«Арнайы пәндерді (модульдерді) clil, tblt әдістемелері және boppps моделін қолдана отырып ағылшын тілінде оқыту» педагогтерге арналған біліктілік арттыру курсы
«Арнайы пәндерді (модульдерді) CLIL, TBLT әдістемелері және BOPPPS моделін қолдана отырып ағылшын тілінде оқыту» педагогтерге арналған біліктілік арттыру курсы
Бағдарламаның мақсаты:
CLIL (КЛИЛ), TBLT (ТиБиЭлТи) және BOPPPS (БОПС) модельдері әдістемесіне педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестіріліген тұлғаларды оқыту
Ағылшын тілінде арнайы пәндерді оқыту үшін педагогикалық қызметкерлердің кәсіптік құзыреті, практикалық білім, білік және дағдыларын қалыптастыру
CLIL (КЛИЛ), TBLT (ТиБиЭлТи) және BOPPPS (БОПС) модульдеріағылшын тілінде арнайы пәндерді (модульдер) оқытуға практикалық білік пен дағдыларды дамыту
Бағдарламаның міндеттері:
CLIL, TBLT әдістерінің және BOPPPS моделінің негізгі түсініктерін зерделеу
Арнайы пәндерді (модульдерді) ағылшын тілінде оқыту процесінде CLIL, TBLT әдістерін және BOPPPS моделін қолдану ерекшеліктерін зерделеу
CLIL және TBLT әдістерін немесе элементтерін пайдалану арқылы BOPPPS моделінің үлгісіне сәйкес сабақ жоспарлау дағдылары мен құзыреттіліктерін қалыптастыру
Арнайы пәндерді (модульдерді) ағылшын тілінде оқыту процесінде критериалдық бағалау дағдыларын қалыптастыру
Күтілетін нәтижелер:
Курсты аяқтағаннан кейін тыңдаушылар:
1) CLIL және TBLT әдістері бойынша оқытудың ерекшеліктерін;
BOPPPS үлгісіне сәйкес сабақты жоспарлаудың принциптерін біледі.
2) CLIL әдістерін қолдана отырып сабақ жүргізуді;
CLIL әдістемесін және TBLT әдістемесінің элементтерін интеграциялау арқылы сабақты жоспарлау және өткізуді біледі.
3) BOPPPS моделін қолдана отырып сабақты жоспарлауды;
арнайы пәндерді (модульдер) ағылшын тілінде жүргізу процесінде критериалдық бағалау әдісін қолдануды біледі.