Арнайыпедагогиканың дидактикасы – мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беру мен оқыту, оның заңдылықтары, принциптері, әдістері мен оқу процесін ұйымдастыру формаларын зерттеумен айналысады және оқытудың динамикасын көрсете, барлық өзгерістерін ашып, білім берудің мазмұның қамтиды. Дидактика нысаны– тұлғаның білім алуда, жаң-жақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған оқытушы мен оқушылар арасындағы байланыс әрекеттер жүйесі. Ал дидактика пәні оқыту мен оқу процестерін зерттейді. Оқыту процесінде арнайы мектеп оқушылары арнайы білім беру мазмұның меңгереді. Түзетушілік жұмыс ұйымдастыру арқылы оқушы бойында еңбекке баулу, ең бастысы қоғамдық өндіріске қатысуға мүмкіндік беретін икеммен дағдылар, көзқарас пен сенімдер қалыптасады, қоғамға бейімделуге жағдайлар қамтамасыз етіледі