірді бірден
кӛтеру мҥмкін емес, сондықтан осы 10 жыл ішінде мен
ӛзімнің бизнес-кҥшімді дамытумен айналысудамын. Белгілі
бір ӛлшемге бағынған ырғаққа ауысу маған қиындау,
одан да осылай қалу жеңіл. Кейінгі жылдары мотивация
беретін тренингтер, шеберлік сабақтары сәнге айналды.
Бҧл кітап та мотивация береді деуге болады, бірақ сіздер
жақтыра бермейтін бір нәрсені айтқым келеді: егер сізге
ӛзгерістің қажет екенін ӛзіңіз тҥсінбесеңіз, ешқандай
|