Абилитация – ауру балалардың қабілетінің дамуына мүмкіндік жасауға бағытталған. Ал, реабилитация – балалардың болып кеткен қабілеттілігін қайта қалпына келтіруге бағытталған.
1991 жылы 21 маусымда «Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Аталған заңда мүгедектердің тіршілік етуіне тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін әлеуметтік – экономикалық, құқықтық және ұйымдық жағдайлар жасалуына кепілдік берілетіні айтылды. Заң бойынша және өзге де заң актілерінде әлеуметтік қорғалуы жан-жақты анықталып, мүгедектерге көптеген жеңілдіктер берілген еді. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясат Қазақстан Республикасының «мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылы 13 сәуірде қабылданған Заңына негізделеді. Бұл заң Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудің, олардың тіршілік-тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайды. Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаты:
мүгедектердің алдын алуға;
мүгедектерді әлеуметтік қорғауға, соның ішінде оңалтуға;
Интеграция (шоғырлану, бiрiгу) - мектепке дейiнгi балалардың дамуына бала туғаннан кейiнгi тұзету жұмыстарын алға қою; «Интеграция» термині әдебиеттерде XIX ғ. бастап кездеседі және қайта құру, толықтыру ретінде түсіндіріледі. Мұндай түсіндіру адам білімінің әртүрлі салаларында кеңінен қолданылуды қарастырады. Бұл ұғымның педагогикада пайда болуы және оның дамуы білім кеңістігінде жүріп жатқан объективті процестермен байланысты. Қазіргі уақытта интеграция шешуші мәнге ие болып, білім беру жүйесі дамуының басым бағытына айналды. Біріншіден, бұл бағытта жүріп жатқан өзгерістер ғылыми талдаудың жаңа пәндерінің пайда болуы ғылымның жүйелі түрде дамуының сәті болып табылады. Пайда болған құбылыстар әртүрлі ғылымдар үшін зерттеудің жалпы пәндерін анықтай отырып, шын мәнінде ықпалдастық сипатында болады. Екіншіден, педагогика ғылымының дамуындағы іріктеу процестері педагогикалық шынайы болмыстың жаңа феномендерін табу және зерттеу, олардың қасиеттерін белгілеу және зерттеудің ғылыми объектіне сәйкес келетін өзіне тән ерекшеліктері бар теориялық принциптер мен әдіснамалық құралдарды анықтау бойынша күш-жігердің көрінісі болып табылады. 48 Рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың мақсаты: педагогикалық іс-әрекет арқылы жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайларды жасау. Интеграция компоненттері: мақсаттық компонент, басқару компоненті (педагогикалық ұжым, педагог), интеграт (құндылықтар жүйесі), оқу пәнінің мазмұны (дидактикалық бірліктер), ықпалдастық процесі (кезеңдер, формалар, әдістер, тәсілдер және т.б.), ықпалдастық іс – әрекеті, ықпалдасу нәтижесі. Интеграция механизмдері: метатіл, мазмұнның, тапсырманың, мінез-құлық ережелерінің акцентуациясы, оқу тілдерінің креолдануы. Интеграция процесінің тәсілдері: жалпылаудың, экстраполяцияның, нақтылаудың түрлері, әртүрлі құбылыстар мен процестердің салыстырмалы талдауы, ғылыми параллельдер мен ұқсастықтарды пайдалану, әртүрлі объектілерді талдауға жалпы тұрғыдан келуді ашып көрсету, себеп-салдардық байланыстарды басқа пәндерден алынған білімдерге сүйене отырып біріктіру. Интеграция іс-әрекеті: ойындардың түрлері – шапшаң, спорттық, іскерлік, рөлдік, дидактикалық, педагогикалық. Ойын іс-әрекетінің элементтері – оқу іс-тәжірибесі процесіндегі педагогикалық міндеттердің теориялық шешімдері, педагогикалық жағдайларды модельдеу, өзін-өзі талдау, педагогикалық іс-тәжірибе кезеңіндегі тапсырмаларды өз бетінше шешу және т.б. Нәтиже: студенттің педагогикалық мәдениеті деңгейінің жоғарылауы.