Арнайы психология пәні мен әдістері Дайындаған: Дефектология курс(сырттай, жылдық) студенті Кемелханова Камария


Арнайы психологиядағы компенсация теориясы



бет4/6
Дата06.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#11670
1   2   3   4   5   6
Арнайы психологиядағы компенсация теориясы

Орнын толтыру (компенсация) – даму кемістігі немесе зақымдану нәтижесінде жойылған, бұзылған қызметтердің орнын толтыру. Орнын толтыру күрделі, көп деңгейлі үдеріс. Бұған зақымданған және жоғалған қызметтерды қалпына келтіру мен алмастыру енеді. Кемістіктің орнын толтыру, ағзаның бейімделу реакциясының бір түрі.

Дамудың алғашқы және туынды кемістігі туралы ұғымды Л.С.Выготский енгізді. Алғашқы кемістіктер қандай да бір биологиялық жүйенің (анализаторлар, ми бөліктері) патогендік факторлардың әсерінен органикалық зақымдануы мен жетілмеуі нәтижесінде пайда болады. Туынды кемістіктер – бірінші кемістіктерден туындамайтын, бірақ солардың негізінде қалыптасатын (саңыраулардың сөйлеу тілінің бұзылуы, соқырлардың қабылдау және кеңістікті бағдарлау қабілетінің бұзылуы, т.б.) психикалық жетілмеу және әлеуметтік мінез-құлықтың бұзылуы тәрізді сипатқа ие. Кемістік биологиялық негізден қаншалықты алыс болса, соншалықты психологиялық – педагогикалық коррекцияға оңай көнеді. «Элементарлық функциялармен салыстырғанда жоғары функциялар анағұрлым тәрбиеге көнгіш болады». Даму процесінде бірінші және екінші кемістіктер арасындағы, биологиялық және әлеуметтік шартты бұзылулар арасындағы қатынастар өзгереді. Егер оқыту мен тәрбиелеудегі негізгі кедергі органикалық кемістік болса, яғни, туынды кемістік бағыты «төменнен жоғары» болған жағдайда дер кезінде коррекциялық – педагогикалық жұмыстар басталмаса, екінші кезекте пайда болған психикалық жетілмеулер мен жеке тұлғалық қалыптың бұзылуы баланың әлеуметтік ортаға деген, өзіне деген кері, жағымсыз көзқарасының қалыптасуында жетекші орын алады. Психологиялық қиын мәселелер шеңберін кеңейте отырып, туынды кемістік барлық элементарлық психикалық функцияларға өзінің кері ықпалын жасай бастайды, патогендік әсерлер «жоғарыдан төмен» қарай бағытталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет