диктантына өткел ретінде жүргізілетін жұмыс деуге де болады. Түсіндіру
диктантының бір түрі ретінде сөздік диктантын да жүргізуге болады. Онда
сөйлем де тексте емес, жеке сөздер айтылады. Бұған оқушыларға қиындық
келтіретін немесе ережеге бағынбайтын сөздер алынады. Сөздік диктант ұзақ
болмайды, 5-10 минут шамасы, көбінесе сабақтың аяғында жүргізіледі.
4.
Шығармашылық диктант
балалардың тілін дамыту үшін де өте
қолайлы, өйткені оқушылар тексті құрауға белсенді қатысады, сөздерді де
өздері ойлап табады. Осы көрсетілген орфографиялық дағдыны
автоматтандыру мақсатын көздейді.
5. Бақылау немесе тексеру диктанты.
Бұл балалардың алған білімдері
мен қалыптасқан дағдыларын тексеру мақсатында жүргізіледі. Мұнда оқушы
өзі білетін ережені қолданып, өз күшін өз бетімен байқай алады. Мұғалім
қандай да болмасын бір орфографиялық ережені оқушылардың қалай
меңгергендері жөнінде мәлімет алады. Қандай ереже қайталану керек, кімге
қандай көмек керек- соны анықтайды.
Жұмыстардың жүйесі:
орфографиялық жаттығулардың бірнеше кезеңі
бар:
а) алғашқы кезеңде, әдетте, оқулықтардың немесе тақтаға жазылған
дайын, материал алынады. Бұл материалдар мұғалімнің көмегімен
талданады, оқыған ереже бойынша, жазылған сөздер табылады, нақты үлгі
бойынша, балалар ереженің практикада қалай қолданылатынын түсінеді.
Мұнда оқылған орфограммаға сай, жеке сөздер, сөз тіркестері немесе
сөйлемдер ғана беріледі. Мұны дағдыны бекітудің алғашқы кезеңі деуге
болады.
ә) Екінші кезеңде де дайын текст: сөз, сөз тіркестері, сөйлемдер беріледі.
Мұнда оқылып отырған орфограммаға сай, сөздердің ішінде басқа
ережелергеде жататындары болады. Ұсынылған материалдардың ішінен
балалар керектісін, оқылып отырған ережеге сай келетіндері іріктеп, тауып,
алады; неге ол сөзді алды, ол сөз бұл ережеге сай келе ме- дәлелдейді. Бұған
қосымша, балалар сұрақтарға жауап қарастырады, ескерту диктантын
жазады.
Достарыңызбен бөлісу: