6.3 Өзіндік құн
Энергожүйенің тораптары арқылы жіберілген электр энергиясының толық өзіндік құны энергияның берілісі мен таратылуына кететін шығынмен, сондай-ақ тұтынушыларға жіберілген энергияның мөлшерімен анықталады.
АҚ «Khasan invest» тораптары арқылы берілетін электр энергиясының өзіндік құны (Атырау қаласының тарифінің құрылымы бойынша):
6.5 кесте – Атырау қаласының тарифінің құрылымы
№
|
Шығындар тізімі
|
Құрылымы,
|
|
%
|
|
|
|
|
I
|
Тауар өндіру мен қызмет көрсетуге кететін шығын, барлығы
|
88,36
|
|
1
|
Материалдық шығындар, барлығы
|
4,13
|
|
1.1
|
Отын, материалдар
|
2,02
|
|
1.2
|
Жанар-жағармай материалдары
|
1,59
|
|
1.3
|
Тұрмыстық қажеттіліктерге кететін электр энергиясы
|
0,53
|
|
2
|
Еңбек ақысын төлеуге кететін шығындар
|
22,64
|
|
|
3
|
Амортизация
|
18,86
|
|
4
|
Жөндеу
|
6,24
|
|
5
|
Өзге өндірістік ұйымдардың қызмет көрсетуі
|
0,52
|
|
6
|
Тағы басқа шығындар
|
3,62
|
|
7
|
Шығындардың құны
|
32,35
|
|
II
|
Период шығындары, барлығы
|
8,41
|
|
8
|
Жалпы административтік шығындар
|
8,41
|
|
III
|
Барлық шығын
|
96,77
|
|
IV
|
Пайда
|
3,23
|
6.5 кестеден көріп отырғанымыздайамортизация мен жөндеуге кететін шығынның қосындысы мынаған тең:
18,86 6,24 25,1 %.
11774390,8 100 46909923,5тенг е. 25,1
Эжыл n К з Sном.тр cos 4000 ,
|
(6.12)
|
мұндағы n – трансформаторлар саны,2;
cos – қуат коэффициенті, 0,8;
Sном.тр – біртрансформатордың номиналды қуаты,10 MBA.
Эгод 2 0,69 10 0,8 4000 44160 44,16 млн. кВт∙ч.
Сондағы станция арқылы 1 кВт∙сағ электр энергиясын өткізу қызметінің өзіндік құны:
46909923,5
Т 1,0 тенг е/ кВт ч
АО "Khasan invest" 44,16
Пайда жалпы шығынның 3,23%-ын құрайды, демек 1515190,52 теңге болады. Энергожүйенің тораптары арқылы электр энергиясын тасымалдаудың толық өзіндік құны келесілерден құралады: энергия өндіруші ұйым «Энерготұтынушы север РК» энергия құны (6,3. теңге), «KEGOC» ҰЭТ-ның тораптары арқылы тасымалдаудың тарифі (1,305 теңге), «АЖК» АҚ аудандық электртораптық компаниясының тарифі (4,73 теңге) және «Khasan invest» АҚ-ның тораптары арқылы тасымалданатын энергияның өзіндік құны.
«АтырауЭнергоСбыт» ЖШС-ның тарифтік құрылымының деректері бойынша 2014 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы электр стансасының электр энергиясының қазіргі құны 7,3 теңге*кВтсағ, бірақ құны 6,3 теңге*кВтсағ-ды құрайтын қорек көзін табу қол жетімді болып саналады.
«Khasan invest» АҚ –ң электр энергиясына тарифі:
Т З SЭО Т НЭС Т РЭК Т АО "Zhasa invest"
|
(6.13)
|
З 6,3 1,305 4,73 1,0 13, 035 тенг е/ кВт ч.
Атырау қаласындағы электр энергиясына орташа тариф 13,37 тенге/кВт·сағ-ды құрайды. «Khasan invest» АҚ –ң қабылдаған тарифі 13,335 тенге/кВт·сағ. Екеуінің айырмашылығы мынадай болады: 13,37– 13,335 = 0,35 тенге/кВт·сағ.
Электр энергиясын тасымалдаудан шамамен алынатын ақшалай түсім мынадай:
Vреал 44,16 13,37 590,41млн.тенг е. ,
Алынатын ақшалай түсімнен кәсіпорын келесідей төлемдер жасайды:
-Аудандық электрторапдық бөлу компаниясына
44,16 4,73 208,87 млн.тенг е.
Ұлттық электрлік тораптарға
44,16 1,305 57,62млн.тенг е.
Энергия өндіруші кәсіпорындарға
44,16 6,3 278,21млн.тенг е.
Электр энергиясын тасымалдаудан түсетін ақшалай түсімнен қалатыны
П 590,41 208,87 57,62 278,21 45,71млн.тенг е.
|
|
Ақша ағыны мына формуламен анықталады,
|
|
CF П Иао
|
(6.14)
|
мұндағы ПР - таза пайда, млн.теңге;
Иао – амортизация шығыны, млн.теңге.
CF 45710000 7809544,9 53519544,9 53,52млн.тенге.
Шығынның өтелуі мерзімі. Бастапқы инвестицияның сомасын толық қайтаруға кететін шығынның өтелу мерзімін табуымыз керек.
мұндағы Iс - инвестициялар;
CF– ақша ағыны, 53,52 млн.теңге.
PP
|
226692162,2
|
4,3 года.
|
|
53,52 106
|
|
|
|
|
Пайданың түсуі бірқалыпты болмаған жағдайда шығынның өтелу мерзімін жобаға құйылатын инвестициялық шығындардың неше жылға немесе айға созылатынын санайды, яғни пайданы шығынмен салыстырып көреді. Жоба үшін шығынның өтелу мерзімі 4,3 жыл.
Еңбек қорғау бөлімі
7.1 Автоматты өрт сөндіру жүйесін есептеу
Күш трансформаторының жануы өте үлкен оқиға болып саналады. Трансформаторлардың өртенуі немесе жарылыс станция қызметкерлеріне зиян келтіру мүмкіндігі көбейеді. Өртке қарсы шараларды уақытылы өткізіп отыру адам өміріне деген қауіпсіздікті азайтады. Сонымен қатар өртті сөндіру электр станцияның тоқтамай жұмыс істеуіне әсерін тигізеді. Өртті тез арада сөндіру үшін өртті сөндірудің стационарлы құрылғылары қолданылады.
А) Трансформаторды сөндірудің принциптері
Трансформатордың өртенуі немесе жарылуы кезінде ол барлық жағынан өшіп қалады, бұдан кейін өрт сөндіруді кез келген түрмен жүргізеді (ауа – механикалық көбікпен, шашыраған сумен, от сөндірушімен). Өрт ауданының көлемі үлкеймеуі үшін, ыстық майды компакты аса ағынымен сөндіруге болмайды. Трансформатор майының ағуына қарсы шаралар қолданады.
Жабық бөлмелерде (камераларда) немесе жабық тарату құрылғыларда (ЖТҚ) орналасқан трансформаторлардың өртенген кезде, вентиляционды және басқа каналдар арқылы өрттің таралуының алдын алу үшін, олардың апаттық және жұмыс вентиляциясын өшіру қажет.
Жақын орналасқан трансформаторлар (реакторлар) мен басқа да құрылғыларды жоғары температуа әсерінен қорғау қажет (жақсы әдіс су шашырату).
Б) Трансформатордағы өрт сөндірудің автоматты жүйесін орнату. Электрстанцияның көптеген объектілерінде өртке қарсы қорғаныс
ретінде көбікті өртсөндіру құрылғыларын жақсы жетістікпен қолданады.
Спринкерлік қондырғылар үш түрлі болады сулы, ауасулы және ауалы. Жылытылмайтын бөлмелерде ауа жүйелі спринкерлік қондырғылар қолданылуы қажет, мұнда құбырлар сумен емес сығымдалған ауамен толтырылады.
Су жүйелі спринкерлік қондырғылар тармақталған құбырлар желісінен тұрады, оларға спринкерлер өрт қауіпті бөлмелерде 9-дан 12 шаршы метрге дейінгі едендер аудандары бір спринклермен суландыратындай есеппен орнатылады.Температура артқанда, қорытпа ериді, құлып бөліктерге бөлінеді, шыны қақпақша босайды да суға жол ашылады. Құлып қосу пластинкаларының еруі 72, 93, 141 және 182ºС есептелген.
Спринклерлік қондырғыларды ұзақ жылдар пайдалану тәжірибесі, осындай өрт сөндірудің автоматты жүйелерімен қорғалған бөлмелерінде өрт шыққан жағдайда, 90%-дан стам өрт сөндіру қамтамасыз етілетінін көрсетті.
Сонымен бірге спринкерлік қондырғыларда тек өрттің жоғары температурасы болған бастары ғана ашылады. Бұл жағдайда спринкерлік бастар салыстырмалы үлкен үдемелікке ие болады – олар бөлмеде температура көтерілген сәттен 2-3 минут аралығында ашылады. Өртке қауіпті бөлмелерде мұндай үдемелік үнемі қолайлы болмайды. Іс-әрекеттің тиімділігін арттыру
үшін кейде бөлменің бір көлеміне немесе бір бөлігіне суды бірден берген тиімді болады. Бұл жағдайда топтық әрекет ететін дренчерлік қондырғылар қолданылады.
Топтық әрекетті дренчерлік қондырғылар құбырларына, яғни, су үшін шығатын ашық саңылауы бар спринкерлік құлыпсыз бастар – дренчерлер. Әдеткі уақытта желіге су шығатын жол топтық әрекет ететін қалпақшамен жабылған. Қондырғыны автоматты түрде және сондай – ақ қолмен басқаруға болады. Топтық әрекетті дренчерлік қондырғылар су қорғаныс шымылдығы ретінде қашықтықтан немесе жай қолмен басқару арқылы қолданылады. Ол үшін розеткалы, сондай-ақ күрекшелі болады. Дренчерлік шымылдықтарды ойықтарды, сондай-ақ өрттің басқа бөлмелерге өтпеуі үшін қолданады.
Жеңіл оталатын сұйықтықтарды сөндіру үшін газ бен сұйық қоспасы – көбікті пайдаланылады.
Көбік - шашырау фазасы газ болатын жүйе, газ көпіршіктері жұқа сұйық үлдір қабығымен тартылған. Газ көпіршіктері химиялық процестер немесе газдың сұйықтықпен араласуынан пайда болады. Газ көпіршіктері және сұйықтықтың беттік тартылу үлдірі қаншалықты аз мөлшерде болса, соншалықты көпіршік тұрақты болады. Көпіршіктің тығыздығы (0,1-0,2 г/см3) аз болса, көпіршік жанушы сұйықтық бетіне таралады да, оны жалыннан оқшаулайды және жану зонасына бу келуі тоқтайды, сонымен қатар сұйықтың беті салқындайды.
Өрт сөндіру үшін тұрақты көбік пайдаланылады, ол суға судың тартылу үлдірін төмендететін қабілеті бар заттың шамалы көлемін (3-4%) қосқанда жасалады. Тәжірибеде көбіктің екі түрін: химиялық және ауа-химиялық қолданады.
Көбік ұнтақ – құрғақ тұздардан және лакриктік шайғыннан немесе басқа көбік жасайтын заттан тұрады. Алюминий күкірт қышқылы сумен әрекеттескенде, натрий бикарбонаты және көбік жасағыш ериді де көміртегінің екі тотығымен қосылады. Химиялық көбіктің жайылуында қалыңдығы 7-10 см көбік жасалады, ол айтарлықтай тұрақты және жалын әрекетінен аз бұзылады, көбік мұндай өнімдерімен әрекетке түспейді және сұйықтық буларын жібермейтін қалың жамылғы құрайды.
Химиялық көбік сумен араласпайтын және оған қосылмайтын жанған сұйықтықтарды сөндірудің жақсы құралы болып табылады. Гидрофильдік сұйықтықтарды сөндіру үшін сабындалған көбік генераторлық ұнтақ деп аталатын химиялық көбікті қолданады. Қазіргі уақытта химиялық көбікті ауа-механикалық көбікпен оңай алмстырады.
Ауа-механикалық көбік ауаның, судың және судың беттік тартылысын төмендететін беттік белсенді зат қоспасы болып табылады. Ауа-механикалық көбік 90% ауа мен 10% көбік түзгіш с ерітіндісі (көбік еселігі 12-ге дейін) және көп еселі, құрамында 99% ауа, 1%-ға жуық су және 0,04% көбік түзгіш (көбіктің еселігі 100 және одан астам). Ауа-механикалық көбіктің өртті басу әрекеті жанған заттары оқшаулау және салқындатуға негізделген. Сұйық
жанғыш заттардың бетінеде көбік тұрақты үлдір құрайды, ол 30 минут бойы жалында бұзылмайды.
Спринклерлы көбік құрылғылары спринклерлы су құрылғыларына құрылысы бойынша ұқсас және жергілікті өрт сөндіру мен өрттен локализациялауға қолданады. Олар автоматты түрде құрылысы су спринкерлерінен қатты айырмашылығы бар, көбікті спринклерлі оросителдер (ОПС) ашылған кезде қосылады.
Көбікті спринклерлі құрылғыда су ағынына белгілі шамадағы көбікшығарушыны қосу үшін арналған автоматты дозаторы бар. Дренчерлі көбік құрылғылары, өрт тез тарайтын үлкен аудандар мен ғимараттың жеке бөліктерінде есептелетін ауданды немесе қорғалғалы отырған объектінің толық ауданын ауа – механикалық көбікпен арашалау қажет етілетін жерлерде қолданылады. Дренчерлі көбік құрылғысында негізгі және қосымша көбік қоректендірушілері бар. Негізгі көбікқоректендіргіш тек қана өрт болған кезде автоматты түрде қосылады. Өрт болған жағдайда, көбік генераторына жіберетін көбікжасаушы су ертіндісі үшін, оятушы жүйе арқылы бақылау – қосқыш түйінді қосады, сол кезде өрт дабылы қосылады. Сонымен қатар негізгі көбікқоректендіруші қосылады. Негізгі көбікқроектендіруші қажет етілетін ағынды алған кезде, көмекші көбікқоректендіруші жұмысын тоқтатады.
Дренчерлі көбік құрылғыларының таратушы жүйесі, спринклердегі сияқты, трубосымдары бітік немесе сақина тәріздес болатын, жеке секцияларға ажырайды. Үлкен көлемді сөндіру кезінде дренчерлі құрылғыларда көбік генераторларын қорғалатын аймақты біркелкі көбікпен толтыруды қамтамассыз ететіндей етіп орнатады.
7.2 Зауыт цехтарындағы қауіпті және зиянды факторларға талдау жасау
Қауіпті фактор – сегіз сағаттық жұмыс кезінде адамға әсер етуі нәтижесінде жарақатқа алып келуі мүмкін фактор.
Зиянды өндірістік фактор – жұмысшыға әсер етуі нәтижесінде кәсіби ауруларға алып келуі мүмкін фактор.
МемСТ 12-0-003 ЕҚСЖ – Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар.
Классификация.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың топтары:
а) физикалық:
өндірістік құрылғылардың қорғалмаған жылжымалы элементтері мен қозғалмалы дайындалып жатқан өнімдер;
жұмыс зонасының газдалуы мен шаңдалуы;
нәтижесінде адам денесінде тұйықталу болуы мүмкін электр желісі кернеуінің жоғары деңгейі;
иондаушы сәулелердің жоғары деңгейі;
электромагниттік өрістердің жоғары деңгейі;
ультракүлгін сәулеленудің жоғары деңгейі;
жұмыс зонасының жеткіліксіз жарықтандырылуы;
б) химиялық:
тітіркендіруші заттар; в) биологиялық:
макро- және микроорганизмдер;
Қауіпті және зиянды факторлардың потенциалдығын табу үшін еңбек шартын жан–жақты талдау қажет.
Еңбеккерлер қабылдаған тұжырымда келесідей еңбек жағдайлары болады, олар, жұмыскерлердің организміне әсер етуі мүмкін технологиялық жабдықтарды пайдаланудың қатынасын ұйғару. Жұмысшылардың ағзасына қандайда бір зиянды ықпал жасайтын өндіріс үрдістерінің нормалы жұмыс істеуіне және өндірісте ең жақсы техника – экономикалық нәтижелеріне жету кезінде үйлесімді еңбек шартын жасау қажет. Өндірісте ауаның ластануынан ағзаға қауіп тию шарты туу мүмкін. Барлық ластанған ауа егер ағзаға нормативті мөлшері мен көлемінен көп түссе ағзаға зиянды ықпал етеді.
Өндірістегі зиянды факторларға кіретіндер:
Шаң – жұмысшылардың денсаулығына зиянды ықпал ететін жіңішке дисперсиялы аэрозоль. Адам ағзасына шаң ұзақ әсер еткен кезде шаң бөлшектері тыныс жүйесіне түсіп, пневмоканиоз деп аталатын ауыр емделетін ауру туғыза отырып, өкпеге қауіпті өзгертулер әкеледі. Шаң тек қана тыныс жүйесіне кері әсер етіп қоймай, жұмыс барысындағы көру деңгейінде төмендетеді және көзге кері әсерін тигізеді.
Электр қозғалтқыштардың саны шахтада көп болады, оларды қандайда бір дұрыс пайдаланбау әрекеті электр тогымен зақымдалуына әкеліп тигізеді. Электрлік зақымдар сымның бір ұшы жерге қосылмағанда (жерге тұйықталмағанда) және жабдықтардың жөндеуге келмейтін кезінде болуы мүмкін.
Басқада өндірістегі зиянды факторларға шуыл мен дірілдеу (вибрация) кіреді, олардың ұзақ уақытқы әсері, жұмысшылардың жұмыс қабілеттілігінінің төмендеуіне әкеледі. Олар адам ағзасына бірте – бірте әсер етеді және көпке дейін зақымданғандарын адамдар сезбейді. Шуыл көздері болып көтеру машиналары, желдеткіштер және басқада жабдықтар жатады.
Дірілдеу дегеніміз механикалық серпімді денелердің тербелуі. Егер адамға дірілдеу ұзақ уақыт әсер етсе, онда ол адамда дірілдеуік ауруы пайда болуы мүмкін. Сондықтан жағымсыз факторларды төмендетуге ұмтылу қажет.
Жалпы айтқанда, кен өндірістерінде зиянды факторлар болып: ауаның ластануы, шуыл, дірілдеу, электр жүйесінің қадағаланбауы және механикалық зақымдарды алу жатады.
Жобаланып жатқан электр-жөндеу цехында электр қауіпсіздікке көп назар бөлу қажет. Қызмет көрсететін жұмысшыларды электр тоғынан зақымданудан қорғау үшін жерге тұйықтау қарастырылған. Электрлік токтың қауіпті әсері адамның электро қондырғылардың ток жүретін бөліктермен тікелей контактісі кезінде көрінеді.
Электрлік ток адам денесі арқылы өткенде келесідей әрекеттерді жасайды: термиялық – терінің қызуына және күюіне, қан жүретін жолдардың және қанның қызып кетуі; электролиздік – қанның және плазманың жіктелуіне; биологиялық – ағза терісінің тітіркенуі. 0,05 А электрлі ток күші адам өміріне қауіпті деп саналады. 40-60 Гц-ті айнымалы ток аса қауіпті. Адамның электр тоғымен зақымдану дәрежесі токтың күші және жиілігіне, адам денесінің кедергісі, электр токтың өту ұзақтығы, қоршаған ортаның жағдайларына байланысты болады. Электрлі күю – 1-2 кВ кернеулі электро қондырғылардың ток жүретін бөліктермен дененің контактісі жерінде терінің күюі деп аталады.
Қорғағышты жерге қосу электр оқшаулаудың бұзылу жағдайында, кернеу астында қалған электр құрылғының ток жүрмейтін бөліктеріне тиіп кету (жанасу) кезінде электр тогымен зақымданудан қорғау үшін тағайындалады. Қорғағышты жерге қосудың физикалық мәні болып қорғағышты құрылғының металды корпусының арасында алдын – ала құрылған және жермен арасындағы электрлік қосылу адам денесімен салыстырғанда аз, ол шектеп берілетін мәнге дейін адам денесі арқылы ток күшін төмендетуге мүмкіндік береді.
Арматура зауытындағы цехтарда өрт болу қаупі туындауы мүмкін. Өрт және жарылыс нәтижесінде адамдарға әсер ететін қауіпті және зиян факторларға мыналарды жатқызуға болады: жалын, жабдықтардың құлауы, коммуникация, ғимараттар конструкциясының құлауы және олардың жарықшақтары, соққы тербелісі, өрттен зақымдалған аппараттардан зиянды заттардың шығуы және т.б.
Ал өрттің тұтану көздеріне жататындар: ашық от, жабдықтар мен аппараттар қабырғасының ысуы немесе қызуы, электр жабдықтарының от жарықшасы, машина немесе жабдық бөлшектерінің соққысынан пайда болатын от жарықшалары.
Өндірістің өрт қаупі технологиялық процестердің одақтық нормалары ОНПП 24 – 86 бойынша 5 категорияға бөлінеді: А, Б, В, Г және Д бөлінеді. Арматура зауыты өрт қауіпсіздігі бойынша В категориясына жатады. Себебі арматура өнеркәсібі жанғыш, жануы қиын заттар мен материалдар өртену қауіпіне жатады.
Зауыттағы механикалық цехта шу мен дірілдің зиянды әсері өте үлкен десе де болады. Интенсивтілігі мен жиілігі әртүрлі тәртіпсіз дыбыстардың үйлестірілуі шу деп аталады. Оның түрлері: соқпалы, механикалық, аэро-, газо- және гидродинамикалық шу. Арматура зауытында машина бөлшектері мен механизмдер және түйіндердің соғылуы және үйкелісі кезінде механикалық шу болады. Адамның есіту органы 16 – 20 мың Гц жиіліктер аралығында тербелмелі дыбыстарды қабылдайды. Сұйықтар, газдар және ауа қозғалыстары жүретін айналмалы және қозғалмалы бөліктердің нашар біріктірілуінен туатын өндірістік құрал жабдақтар мен құбыр өткізгіштердің тербелмелі бөліктерін вибрация деп атаймыз.
Адам организміне зиян әсерінен басқа, діріл өндірістік құрал жабдықтарға, коммуникацияға және ғимараттарға әсер етеді. Ол машина және механизмдерінің ПӘК –нің төмендеуімен өрнектеледі және бөліктер тозуға ұшырайды. Осы
тұрғыда шу мен дірілді төмендету шаралары санитарлық мөлшер мен МЕСТ бойынша іске асырылады.
Кейбір цехтардың ішіндегі температураның, ылғалдылық пен қоршаған ортадағы ауаның қозғалу жылдамдығының өзгеруі кезінде жұмыс жағдайы едәуір өзгереді. Температура 30°С -тан аспауы керек. Себебі, осы температурада адам организмінің булануына кеткен жылумен теңеледі. Ал адам жоғары температурада жылу тек булану есебінен кетеді. Булану негізінен тері арқылы жүреді. Бұл процесс көбінесе қыздырылатын аппараттарда кездеседі. Температураның жоғарлауы ауаның ылғалдылығына зор әсер етеді. Оптималды температура (16-25°С) кезінде ауаның ылғалдылығы 40-45% шамасында болады. 80%-ке дейін ылғалдылығының жоғарылауы жағымсыз жылу сезінушілікті, 85%-тен жоғары ылғалдылықта организмнің термореттелуінің бұзылуына әкеліп соғады.
Жөндеу-механикалық және т.б цех бөлмелердің бәрі өндірістік кәсіпорындардың жобалауының санитарлық нормаларына сәйкес желдету үшін жабдықталған. Агрегаттар мен жабдықтар жергілікті желдетумен
қамтамасыздандырылып, желдету құрылғыларын жұмыс істеуімен монтаждау мен қабылдау, жобалау ерекшеліктерінің талабына жауап береді. Жергілікті желдетуден тартылатын ауаның шаңдылығы егер ауа шаңы 75мг/м3 аспаса алынып тасталады.
Қорытынды
Бұл дипломдық жұмыс арматура зауытын электрмен жабдықтаудың жұмысына арналған. Жұмыста келесі негізгі нәтижелер алынды.
Диплом жұмысына берілген мәліметтер бойынша зауыттың 0,4 кВ кернеудегі барлық жүктемелері есептелді: Sр=8830,24 кВА. 9ХТМЗ-1000-10/0,4 типті цехтік трансформаторлар таңдалды. 0,4 кВ кернеуде 9хУКМ58-0,4-275-25У3 төменгі кернеулі конденсаторлар батарейлер көмегімен реактивті қуат компенсациясы жасалды.
Зауыт бойынша 10 кВ кернеудегі БТҚС шинасының СҚ, БТҚС мен пештік трансформатор шығындарын есепке ала отырып жүктемесі анықталды:
Sр.зав=13962,01кВА.
10 кВ шинада реактивті қуатқа компенсация жасалынды. Әр секцияға реактивті қуаты 4500 квар және 900 квар болатын УКРЛ(П)-10,5-2250-450У3, УКРЛ(П)-10,5-2250-450У3 типті батарея конденсаторлары таңдалынды. Доғалы болат балқытқыш пешке жеке компенсация жасалынды, яғни 2250(2250+2250) квар болатын УКРЛ(П)-10,5-2250-450У3,УКРЛ(П)-10,5-2250-450У3 типті батарея конденсаторлары таңдалынды.
Диплом жұмысында сыртқы электрмен жабдықтау сұлбасының екі нұсқасы қарастырылған. Солардың ішінен ең экономикалық және техникалық жағынан рационалды электрмен жабдықтау жүйесінің 110 кВ нұсқасы таңдалды. Осы нұсқаға сәйкес жоғары кернеулі қондырғылар: кіріс
ажыратқыштары, секционды ажыратқыш, айырғыштар, жүктеме
ажыратқыштары, тармақты линиялардың ажыратқыштары, СҚ ажыратқыштары, ДББП ажыратқыштары және де олардың кабелдері таңдалды. Өлшеуіш жабдықтар, тоқ және кернеу трансформаторлары таңдалды. БТҚС шинасы мен төменгі кернеулі қондырғылар да таңдалды.
Экономикалық бөлімде «Электрмен жабдықтаудың құрылысына салынатын инвестицияның экономикалық және финанстық эффективтілігі» тақырыбында бизнес-жоспар жасалды. Есептеулер бойынша ақталу мерзімі дисконттаусыз 6 жыл. Жыл сайнғы түсіп отыратын ақшалй түсім GF=53,52 млн тенге, бұл деген риск деңгейінің төмендігін көрсетеді. Қорыта айтқанда, сыртқы электрмен жабдықтау схемасын салу экономикалық тиімді жоба болып табылады.
Еңбек қорғау бөлімінде зауыт ішіндегі еңбек қорғау бойынша қауіпті және зиянды факторларға талдау жасау қарастырылған. Сонымен қатар БТҚС-ның жерлеу құрылғысының есебі жүргізілді.
Әдебиеттер тізімі
Князевский Б.А., Липкин Б.Ю. “Электроснабжение промышленных предприятий” – М. Высшая школа, 2001 г, 400 с.
2.ФедоровА.А. “ Справочник по электроснабжению и электрооборудованию ” Том1– М. Энергоатомиздат, 1986 г, 568 с.
3.“Справочник по проектированию электрических сетей и электрооборудования” под редакцией Ю.Г.Барыбина и др. – М. Энергоатомиздат, 2002 г, 464 с.
4.ФедоровА.А. “Справочник по электроснабжению и электрооборудованию ” Том2– М. Энергоатомиздат, 1987 г, 592 с.
5.Неклепаев Б.Н., Крючков И.П. “Электрическая часть электростанций и подстанций”. Справочник – М. Энергоатомиздат, 1989 г.
6.Рожкова Л.Д., Козулин В.С. “Электрооборудование станций и подстанций” - М. Энергоатомиздат, 1987 г.
Д.Жохов, Л.Б.Годгельф. Проектирование электроустановок.
Л.Л.Коновалова, Л.Д.Рожкова. Электроснабжение промышленных предприятии и установок. –М.: Энергоатомиздат, 1989. -528с.
9.С.С. Рокотян, И.М.Шапиро. Справочник по проектированию электроэнергетических систем. – М.: Энергоатомиздат, 1985. -352с.
А.А. Федоров, Э.М. Ристхейн. Электроснабжение промышленных предприятий: Учебник для ВУЗов. – М.: Энергия, 1981. – 360с.
11.“Справочник по проектированию электрических сетей и электрооборудования” под редакцией Ю.Г.Барыбина и др. – М. Энергоатомиздат, 1990 г, 576 с.
12.РТМ 36.18.32.4-92
ПУЭ Издание седьмое. От 08.07.2002 № 204 14.ПТЭ и ПТБ, 2006 г.
15.Г.Н. Ополева - Схемы и подстанции электроснабжения. Справочник. Москва ФОРУМ-ИНФРА-М 2006 г.
16.Правила устройства электроустановок. Минэнерго СССР – М.Энергия, 2004 г.
17.Федоров А.А., Каменева В.В. “Основы электроснабжения промышленных предприятий” – М. Энергоатомиздат, 2000. – 472 с.
Положение об аттестации производственных объектов организации по условиям труда. Постановление коллегии от 22 мая 1995 года.
19.Свенчанский А.Д., Трейзон З.Л., Мнухин Л.А. “Электроснабжение и автоматизация электротермических установок” – М.: Энергия, 1980. – 320 с.
20.П. А. Долин. Основы техники безопасности в электроустановках Энергоатомиздат 1984 г.
21.Свенчанский А.Д., Жердев И.Т. “Электрические промышленные
печи: Дуговые печи и установки специального нагрева” – М. Энергоиздат, 1981. – 296 с.
22.Болотов А.В., Шепель Г.А. “Электро-технологические установки” – Алма-Ата: Мектеп, 2002. – 256 с.
23.СН 75-76. Инструкция по проектированию установок автоматического пожаротушения.
24.Хакімжанов Т.Е. “Еңбек қорғау” – Алматы: «ЭВЕРО», 2008 – 240б.
25.Методические указания по структуре и требованиям к содержанию
оформлению дипломных работ для студентов специальности бакалавриата 050718 «Электроэнергетика» составлены в соответствии с ГОСО РК
3.08.345-2011
Голубина А.Ю. Экономика отрасли. Методические указания к выполнению экономической части выпускной работы дя тудентов специальности 5В0718 – Электроэнергетика. - Алматы: АИЭС,2010.-15с.
Александров Ю.Я. Эконмика и управление энергетическими предприятиями: Учебник для студентов. Высшие учебное заведений/ Под.ред Н.И.Кожевникова. М.: Издательский центр.
www.proektant.org
www.OpenGost.ru
www.atyrauenergo.kz.
Қосымша А
Зауыттың жарықтық жүктемесі
100
Қосымша Б
Зауыттың жарықтық және күштік жүктемесін Microsoft Office Excel
жабдығында жасау
101
Қосымша В
Жүктеменің цехтық қосалқы станциясы бойынша таратылуын Microsoft Office Excel жабдығында жасау
102
Қосымша Г
Жүктемелердің нақтыланған есептелуін Microsoft Office Excel жабдығында жасау
103
Достарыңызбен бөлісу: |