Арнайы психология пәні мен әдістері Дайындаған: Дефектология курс(сырттай, жылдық) студенті Кемелханова Камария


Л.С.Выготскийдің кемістік пен оның орнын толтыру туралы ілімі



бет6/6
Дата06.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#11670
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Арнайы психология(презентация)

Л.С.Выготскийдің кемістік пен оның орнын толтыру туралы ілімі

А.Адлерден кейін Л.С.Выготский де функционалдық позициядан алғанда қандай да бір органикалық кемістік баланың кеміс екендігіне дәлел еместігіне назар аударады. Кемістіктің әсері ылғи да екі жақты: бір жағынан, ол ағзаның қалыпты әрекетін қиындатады, екінші жағынан — кемістіктің орнын толтыратын басқа функциялардың қарқынды жетілуіне жағдай жасайды. Л.С.Выготский былай деп жазады: «жалпыға бірдей бұл заң ағзаның биологиясына да, психологиясына да бірдей қатысты: кемістік минусы компенсация плюсіне айналады». Психикалық функциялардың кемшілігі мен зақымдануларын компенсациялау тек жанама жолмен жүзеге асырылады. Жанама жолға жататындар – жүйе ішілік қайта құрулар (жойылған функциялардың сау компоненттерін пайдалану) немесе жүйе аралық, мысалы, соқырлардың оптикалық заңдылықтарды меңгере алмауы сипап сезумен компенсацияланады (Брайль шрифті). Л.С.Выготский баланың мәдени дамуының жанама жолынан емдік педагогиканың негізін көреді: «Кеміс баланың өзіндік дұрыс келбеті оның қандай да бір функциясының жоғалуынан қалыптаспайды,сол жоғалған функцияның бала дамуында жаңа бір құрылымдарды туғызатындығынан, яғни, жеке тұлғаның өз кемістігіне деген реакциясы мен даму процесіндегі компенсациясы».

Л.С.Выготскийдің психология ғылымында ерекше орын алатын теориясы — бала дамуының жақын арадағы аймағы деп аталады. Бұл теорияның түпкі мәні — баланы тәрбиелеп оқыту, оған білім беріп, дүниетанымын қалыптастыру үнемі онын табиғи даму деңгейінен оздырып отыруды талап етеді.

Мұндай талап біріншіден, баланың психикасын, оның жан дүниесінің дамуын, ақыл-ой деңгейін өрістетіп, оны жетілдіруде шама-шарқы жетерлік оқу-білім алуға, оны ездігінен ойлантып-толғантуға, әрбір зат пен құбылыстың мазмұн-мағынасын пайымдап білуіне жетектеп отырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет