3. Арнайы білім берудің технологиялары мен әдіс-тәсілдері Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу әдістерін іріктеу және жүйелеп қолданудың ерекшеліктері Коррекциялық-педагогикалық процесте арнайы білім беру принциптері сәйкес әдістер мен тәсілдер, сондай-ақ білім беру технологиялары да жүзеге асырылады.
Арнайы педагогика даму мүмкіндігі шектелген адамдардың білім алу процесінде арнайы білім беру технологияларының, оқыту және тәрбие әдістеріне жүктеледі.
Тәрбиелеу мен оқыту әдістері мұғалім мен оқушының өзара әрекетінің реттелген тәсілдері бола, білім мен дағдылар және танымдық қасиеттерінің дамуына бағытталады. Психологиялық-педагогикалық көмек даму мүмкіндігі шектелген адамның өмірінде жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуының арнайы тәрбие әдістерінің жүйесін құрайды.
Педагогикалық сананың қазіргі жағдайында есейіп келе жатқан баланың дамуы, қалыптасуы және әлеуметтенуі туралы тұрақты түсініктер қалыптасқан. Дамуында ауытқуы бар балаларға білім бру процесі өз кезегінде оқыту және тәрбиені біріктіріп жүзеге асырады. Бұл жағдайда оқыту мен тәрбие әдістерін бөліп алып қарастыру жасанды болып табылады және арнайы білім беру процесінің түрлі жақтарын аналитикалық зерттеу мақсаттарында ғана қолданылуы дұрыс болады.
Даму мүмкіншілігі шектелген балаларды тәрбиелеуде қолданылатын әдістер тобы балалардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастыруға бағытталып ұйымдастырылады. Бұл топқа келесі әдіс топшалары жатады:
перцептивтік (сөз түрінде жеткізу әдісі және оқу материалын есту немесе көру арқылы қабылдауы, оны меңгеру тәсілін ұйымдастыру бойынша ақпарат беру; көрнекілік, іс-тәжірибелік әдістер);
логикалық (индуктивті және дедуктивті);
гностикалық (репродуктивті, мәселелі-ізденушілік, зерттеушілік);
Даму мүмкіншілігі шектелген балаларды тәрбиелеу жұмыстарында жоғарыда көрсетілген тобынан әдістерді таңдау бірқатар факторлармен анықталады.
Біріншіден, перцептивтік сферасының (есту, көру, тірек-қимыл жүйесі және т.б.) дамының ауытқуына байланысты оқушылардың есту, көру, тактильді-вибрациялық қабылдау және басқа да білімтүріндегі ақпаратты қабылдау мүмкіндігі қиындайды. Ақыл-ой дамуының ауытқулары білімдік ақпаратты толық қабылдауына мүмкіндік бермейді. Сондықтан білімдік ақпаратты толық жеткізуге, қабылдауға, зердеде ұстауға, өңдеуге оңтайлы әдістерді ағзаның сақталған талдағыштары мен қаситеттеріне, яғни берілген адамның табиғатына сәйкес ерекше білімдік қажеттіліктеріне сүйене отырып таңдау керек.
Даму мүмкіншілігі шектелген балалардың тәрбиелеудің алғашқы кезеңдерінде баланың сенсомоторлық негіздегі көріністерін және танысдық түсінігін қалыптастыратын бірінші орында перцептивтік әдістер топшасынан іс-тәжірибелік және көрнекілік әдістер таңдалынады. Бұл әдістерге толықтыру ретінде білімдік ақпаратты сөз түрінде жеткізу әдісі жатады. Кеңірек сөздік әдіс қолданылатын әдістер жүйесінде маңызды орынды алады