Арнайы мектептегі білімнің мазмұнына келесі талаптар қойылады: оқытудың түзету-дамыту бағыты



бет2/2
Дата12.05.2023
өлшемі20,12 Kb.
#92066
1   2
Критериалды бағалау – бастауыш білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, білім алушылардың оқу-танымдық біліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін, айқын анықталған, ұжыммен әзірленген, білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына (білім алушыларға, мектеп әкімшілігіне, педагогтарға, ата-ана мен басқа да заңды өкілдеріне) алдын ала белгілі критерийлермен білім алушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген бағалау үдерісі. «Критериалды бағалау» терминін алғаш рет Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған және бұл термин оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген және потенциалды деңгейлері арасындағы сәйкестікті анықтауға мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды. Критерийлік бағалау жүйесі - қандай да бір оқу материалы қаншалықты мөлшерде меңгерілгендігін анықтайтын, іс жүзіндегі дағдылар қалыптасатын, оқу курсында бекітілген белгілі бір талаптардың ең аз көлемін меңгеру деңгейін салыстыру мүмкіндігі анықтайтын жүйе. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау деп нені атаймыз? Оқуды бағалау – оқудың өз нәтижесіне жеткенін анықтайтын бағалау түрі. Оқуды бағалау оқушының қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, оның үстіне көпшілік көп мән беретін тестілеу әдісі оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін.
Бағалау қызметінде психологиялық және педагогикалық қолдау көрсетудің екі бағытын көрсетуге болады:
 өзекті – балада осыған дейін пайда болған қиындықтарды шешуге бағытталған;
 перспективалы – оқуда болуы мүмкін ауытқуларды ескеру және алдын алуға бағытталған. Екі бағыт та педагогикалық үдеріске қолдау қызметінің барлық мамандарының бірлескен күш-жігерінің арқасында іске асырылуы мүмкін.
Алдағы уақытта оқушыға қойылатын нақты талаптарды күрделендіріп отыруға болады. Сондықтан ерекше білім беруде қажеттіліктері бар оқушылар мен білім алуда жеке қиындықтар туындаған оқушылар үшін оқу жетістіктерін бағалау тапсырмаларын бейімдеу келесі мәселелерді қамтуы қажет: − тұжырымдар мен анықтамалардың мазмұнын және грамматикасын жеңілдету; − көпбірлікті нұсқаулықтарды шағын бірлікті қадамдарға бөлу арқылы тапсырманың орындалуын жеңілдету; − тапсырмаға берілген жазбаша нұсқаулықтардан бөлек, қажеттілігіне қарай, мұғалім тапсырманы қосымша дауыстап, мағынасын келтіре отырып, баяу оқып беру; − тапсырманың мәтінін ерекше білім беруде қажеттілігі бар оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес бейімдеу (үлкейтілген шрифт, тапсырмаларды бөліп беру және т.б.); − қажеттілігіне қарай жеке дара көмек көрсету: ынталандыру (мақұлдау, эмоциялық қолдау), ұйымдастырушылық (назарын қарата білу, зейінін жұмысқа аудару, өзін-өзі бағалау қажеттігін есіне салу), бағыттаушы (қайталау және тапсырмаға берілген нұсқаулықты түсіндіру); − тапсырманы орындауға берілген уақытты ұзарту; − сабақ барысында баланың шаршауы, жалығуы байқалған жағдайда, қысқа мерзімді (10-15 мин) сергіту сәттерін ұйымдастыру; − педагог тарапынан теріс көзқарастың болуына жол берілмейді, білім алушының эмоциялық күйзеліске түсуінің алдын алу қажет. Зерде бұзылыстары бар (ақыл-ой кемістігі бар) оқушылар, танымдық қызметіндегі айтарлықтай шектеулері болуы салдарынан, МЖМБС талаптарын орындауға бағдарланбаған арнайы оқу жоспарларына және бағдарламаларына сәйкес білім алады.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жолдары.АЛМАТЫ, 2019

  2. Bilimainasy.kz


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет