Мүмкіндіктері шектеулі балалардың оқу материалын саналы меңгеруі арнайы ұйымдастырылған түрінде өтеді. Оның негізгі түрі – балалар өзінің танымдық жинақтауын жүзеге асыра алатын жағдайда ойлау процесін түзету. Түзету жұмысының маңызды кезеңі – нақтылыдан абстрактіліге, жекеден жалпыға, көрнекілікті әрекеттен ойлау әрекетіне көшуді, балаға жеңілдететің арнайы құралдар пайдалану болып табылады. Арнайы оқытуда көрнекі құралдар мен практикалық икемділіктерді кешенді пайдалану тиімді жолдын бірі. Бекіту – меңгерілген білім мен икемділіктерді мақсатты түрде пайдалану. Білм мен икемділікті біртіндеп және тиянақты бекіту мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуда ерекше орынға ие, аса маңызды әрекет.