Арман Тосканбаев Нурдана Кульбаева идеядан бизнеске дейін



Pdf көрінісі
бет5/73
Дата23.07.2022
өлшемі3,41 Mb.
#37867
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
kz

9
 
Идеядан бизнеске дейін. Біреудің колынан келсе, сеніңде колыңнан келеді!
Кітапта мен шынымен жеке басымнан ӛткен ӛз 
тәжірибеммен бӛлісемін. Кітап біздің ӛміріміз туралы, 
қазақстандық кәсіп туралы, тіпті ҥйден шықпай-ақ біздің 
әрқайсымыз қолдана алатын қҧралдар туралы. Бҧл 
батыстан келген керемет емес, бізге қолдануға мҥмкін 
бола бермейтін олардың жазып шығарғандары емес. Бҧл
– бір кездері автобус тексерушісінен қашып жҥгірген және 
әлі жҥгіріп келе жатқан, бірақ қазір біреуден емес, ӛз 
арманына қарай ҧмтылған қарапайым жігіттің тәжірибесі. 
Ол қандай? Ол туралы сіздер қазір қолыңыздағы кітаптан 
біле аласыздар.


10
 
Балалық шақ. Ата-анам. Аштық
Балалықтың балалық шақта есеюіне 
жол бер.
Руссо Ж.Ж.
 
Балалық шақ. Ата-анам. 
Аштық
 
Кітаптың басталуында оптимизм жоқ, келісесіз бе? 
Бірақ қазақта «Басы ащы болса, аяғы тәтті болады» 
деген керемет мақал бар. Кӛбінесе адамдардың балалық 
шағы ашық бояуға, жаныңа жайлы сезімге толы жағымды 
естеліктермен байланысты. Менің балалық шағым 
басқаша ӛтті. Ол 90 жылдарға сәйкес келді. Жаппай 
қҧрып, ақша жоқ, қорқыныш билеген кез еді. Ата-анамды 
ӛте сирек кӛретінмін, олар ақша табу ҥшін Астанада
болды да, мен әжеммен Қарағандыда тҧрдым. 1-ден 4-
сыныпқа дейін мен ата-аналары туберкулезбен ауырған 
балалар жататын санаторийде болдым. Анам мен әкем 
бҧл ауруды қҧрылыстағы ауыр жҧмыста жҥріп жҧқтырды. 
Айтқан әңгімелері есімде: олар жатқан палатадағы 10 
адамның екеуі ғана тірі қалатын. Кҥнде ӛлген 
аурулардың денесін шығарып, аурухананың артындағы 
шҧңқырға тастаған, кейін бҧлардың бәрін ешкім 
іздемегендіктен, бауырластар зиратына әкеп тастап, 
ҥстін бульдозермен тегістеген. Кедейшілік жаппай 
жайлады. Әжемнің ҥйінде тек қара ҧн ғана болатын,әжем 
содан бірдеме ғып нан пісіретін. Одан басқа ҥстелде 
ешетеме болмайтын.
Мектепте оқыған жылдарда мен ата-анама қатты 
ренжитінмін, олардың жағдайы жоқтығына, ақша таба 
алмайтынына кҥйінетінмін. Менің кейбір сыныптастарым 
ҧялы телефонмен жҥретін, ал менде дҧрыс шалбар да 
болмайтын... Бір киімді біз бірнеше жыл киетінбіз, ал




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет