123
ұйымдастырылған жұмыс формасымен ұйымдастырылып, алғаш күннен
бастап жеке-дифференциалды жұмыстың түрлеріне таңдау жасалуы тиіс.
Тәжірибеде көрсетілгендей, мектепке дейінгі шақтағы оқытудың
дайындық кезеңінде бала өзіне таныс ситуацияларда білімді игеруіне
мүмкіндігі болады.
Ерекше білімді қажет ететін мектеп жасындағы балалар арнаулы
білім беру стандарттары негізінде арнаулы мекемелерде немесе үй
жағдайында білім алады.
ХХ ғасырдан бастап мүмкіндігі шектеулі балалардың барлық
категориясы арнаулы (коррекциялық) мектеп-интернаттарында білім алып
келеді.
Қазақстан Республикасындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға
арналған коррекциялық ұйымдарының қызметі мен тәртібін анықтайтын
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 3 ақпандағы №100 «Арнайы
білім беру ұйымдарының ережесінің» қаулысы бойынша арнаулы білім
беру жүйесінің мазмұны реттелуде.
Көрсетілген нормативтік құжатқа сәйкес арнаулы мекемелердің
барлық түріне арналған білім беру стандартты ережелері қабылданған.
Білім беру мекемелерінің әрқайсысы арнаулы білім беру стандарты
негізінде баланың жеке даму мүмкіндіктерін есепке алып оқу
жоспарларын, оқу бағдарламаларын құрып, оны жүзеге асыруда. Мұндай
мемлекеттік және мемлекеттік емес арнаулы білім беру орындары бала
өміріне тікелей жауапты бола отырып, баланың конституциялық құқығы
мен мүддесін қорғауды өз жауапкершілігіне алады.
Арнаулы білім беру мекемелерінің барлық түрінде бала үшін қажетті
жағдайлардың барлығы (медициналық көмек, әлеуметтік бейімделу мен
интеграция) қамтамасыз етіледі.
Арнаулы (коррекциялық) мекемесінің түлектері (зияты бұзылған
балаларға арналған мектептерді қоспағанда)
Достарыңызбен бөлісу: