Арнайы психологияның қолданбалы мәселелері



бет2/3
Дата02.06.2023
өлшемі22,82 Kb.
#97782
1   2   3
Байланысты:
Тастан Дана 5апта арнайы психология

Әлеуметтік адаптация - индивидтің әлеуметтік ортаның шарттарына бейімделуі. Әлеуметтік адаптация типтері: ортаға белсенді ықпал ету, әлеуметтік топтың құнды бағдарлары мен мақсатын енжар, көніп қабыл алу. Әлеуметтік адаптация индивидтің әр түрлі әлеуметтік рольдерді қабыл алуымен, өзін және өзінің әлеуметтік байланыстарын барабар бейнелуімен байланысты. Әлеуметтік адаптацияның бұзылуы болып әлеуметтік жат мінез-құлық, маргиналдық, алкоголизм мен нашақорлық табылады.

Кеміс балалар педагогикасы негізінің басты мәселелерін іздестіріп жүйеге келтірілген зертгеуші Куртман. Оның айтуынша соқыр, саңырау, кемақыл баланы дені сау баламен салыстыруға болмайды. Біздерде және еуропалык еддерде кеңінен тараған кеміс балаларды тәрбиелеу теориясының тәжірибелерінің бастамасы мен сарқындысын осы пікірге әкеп тірейміэ. Ал біз бұл мәселені педагогикалық және психологиялық тұрғыдан оны керісінше дәлелдеп, соқырды, саңырауларды, кемақылдарды сол дені сау балалар қатарында зертгеуді қажет деп санаймыз.П.Я.Трошин осы ретге «шын мәнісінде кеміс балалардың дені сау балалардан айырмашылығы жоқ дейді, олар екеуі де адам, екеуі де бала, екеуіңің өсіп қалыптасу заңдылығы бірдей. Олардың айырмашылығы өмірге келгеннен кейінгі өсіп жетілуінде. Мұндай зерттеушілердің көзқарастары психология мен педагогика — тұрғысынан қарағанда әлеуметтік жағдайлардан гөрі биологиялық бағытты қолдайтындығын көрсетеді. Бұл бағыттың дәлеліндегі қателік жері кеміс балаларды ауру деп санайды да, ал олардың дұрыс дамымау себептерін қоғамдық өмірдің қолайсыз жағдайларына байланысты екендігіне жете мән бермейді».


Кеміс балаға тек ауру жағынан ғана карау біздің теориямыз бен практикамызды қауіпті теріс бағытқа бұрып жібереді. Біз кемістікті жан-жақты алып мұқият тексереміз. Жиі кездесетін ауру түрлерін анықтап, олардың қаншасы соқыр, қаншасы саңырау, қаншасының дәм сезімінін түйсінуі т.б. сондай өзге де кемістіктерін анықтап, олардың денсаулық деңгейін жете аңғара бермейміз. Осы уақытка дейін тәрбиенің 9/10 бөлігі баланы ауру деп санап, ал оның денсаулығының қандай екендігіне көңіл бөлінген жоқ. Соқырларды зерттеуде ғылыми психологияның ұраны «алдымен адам, сосын ерекше немесе «соқыр адам» деп санау болды. Мұндай түсінік соқырдың арнаулы психологиясың екінші орынға ығыстырды. Нақты айтқанда, сокырлықтың (саңыраулыктың) психологиялық факторы сол кеміс балалардың өздері үшін еш маңызды мәселе деп саналмады. Көретін адамдар соқырларды су караңғы ешнәрсені көре алмайды деп ойлайды. Кемістер психологаясың бұлай деп түсіну қате. Біз өзімізбен салыстырып соқыр көрмегені үшін қатты қайғырып мұңаятын шығар деп ойлаймыз. Өзі соқыр А.М.Щербина, В.Короленко пікірлерін терістеп, оның психологиялық көзқарасының дұрыс еместігін айтады».
Қазіргі таңда психологиялық –педагогикалық әдебиетте коррекциялық–педагогика- лық іс-әрекетті жүйелі зерттеу мәселесі, коррекциялық іс-әрекет пен біртұтас педагогика- лық процестің байланысын қарастыру мәселесі әлі де толықтай шешімін таппаған. Мінез –құлқы мен дамуындағы ауытқушылығы бар балалармен коррекциялық –педагогикалық іс -әрекеттің мәні мен табиғатын айқындау үшін арнайы білім беру мекемелерінің педагогикалық практикасына, дефектология мен арнайы психология мен педагогика саласындағы зерттеулерге сүйенеміз. Педагогикалық энципклопедияда коррекция ұғымы аномалды балалардың психикасының және дене бітіміндегі кемістігін педагогиканың тәсілдері мен іс –шаралардың арнайы жүйесі көмегімен түзету болып айқындалады. Коррекция педагогикалық ықпал ретінде қарастырылып, жеке дефектіні түзетуге бағытталған машықтанушы жаттығулар ғана емес, бала тұлғасына бүтіндей ықпал ету болып ұғынылады. Арнайы анықтамалық әдебиетте «коррекция» аномалды балалардың дамуындағы кемістікті әлсірету немесе жоюға бағытталған, сонымен қатар жеке ауытқушылықты ғана емес аномалды балалардың тұлғасын қалыптастыруға бағытталған арнайы педагогикалық іс –шаралар жүйесі болып табылады. Дамуында ауытқуы бар балалармен коррекциялық жұмыстың мазмұны мен мәнінің сұрақтары – оның негізгі болатын компоненттері мен жетекші бағыттары коррекциялық процестің диагностика мен технологиялық өткізу ерекшеліктеріндегі бұл арнайы психология мен педагогиканың ғылыми салаларының пәні, дефектология ғылымының оның ішкі саласына кіретін нысаны болып табылады. Педагогикалық энциклопедиясында коррекциялық түсінігі арнайы педагогикалық жүйенің қабылдауы мен шаралардың көмегімен аномальды балаларда психологиялық, физиологиялық дамуының кемістіктерін түзету болып анықталады. Коррекциялық әрекетті зерттеумен айналысқандар В.В. Воронкова, И.Г. Еременко, С.Д. Забрашная, В.А. Лапшин, Б.П. Пузанов және т.б. Коррекциялық педагогикалық әрекет – бұл психофизиологиялық және әлеуметтік- педагогикалық күрделі құбылыс, білім беретін (оқыту, тәрбиелеу және дамыта-түзету) процестің бәрін қамтитын, бүтін педагогикалық жүйе ретінде шығады, содан әрекеттің объектісі мен субъектісі кіреді, оның мақсаттының, мазмұнының, операциялық - әрекеттелген және бағаланатын – қорытындысының компоненттері. Сондықтан диагностикалық – коррекция, коррекциялық – дамытушы, коррекциялық – профилактикалық, тәрбиелік- коррекциялық, корекциялық – білім беретін, психокоррекциялық әрекет жәәне т.б.қолданылады.


Коррекциялық–педагогикалық іс-әрекет –білім беру процесін қамтитын күрделі психофизиологиялық және әлеуметтік–педагогикалық құбылыс, ретінде біртұтас (педагогикалық іс -әрекет обьектісі, субъектісі, мақсат, мазмұн, тәсіл, бағалау, нәтиже) айқындалады.
Коррекциялық –педагогикалық іс -әрекеттің түрлері:
•Диагностикалық –коррекциялық;
•Коррекциялық –дамытушылық;
•Коррекциялық –алдын-алушылық;
•Тәрбиелілік-коррекциялық;
•Білімділік-коррекциялық;
•Психокоррекциялық іс-әрекет;
Арнайы коррекциялық –педагогикалық іс -әрекеттің принциптері: коррекциялық, алдын-алушылық, дамытушылық міндеттердің жүйелілігі. Жүйелілік бала тұлғасының әр түрлі жақтарының дамуының өзара байланысын бейнелейді және біркелкі болмауы мәселесін де қарастырады. Бала тұлғасының дамуының әркелкілігі заңы әр адамның бір жас кезеңінде әр түрлі даму деңгейінде болатындығын көрсетеді:

  • Қолайлы деңгей нормаға сәйкес даму

  • Тәуекел деңгейі дамудағы қиындықтың туындау мүмкіндігі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет