141
- сурдотехникалық құралдардың қолданылуы.
Есту қабілеті бұзылған балаларға коррекциялық көмек көрсету
жұмыстары дәстүрлі түрде денсаулық сақтау жүйесіне қатысты
мекемелерде (сурдологиялық кабинеттерде, орталықтарда, бөлімшелерде,
үлкен ауруханалардағы құлақ ауруларын емдейтін бөлімшелерде)
жүргізіледі.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмысы «Мектепке
дейінгі білім беру ұйымдарына арналған типтік ереже» бойынша
реттеледі. Ерте балалық шақтағы саңырау және есту қабілеті терең
бұзылған балаларға білім беру мекемелері:
- саңырау және нашар еститін балаларға арналған балабақша;
- аралас түрдегі балабақша;
- саңырау және нашар еститін коррекциялық жалпы білім беретін
мектептердегі, мектеп-интернаттардағы арнайы топтарға 1,5-2 жастағы
балалар тәрбиеленеді;
- мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға арналған
білім беру ұйымдары.
Аталған арнаулы білім беру ұйымдары бірінші сыныптан бастап 10-
12 класс аралығында білім берумен айналысады.
Есту қабілеті бұзылған балаларды коррекциялық оқыту мен
тәрбиелеудің ғылыми-әдістемелік негіздері Р.М. Боскис, Г.Л. Выгодский,
Л.А. Головчиц, С.А. Зыкова, Б.Д. Корсунская, Э.И. Леонгард, Е.А.
Малхасьян, Н.Д. Шматко, А.Н. Аутаева және т.б. еңбектерінде беріледі.
Есту қабілетінің бұзылуы кезіндегі коррекциялық-педагогикалық
жұмыстардың мазмұны бірнеше бөлімдермен анықталады. Олардың
әрбіреуі тәрбиелік, білімділік міндеттер сияқты, мектеп жасына дейінгі
есту қабілеті бұзылған балалардың психикалық дамуын қалыптастыру
ерекшеліктеріне қарай коррекциялық бағытты құрайды. Аталған
бөлімдерге жеке-жеке тоқталсақ, былайша сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: