Музыка әлемі –адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние. Музыка да адамның асқақ, асыл ойлары, арман- мақсаты , ізгі тілектері, қуанышы, қайғы-қасіреті мен әр түрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Музыканың адам жан-дүниесіне тигізетін әсері орасан, , сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады. Қаншама ғасырлар бойы жинақталған музыкалық қазына- ұшы-қиыры жоқ, аса мол мұра. Әлемдік музыка қорына әр халық, ұлт өзіне тән өрнекпен өлшеусіз үлес қосып келеді Музыка мәдениетінің өткеніне ой жүгіртіп, әр алуан тарихи деректерге жүгінсек, халық өнерінің қоры шексіз де, музыкалық аспаптардың түрі көп болғаны анық.
Оларға: домбыра, шертер, қылқобыз, жетіген, адырна, сыбызғы, сазсырнай, шаңқобыз, мүйіз сырнай, ұран, тұяқтас, асатаяқ, сақпан, дабыл, даңғыра, кепшік жатады.
Қазақ халқының ұлттық киімдері. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері туралы айтатын болсақ, Қазақ ұлттық киімдерінің көп ғасырлық тарихы бар. Ұлттық киімдер эстетикалық мәні жағынан да маңызды дайындалынған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды.
Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар.
Ұлттық ойындарымыз тұрмыс салты, аңшылық, қара күш сынау секілді түрлерге топшаланады. Мәселен, белбеу тастау, кім шертті?, сақина тастау, алтыбақан тұрмыстық салт ойындары болса, жануарлар қалай үндейді, түйе-түйе дегендер шаруашылықпен байланыстырылған. Ал теңге ілу, күшің жетсе – үзіп көр, байқап қал!, жаяу көкпар, қазақ күресі, түйілген ормал дегендер спорттық мәнде өткізілген.
Қазақ халқының дәстүрлі тағамдану жүйесі қоршаған экологиялық жүйемен және шаруашылығымен тығыз байланысты болды. Сондықтан қазақтың әрбір дәстүрлі тағамы денсаулыққа қажетті құндылық бола отырып, пайдасының зор екенін білеміз. Бұл ғылыми тұрғыдан да әлдеқашан дәлелденіп қойған. Қазақ халқының өмірінде ет тағамдары ең басты орынды иеленеді. Бұл тағам түрлерінің емдік, тұрмыстық қасиеттері бар.
Ең алдымен ет тағамдары, одан кейін бауырсақ, талқан, салма, қаттама нан, таба нан, тандыр нан, жент, айран, қымыз, шұбат, қатық, қаймақ, құрт, сары май, ірімшік, уыз, нарын, қазы-қарта, жалы- жая, құйрық-бауырды айтуымызға болады.
Қазақ XXI ғасыр табалдырығын «дәстүрге бай» болып аттаған халық. Ондаған ғасырлар бойы ата-бабаларымыз сара жолынан адаспай, «салтың – санаң, дәстүрін – дәулетің, ғұрпың – ғұмырың» деумен келді. Дархан далада дәстүрлерімізбен бірге жасасқан халқымыз, оны тарихтың өтпелі де кетпелі қилы замандарында ел тірегі ете білді.
Дәстүрлеріміз халқымыздың тұрмыс-тіршілігіне, өмір сүру ұстындары мен үлгі-өнегесіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты қалыптасты. Өтпелі емес құндылық саналды. Данагөй бабаларымыздың толассыз ақыл-ойы мен өмір тәжірбиелері, олар жүйелей білген ұрпақаралық сабақтастық пен үндестіктің арқасында бүгінгі күнге жеткен қазынамызға айналды.
Шілдехана, бесік той, тұсау кесер, сүндет той, құда түсіп, сырға салу, беташарым ай деп шырқалғандай халқымыз ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптары саналды.
Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы ақын – жыраулардың жарыққа шығарған өлең–жырлары болып саналады. Бұлар қазақ мәдениеті мен әдебиетінің аса маңызды мұралары.
15–18 ғасырлардағы қазақ әдебиетінде он екі–он үш ақын–жырау аса көрнекті орын ұстады. Олардың өлең-жырларынан халықтың өмір-тіршілігі, көңіл–күйі, салт–санасы, өндірісі мен тұрмысы, мінез–құлық өлшемі мен дүниеге көзқарасы, сол дәуірдің рухы бейнеленді.
Бұл ақын–жырауларды қазақ халқы ақылгөй атадай ардақтап, олардың ақыл–нақыл тұжырымдарын ынталы ықыласпен тыңдап қадір тұтады, бұл өлең-жырларда Отанды, халықты сүю, елдің береке–бірлігін сақтау, әділетті жақтау, жамандық–пасықтыққа қарсы тұру сияқты адамгершілік дәріптеліп отырды. Бұл ақын–жыраулар халықтың мұңын мұңдап, жырын жырлады.
Ақын–жыраулар халық басына келген қайғыға да, ел басына ауыр күн туғанда шапқыншы жауларға қарсы жан аямай күресіп, елін қорғаған ерлерді дастан етіп жырлап отырды.
15–18 ғасырда өмір сүрген қазақтың әйгілі ақын–жыраулары: Асан Сәбитұлы (15ғасыр), Қазтуған жырау (15ғасыр), Доспамбет жырау (1490-1523), Сыпыра жырау, Шалкиіз жырау (1465-1560), Жиімбет жырау (17 ғасыр), Бұқар жырау (1693-1787), Тәтіқара ақын (18 — ғасыр), Үмбетей жырау (1706-1778), Көтеш ақын (1745-1818), Шал ақын (1748-1819).
Ақындарымыздың музыкалық өнері жөнінде айтқанымыз да әлбетте айтыс меңзелетіні белгілі.
Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.[1]
Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған
Айтыс - әдебиет жанры болғанымен, ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын, той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойлары жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен. Әрине мұндай жерде айтыстардың өз мақсаты, талабы, шарты бар. Көшпелі елдің қызық-қуанышын бөлісіп келген айтыс халқымыздың сан алуан ойын-той, әр түрлі дәстүрлі думандарда қуана қызықтайтын театры іспеттес болған. Жұрт көпшілік алдында сөз сайысына түскен екі ақынның жеңіске жету жолындағы тапқырлықтары мен алғырлықтарына куә болып, солардың біреуінің намысын жыртып, тілеуін тілейтін жанкүйеріне айналады. Бұған айтыстың сауықшылдық, эстетикалық ләззат беретін сипаттары да айтарлықтай қызмет атқарады. “Аттың жалы, түйенің қомында” дегендей көп дайындықты керек етпейтін айтыс кез келген жерде өте береді де, мұның тыңдаушысы да, бағасын беріп төрелік айтушысы да халық немесе қадірлі ел ақсақалдары болады.
Достарыңызбен бөлісу: |