Арнайы педагогика



Pdf көрінісі
бет69/136
Дата27.11.2023
өлшемі3,1 Mb.
#129284
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   136
Байланысты:
Арнайы педагогика кітап

«олигофрения» (кіші ми
) терминимен атады. 
Ж. Эскироль – Voisin, Segun (1812-1880) шәкірттерінің еңбектері 
ақыл-ойы кем балаларды тәрбиелеу мен емдеу ғылымының дамуына 
ерекше ықпал жасады. Э.Сеген нақұрыстық пен имбецильдікке анықтама 
және клиникалық сипаттама беріп, сонымен қатар көп жылдар бойы 
құрастырған өзінің емдік және педагогикалық коррекциялық жүйесін 
ұсынған. 
1952 ж. А. Тредгольд (A. Tredgold) ақыл-ой кемістікті психиканың 
қалыпты дамудың деңгейіне жете алмау күйі ретінде анықтап, оны 
диагностикалау үшін критерилерді ұсынды: интеллектуальді (оқытуы 
бойынша), биологиялық және әлеуметтік. Тредгольд ең бастысы 
әлеуметтік критерий деп санады. Осыған орай, диагноздың мәнді мақсаты 
– адамның өзін қоршаған ортаға бейімделуі мен өзінің тәуелсіз екенін 
ұстану қабілеттілігін бағалау болып табылады. 
Психиканың жеттік дамымауының критерилерін өндіру қажет 
болғандықтан А. Бине және Т. Симон ақыл-ой кемдіктің үш деңгейін 
ұсынды. 1908 ж баланың жасына сәйкес психикалық дамымауын 
бағалаудың амалдарын құрастырды. 1914 жылы Р. Штайнер интеллект 
коэффициент ұғымын анықтады (IQ). 
Тек бір критериге сүйенуге мүмкін болмағандықтан, толық 
дамымаудың жаңа жолдарын іздеудеуге себепкер болып, Э.Доллом (Е. 
Doll) ақыл-ойы кемістігінің 6 критериін қарастырды: 
1) әлеуметтік құзіреттілігінің жоқтығы; 
2) ақыл-ойының жеттік дамымауы; 
3) психикалық дамуды тежейтін жалпы дамуының жетілмеуі; 
4) қал жағдайының тұрақтылығы; 
5) ауытқудың конституциональды шығу тегі; 
6) психикалық дамымаудың күйі. 
1973ж. Американдық ассоциациясы психикалық жеттік дамымауы 
бойынша «психиканың жеттік дамымауы» терминін оған сәйкес «даму 
кезеңдеріне қарай пайда болған мінез-құлқындағы бейімделуінің 
жеткіліксіздігі зиятының төмен деңгейлігімен көрінеді» деп анықтады. 


174 
Берілген анықтама 3 сәтті ерекшелейді: 
1) қалыпты дамумен салыстыру; 
2) ерте жастан зиятының жетіспеушілігінің пайда болуы; 
3) мінез-құлықтындағы ауытқуы. 
Қазіргі таңда барлық шет елдерде (АҚШ, Англия, Германия және т.б.) 
«олигофрения» кемеліне жетпегеніне байланысты оны алмастыратын 
жаңа терминдер пайда болуда. Келесі атаулар ұсынылады: «зияты 
зақымдалған», «интеллектуалды мүмкіндіктері шектелген», «ой-өрісінің 
жетіспеушілігі бар», «дамуынан артта қалған балалар» және т.б. 
олигофренияның жеңіл деңгейінен күрделі деңгейін бөліп көрсетуге 
талпыныстар қолданады (имбецильдік, нақұрыстық). 
Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалардың құрамын бас миының 
органикалық зақымдануынан жоғары психикалық функциялардың 
(қабылдау, ерікті зейін, сөздік-логикалық ойлау, сөйлеу) тұрақты түрдегі 
бұзылуына ұшыраған балалар құрайды. 
«Ақыл-ой 
дамуындағы 
кемшілік» 
түсінігі 
психологиялық-
педагогикалық тұрғыда бұзылу симптомдары мен пайда болу уақытысына 
қарай
 олигофрения мен деменцияға бөлінеді.
Олигофрения 
(грек тілінен аударғанда оlygos – аз, кішірею, рhren – 
ақыл) – тұқымқуалаушылық жолмен таралатын патологиялық жағдайлар, 
хромосомдық аберрация әсерінен орталық нерв жүйесінің ұрықтық даму 
кезеңінде, постнатальды дамудың ерте кезеңінде (2 жастан-2,5 жасқа 
дейін) зақымдануынан болатын психикалық жетіспеушіліктің күрделі 
формасы. 
Олигофрения кезіндегі органикалық жетіспеушілік психиканың 
жалпы даму заңдылықтарына байланысты түзету әрекеттеріне бейімділік 
көрсеткенімен, ОНЖ-нің тұрақты түрдегі бұзылу салдарынан тежелуге тән 
белгілерді береді. 
Деменция 
(латын тілінен аударғанда dementia – аз милылық) – 
танымдық әрекеттердің тұрақты түрдегі әлсіреуі. Деменцияның негізгі 
себептері нейроинфекцияның, соққылардың әсерінен резидуальды-
органикалық 
бұзылулармен 
түсіндіріледі. 
Деменция 
кезінде 
гидроцефалия, ОНЖ-нің аурулары, шизофрения, эпилепсияның әсерінен 
интеллекті төмендейді. 
Қазіргі кезде ақыл-ой кемістігінің қосымша психопатологиялық 
синдромдары бар балаларды жиі кездестіруге болады: гипердинамикалық, 
психикалық тежелуге ұқсас, эпилептифтік формада, невротикалық талып 
қалулар. Бас миының зақымдалу уақыты мен деңгейіне және клиникалық, 
психолого-педагогикалық сипаттына қарай зияты зақымдалған тұлғалар 
әртүрлі болып келеді. 


175 
Халықаралық классификацияға сәйкес (МКБ-10), ақыл-ой кемістігінің 
төрт түрін ерекшелейді: жеңіл (IQ - 40-69), орташа (IQ - 35-49), ауыр (IQ - 
20-34) және терең (IQ - 20-дан төмен)
1

Қазақстандық 
олигофренопедагогикада 
көбінесе 
(МКБ-10) 
классификациясы кеңінен қолданды. Осыған сәйкес ақыл-ой кемістігінің 4 
түрін ерекшеледі: F70 – жеңіл денгейі; F71 – орта денгей; F72 – ауыр 
дендейі; F73 – терең денгейі. 
Ақыл-ой кемістігінің жеңіл түрі – ақыл-ой кемістігінің басқа түріне 
қарағанда жиі кездеседі. Бұндай балалар өз құрдастарының дене дамуы 
мен бітімінің дамуы жағынан арта қалады. Олар кеш жүреді, сөйлейді, 
кеш уақытта өзін-өзі күту дағдысын меңгереді. Бұл балалар епсіз, әлсіз, 
жиі ауырады. Оларда айналасындағы қызығушылықтары өз бетімен 
қалыптаспайды, заттарды зерттемейді, ол туралы үлкендерден сұрамайды, 
табиғатта және әлеуметтік өмірде болған құбылыспен процестерге 
немқұрайлы қарайды. Мектепке дейінгі жастың соңында, олардың сөздік 
қоры өте шектеулі болады. Балалар қарапайым мазмұнды жеткізе 
алмайды. Пассивті сөз қоры қалыпты жағдайға қарағанда көлемі жағынан 
аз, олар 2-3 сөзден тұратын сөйлемдерді түсінбейді. Мектеп жасында олар 
әріптесінің сұрағын жақсы түсінбейтіндіктен әңгімелесуден қашады. 
Коррекциялық оқытусыз мектепке дейінгі жастың соңында, бұл балаларда 
тек заттық әрекет қалыптасады, ал ойындық әрекет жетекші болып 
қалыптаспайды. Төменгі мектепке дейінгі жаста, оларда ойыншықтармен 
мақсатсыз әрекеттер пайда болады, жоғарғы мектеп жасына дейінгі жаста 
заттық-ойындық әрекеттер пайда болады (қуыршақты тербету, машинаны 
жүргізу). Ойындық әрекеттері сезімдік реакция мен сөйлеусіз жүреді. 
Сюжеттік-рөлдік ойыны арнайы оқытусыз, өзбетінше қалыптаспайды. 
Ақыл-ойы кемтар бала ойнай алмайтындықтан (ережелерді түсінбейді, 
ретін сақтай алмайды, моторикасында ауытқушылықтары бар т.с.с), оны 
қалыпты құрбылары ойынға қабылдамайды. Ол әріптестерінің арасында 
теріс қаратылып, өз жасынан кіші балалармен ойнауға мәжбүр болады. 
Мұндай бала жалпы үлгідегі бала-бақшада, қарапайым математикалық 
елестерін қалыптастыру, тіл дамыту, айналамен танысу, құрастыру 
бойынша сабақтарда бағдарлама материалын меңгеруде тұрақты 
қиындықты сезінеді. Егер бала балабақшада арнайы түзетушілік көмекті 
алмаса, оның мектепте оқуға дайындығы қалыптаспайды. 
Оқу барысында көптеген қиыншылықтарға ұшырайды. Ойлауының 
жетілмеуіне байланысты заттарды топтастыруда, себеп-салдарын 
анықтауда көптеген түсінбеушілік туады. Сауат ашу кезеңінде әріптер мен 
дыбыстарды ажырата алмайды. Оқу дағдысын меңгергенімен оқыған 
мәтіннің мағынасын түсінбейді. Математика оқыту барысында 
арифметикалық есептерді шешуде көптеген қиындықтар кезедеседі. 
Сонымен қатар таным іс-әрекеті жеткіліксіз болғанымен оқуға қабілеті 


176 
бар. Арнайы мектепте 9 жылдың ішінде шамамен бастауыш сыныптың 
бағдарламасын меңгере алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет