Арнаулы бiлiм министрлiгi



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата22.12.2016
өлшемі1,14 Mb.
#67
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  ЖОҒАРЫ   ЖƏНЕ ОРТА              
АРНАУЛЫ БIЛIМ МИНИСТРЛIГI 
 
 
 
 
 
БЕРДАҚ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҚАЛПАҚ МЕМЛЕКЕТТIК 
УНИВЕРСИТЕТі 
 
 
Е.СЕЙТЖАНОВ 
 
 
 
 
                  ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТI ТАРИХЫ 
Қазақ филологиясы бөлімі студенттері үшін көмекші құрал 
 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                
 
 
 
                        
                          
 
 
                                      Н Ө К I С- 2 0 10  жыл 
 
 
 
 
 

 
2
 
Бұл  көмекші  құрал  қазақ  филологиясы  бөлімі  бакалавр  бағдары 
студенттері үшін көмекші құрал ретінде қолданылады.Көмекші құрал Қазақ 
əдебиеті тарихы пəні бағдарламасына негізделіп жасалған 
 
 
 
 
 
Жауапты редактор:   филология ғылымдарының кандидаты,Қ.Аралбаев 
 
 
Пікір білдіргендер 
Филология ғылымдарының кандидаты Ж.Низаматдинов 
Филология ғылымдарының кандидаты И.Дилманов 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Көмекші  құрал  Бердақ  атындағы  Қарақалпақ  мемлекеттік  университеті 
ғылыми-методикалық  кеңесінің 20___, _________ №      баяндамасымен  баспаға 
ұсынылған. 
 
 
  Бердақ атындағы ҚМУ, 2010. 

 
 
 
3
                                                   Кіріспе 
XV-XVI  ғасырлардан  бастап  қазақтың  өзіндік  төл  əдебиетінің  іргесі 
қаланып,  əдеби  тілі  қалыптасады.  Осы  кезден  бастап  əдебиет  тарихында  қазақ 
авторлары,  жеке  жыраулары  мен  ақындарының  есімдері  белгілі  болады.  Дара 
ақындық  творчество  бой  көрсетеді.Профессор    Е.Ысмайылов    айтқандай,  
жыраулар  да  ақын,  көркем  сөз шығарушы өнерпаз, ауыз əдебиетінің өкілдері. 
Жыраудың ақыннан өзгешелігі шығармаларының сарыны мен тақырыбы бірыңғай 
болып  келуінде.  Адам  басындағы  қайғыны,  зарды,  ел  ішіндегі  ауыртпалықты 
толғау,  əлеуметтік,  елдік  мəселелерді  көтеру,  тағы  басқа  əр  түрлі  өткен-кеткен 
көңілсіз  күйлерді  шерту,  болашақты  болжап,  ақыл  айтып,  батагөйлік  ету, 
шешендік  түйіндер  жасап,  терең    ой    қозғау    жыраулардың    дəстүрлі  
ерекшеліктері.  Бірыңғай    тарихи  тақырыптарды,  əлеуметтік-қоғамдық 
мəселелерді,  ерлер  мен  хандар  ісін,  елдің  жай-күйлерін,  қонысын,  өткені    мен
  болашағын  толғап,  осы  мəселелер төңірегіндегі өкініштер мен өксіктерге бой 
ұра,  кейде  тіпті  зарыға  жыр  толғап  отыру-жырауларға  тəн  қасиет.Қазақтың 
есімдері ел аузында жүрген жыраулары көп-ақ. Бірақ олардан бізге  жеткен  мұра  
жоқтың    қасы.  Мысалы,  проф.  Ə.Марғұланның    айтуына  қарағанда,  Махмут 
Қашғари  сөздігінде  Шөже  жырау  аталады  екен.  Ол  XІ  ғасырда  көшпелі 
түріктерден шығып, көп жыр білген жыршы болыпты. 
             IX  ғасырдан  қобызшы  жырау  Қорқыт, XІІІ  ғасырдан  найман  Кетбұқа, 
Ұлық  жыршы  (кей  деректе  Аталық  жырау)  дегендерді  білеміз.  Аталық  жырау 
«Жошы  хан  өлімін  естірту  сөзі»  арқылы  есте  сақталған  жəне  ол  туралы  қазақ 
аңызымен қатар Ибн-ал-Асир шежіресі де хабарлар береді. 
     XІV  ғасырдан    Сұрғалтай    ұғлы    Сыпыра    жыраудың    есімі    мəлім.  Оны 
Ш.Уəлиханов    деректеріне    сүйене    отырып,  профессор    Ə.Марғұлан    қыпшақ 
руынан шыққан, ұзақ өмір сүрген, тарихта ноғайлы жырларын туғызған жыр- шы 
деп  мəлімдейді.  Зерттеуші  Сыпыра  жыраудың  аса  шешен  болғанын  жəне  оның 
көшпелі қыпшақ еліне беделді адам саналғанын атап көрсеткен. 
Сыпыра  жырау Тоқтамыс  хан  тұсында  X8V  ғасырда  жасаған  жыршы. 
Маңғыстау    мен    Жайық    бойын,  Сарайшық    қаласын    мекендеген.  Жырау 
сөздерінің  кейбір  үлгілерін  В.Радлов  пен  Ильминскийлер  жинақтарынан  да  жиі 
ұшыратамыз.  Басқа    да    қол    жазба    мүліктерде    жырау    нақылдары    кездесіп 
қалады.Сыпыра  жыраудың  кейбір  өлеңдерінен  Шоқан  жеке  үзінділер  де 
келтірген. 
          Жыраудың    өз    атынан    айтылған    сөздерге    сенсек,  ол    бірнеше  
хандардың тұсында жасап, 180 жасқа келіп өлген. 
Мен қартыңмын, қартыңмын,  
Не көрмеген қартыңмын,  
Бастыққа бастық, Бастық хан,  
Оны көрген кəріңмін. 
Одан соңғы Кедей хан,  
Оны көрген кəріңмін.  
Онан соңғы Ала хан,  
Оны көрген кəріңмін.  
Онан соңғы Қара хан,  

 
 
 
4
Оны көрген кəріңмін.  
Он екі тұтам оқ атқан,  
Онан соңғы ер Шыңғыс 
 Оны да көрген кəріңмін,  
Мұнарасы қырық құлаш 
Өзден сұлтан Жəнібек 
Оны көрген кəріңмін. 
Ұлы бабам Домбауыл, 
 Соны көрген кəріңмін. 
 Жүз сексенге келгенде, 
Шықпаған жан жүрегінде...  
Сонша хандар өткенде,  
Жас та болсаң Тоқым хан Сені көрген кəріңмін. 
«Ер-Тарғын», «Едіге», «Қырымның қырық батыры» жырларында да жырау  
есімі  аталатыны  əркімге  мəлім. Бір  ескерерлік  жай,  Сыпыра  жырау түсінігінде  
Едіге  ұнамды  адам  емес.  Ол  Едігеге  наразы  адам.  Сондықтан Тоқтамысқа 
берген  ақылында  «Едігені    басқа  хандыққа  өткізбей,  алдап-сулап  болса  да  қолға 
түсір,  шақырып  алып  басын  ал»  дейді.  Бұған  қарағанда,  ол  Тоқтамыс  пен  Едіге 
араларында  болған  жанжалдарға  бейтарап  емес.  Тоқтамыс  жағының  жоғын 
жоқтаушы. 
          Жырлардағы Сыпыра жырау хан мен батырлар арасына бітім айтқан 
дана, ақылгөй, сəуегей адам. Сыпыра жырау  атынан айтылатын толғау кейіпкер 
сөзінен  гөрі  ақындық  арнауға  ұқсаңқырайды.  Бұған  қарағанда,  ол  «Ер 
сайын»,«Қобыланды», «Ер  Тарғын»  сияқты  ноғайлы  циклындағы  жырларды 
шығаруға  араласқан  ақыл  болуы  ғажап  емес.  Бұл  пікірді  бізден  басқа  да 
зерттеушілер  айтып  келеді.  Мысалы,  С.Мұқанов,  Е.Ысмайылов,  Ə.Марғұлан 
пікірлері де осындай.Профессор  Е.Ысмайылов  тек  қана қазақ  жырлары  емес,  
ноғайлы,қарақалпақ,  басқа  да  орта  азия  халықтары  жырларының  авторы  да 
жыраулар  мен  шайырлар  деп  дəлелдейді.  Сондай-ақ, «Қазақтың  да  белгілі 
батырлар  жырын  ең  əуелі  Шалгез,  осы  Сыпыра  жырау,  Жиен  сынды  жыраулар 
шығарып таратса керек»-дейді. 
         Сəбит  Мұқанов  «Сыпыра  жырау,  Асан  қайғы,  Бұқар  жыраулар  
XIXғасырға  дейінгі  қазақ  ақындарының  символы,  олар  хан  қасында  отырып 
батырды  жырлаумен  қатар,  сол  кездегі  мемлекет  мəселесін  шешуге  қатысады» 
деп ескертеді. 
           Сыпыра    жырауды    еске    салатын    қазақ    ақындарының    сөздерін,  
атап  айтқанда,  Мұрын  жырау,  Жамбыл,  Нұрпейіс  пікірлерін  естен  шығармау 
керек. Олар   Сыпыра   жыраудың   тарихта   болған   кісі   жəне   көп   жырлардың 
шығарушысы  екеніне  күмəн  келтірген  емес.Бірақ,  Сыпыра  жыраудың  қоғам 
ортасындағы  орны,  қай  жерде  болғаны  туралы  деректердің  аздығы  ол  туралы 
түйінді, толық пікір қорытуға əзірше мүмкіндік бермей отыр. 
          Халық  жырларында  көп  кездесетін  екінші  ақынның  аты - Шеге.  Ол 
кейде  ақын,  кейде  жырау  деп  аталады.  Оның  ақындық  өнері  де  халқымызға  тəн 
ше- шендікті,  шеберлікті  елестетеді.  Бұл  да  тарихта  шын  болған  шабытты 
ақындардың  бірі  болуы  мүмкін.  Бірақ  Шегенің  дəл  қай  кезде  өмір  сүргені  би- 

 
 
 
5
мағлұм.  Шегенің  атын  біз  бірінші  рет  ноғайлының  жыры  «Қыз  Жібектен»  ғана 
естиміз. Тегінде, Сыпыра жырау мен Шеге  ақын орыстың «Игорь полкы туралы  
жырында»  кездесетін  Баян  сияқты  ақын.  «Игорь  жырын»  зерттеуші ғалымдар  
жырдағы  Баянды  тек  кейіпкер  деп  қана  қарамайды.  Оны  орыс князьдарын 
дəріптеуші  ақын,  тіпті  сол  жырды  шығарушы  автор  болуы  да  ғажап  емес  деген 
болжаулар айтып жүр. Мысалы, осындай пікірді орыс əдебиетін зерттеушілердің 
бірі  Д.С.Лихачев  айтады.Кейін  шыққан  Жанақ  айтысында  Құтан  ақын  дегеннің 
аты аталады. Жанақтың айтуынша, ол Арғын руының ең ескі ақыны болса керек. 
Арғынның түп атасы ақын Құтан, 
Өлеңге бізден ұста болса керек. 
Профессор  Ə.Марғұлан  ескі  жырларда  кездесетін  «Суға  кетті  ер  Құтан» 
немесе «Қыпшақ князі Құтан» деп аталатын кісі де осы болуы ғажап емес,- дейді.          
Осыған жақын пікірді бұрын Г.Н.Потанин де айтқан. 
«Дотан»  батыр  жырында  да  бірнеше  ақындардың  аты  аталады.  Онда 
Шорман, Бақтияр деген ақындар белгілі. Жырдың «Ханымыздың бір баласы ақын 
Шорман», «Шынтемір  ханның  Баяқтияр  деген  ақыны  бар  екен»  деп  ке-  летін 
беттері бар. «Дотан» жыры да XVIII ғасырларда шықса керек. 
Тағы  бір  топ  адамдар  есімі  сөзге  шешен,  тапқыр  ой  иелері  ретінде  аңыз 
етіледі.  Бізге    кейінгі    дəуірге    жататын    шешен  би,  əділ  қазы  есепті  тарихта 
болған  адамдар  есіміне  байланысты  шешендік  сөздерде  жеткен.  Мысалы, 
Жиренше, қаз дауысты Қазыбек, Төле, Əйтеке-Қаражігіт, Ақтайлақ, Сырым билер 
айтыпты  дейтін  шешендік  сөздер  де  аз  емес.  Билер  сөздері  халықтық 
шешендіктен нəр алады, бұлар да əсерлі, үлгілі туындылар, афоризмдер.Кемеңгер 
Шоқан  «Жиренше  шешен,  Əз-Жəнібек  жəне  ноғайлы  философы  Асан  қайғының  
адамгершілік  нақылдары  қазақ  арасында күні бүгінге дейін қолданылып келеді» 
деп көрсеткен болатын. Сондай-ақ 
                        Түгел сөздің түбі бір,  
                       Сөз  атасы  Майқы  би.-деп  данышпан  Абай  да  билер  сөзінің 
маңызын  атап  көрсетеді.  Бұл,  əрине,  тегін  айтылған  сөздер  емес.  İлкі  сөз 
тудырушылар, өнер иелері осындай шешен адамдар екендігін ескерткендік болса 
керек.Бұлардан  басқа  ертеде  өмір  сүрген  жыраулардан  сөзі  сақталғандары. XV 
ғасырда  жасаған  Асан  мен  Қазтуған XVI ғасырда  жасаған  Шалгез,  Бекберген, 
Доспамбет XVI8 ғасырда  жасаған  Жиембет  пен  Мүйтен,  Марқасқа  жыраулар. 
Бұлардың  шығармалары  белгілі  бір  кезең  поэзиясына  тəн  əдебиетті  танытады. 
Енді    осы    аттары    аталған    жыраулардың    кейбіреулері    жайында    қысқаша 
мағлұмат бере кетелік. 
                           
                          Қазтуған жырау Сүйінішұлы 
        Қазтуған жырау ХV ғасырда өмір сүрген аты əйгілі батыр əрі шешен 
жырау.Халық  оны  Қарға  бойлы  Қазтуған  атап  кеткен.Қазтуғанның  туып  өскен 
қонысы-Еділден  бөліне  шығып,  онымен  жарыса  ағатын  Ахтуба,  Бодан  (Бузан) 
өзендерінің  бойы,  қазіргі  Красный  яр  қаласы  тұрған  маңай.  Қазтуғанның  қай 
жылдары өмір сүргендігі жайлы тиянақты мағлұмат жоқ. Жырау көшпенділердің 
шынжырбалақ  шұбартөс  əскери  аристократиясынан  шыққан  сияқты.  Халық 
аңыздарында ол қолбасы батыр. 

 
 
 
6
Өзіне арнаған мадақ жырында Қазтуған былай толғайдыҮ 
Бұдырайған екі шекелі,  
Мұздай үлкен көбелі, 
Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті,  
 
Адынасы шəй жібек оққа кірісті,  
Айдаса қойдың көсемі, 
Сөйлесе қызыл тілдің шешені, 
Ұстаса қашағанның ұзын құрығы, 
Қалайлаған қасты орданың сырығы,  
Билер отты би соңы, 
Би ұлының кенжесі,  
Буыршынның бұта шайнар азуы,  
Бидайықтың көл жайқаған жалғызы,  
Бұлыт болған айды ашқан, 
Мұнар болған күнді ашқан,  
Мұсылман мен кəуірдің 
Арасын өтіп бұзып дінді ашқан, Сүйінішұлы Қазтуған. 
   Осы    жолдардан  Қазтуғанның  жорықшы,  жауынгер  жырау  болғандығы 
көрінеді.  Сонымен  бірге  жыраудың  эпосшы  болғандығы  да  аңғарылады. 
Ноғайлы  цикліндегі  жырлардың  біразынан  Қазтуған  поэзиясының  əсері 
байқалады. Бұл тұрғыдан алғанда Қазтуған-қазақ эпосын жасаушылардың бірі.        
Бұлыт болған айды ашқан, 
                                Мұнар болған күнді ашқан,-деп шалқыған Қазтуғанның 
білегінің күші қаншалық болғанын біз білмейміз, ал   ақындығына   келсек,   оның   
мұндай      сөздерді      айтуға      толық      хақысы  болғандығы  көрінеді.  Алдымызда 
кеудесі  тола  жыр,  көмейі  күмбірлеген  ортағасырлық  жыраудың  таза  үлгісі  тұр. 
Шығармалары  сақталмай,  біздің  зама-  нымызға  аттары  ғана  жеткен,  өздері  аңыз 
кейіпкерлеріне  айналған  ұлы  жырау  Кет-Бұға,  Жұма-Құл,  Сыпыралардың 
поэзиясы жайында ештеңе айта алмаймыз. Бізге шығармаларымен жеткен бірінші 
ақын-осы  Қазтуған.  Қазтуғанға  дейінгі  жыраулық  поэзия  қандай  дəрежеде  еді, 
оның туу, қалыптасу, даму кезеңдері қандай болды - бұл жөнінде, өкінішке қарай, 
белгілі  бір  пікір  айту  мүмкін  емес.  Алайда,  тақырға  шөп  шықпайтыны  сияқты 
суреткер де өз беті- мен,  өзінен  өзі  туа  салмайды.  Қазтуған  нəр  алған  əдебиет-
əрине,  көшпенділердің  көне  поэзиясы,  Кет-Бұға,  Сыпыра  жыраулардың 
толғаулары. 
Қазтуғанның нақыл тақпақ, жыраулық ой тұрғысынан келетінҮ 
Балдағы алтын құрыш болат,  
Ашылып шапсам дем тартар,  
Сусыным қанға қанар деп,  
Арғымақтың баласы 
Арыған сайын тың жортар,  
Арқа мен қосым қалар деп.  
Ақ дария толқын күшейтер, 
Құйрығын күн шалмаған балығым 
Ортамнан ойран салар деп. 

 
 
 
7
Азамат ердің баласы Жабыққанын білдірмес, 
 Жамандар  мазақ  қылар  деп,-іспеттес  жолдары  жыраулық  поэзияның  
бізге  жеткен  ең  ескі  үлгісі.  Бұл  жерде  үлкен  ақыл  иесі,  кең  тынысты  жырау  бой 
көрсетеді. 
            Алайда  Қазтуғанның  ақындық  қуатын  танытатын  шығарма - оның 
туған  жермен  қоштасу  жыры.  Бұл  толғаудан  кейін  бүкіл  қазақ  поэзиясына  азық 
болған образдарды ұшыратамыз. 
Алаң да алаң, алаң жұрт,  
Ағала ордам қонған жұрт,  
Атамыз бізің бұ Сүйініш  
Күйеу болып барған жұрт,  
Анамыз бізің Бозтуған  
Келіншек болып түскен жұрт, 
Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт,  
Кінідігімді кескен жұрт, 
Кір-қоңымды жуған жұрт, 
Қарағайдан садақ будырып 
Қылшанымды сары жүн оққа толтырып, 
 Жанға сақтау болған жұрт ! 
Бұл жолдарда оқушысын баурап алатын ерекше бір күш бар сияқты. Аңдап 
қарасақ өзгеше ештеңе де жоқ, қарапайым сөздердің өзінде адамды елітер, ерітер 
қаншама сезім жатыр десеңізші!  
        Адамға    ең    ыстық-Отаны,  ата-бабасының    ғұмыр    кешкен,  өзінің  
туып,өскен  елі,  жері.  Сондықтан  да  Еділ  қымбатты,  сондықтан  да  Еділді  қиып 
тастап  кетуі  мүмкін  емес.  Жыраудың  туған  жерге  деген  махаббатында  шек  жоқ, 
бұл сезімде тіпті фəнилік емес бірдеңе бар. 
Салп-салпыншақ анау үш өзен,  
Салуалы менің ордам қонған жер.  
Жабағылы жас тайлақ 
Жардай атан болған жер,  
Жатып қалған бір тоқты  
Жайылып мың қой болған жер,  
Жарлысы мен байы тең,  
Жабысы мен тайы тең, 
Жары мен сайы тең,  
Ботташығы бұзаудай,  
Боз сазаны тоқтыдай,  
Балығы тайдай тулаған, 
Бақасы қойдай шулаған... 
Қазтуған  поэзиясы-табиғат  аясындағы    көңілі  таза  сəби  көшпендінің 
поэзиясы.  Бұл  поэзия  номадтың  санасының  қаншалық  дəрежеде  болғандығын 
көрсетеді,  оның  өзін  қоршаған,  əлі    адам  қолы  бүлдірмеген  табиғат  туралы 
түсінігінен    елес    береді,  өмірге    көзқарасын    білдіреді.  Табиғат    аясындапғы 
ақкөңіл  номадтың  қиялы  өзінің  ұшқырлығымен,  кеңдігімен,  сонымен  қатар 
балаңдығымен  бізді  таң  қалдырады.  Жырау  тудырған  кейбір  суреттер  мен  об- 

 
 
 
8
раздарға  біз  кішкене  баланың  құмнан  соққан  құрылыстарына  қараған  үлкен 
кісінің  сезімімен  қызықтай  қараймыз,  бірақ  күлмейміз,-таңырқаймыз.  Бұл  сезім 
кейде бас ұруға дейін жетеді. Өйткені Еділ жөнінде айтылғанҮ 
Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,  
Балығы көлге жылқы жаптырмас,  
Бақасы мен шаяны 
Кежідегі адамға 
Түн ұйқысын таптырмас,- 
деген жолдар қас суреткердің қолынан ғана шығуы мүмкін еді. Сүйкімсіз 
шөп  шырмауықтың  қалыңдығы,  адамға  тыныш  ұйқы  ұйықтатпайтын  бақа-
шаянының көптігі де жырауға соншалық ыстық. Туған жердің қасиеттілігінің бір   
белгісі      іспеттес.   Бірақ      біз      сықылықтамаймыз      да      тыжырынбаймыз- 
суреткердің  қиялына  таңырқап,  демімізді  ішке  тартамыз.  Өйткені,  біздің 
алдымызда орта ғасырдың поэзиясы, ортағасырлық көшпенді. 
Осы тамаша толғауҮ 
Сөйткен менім Еділім, 
Мен салмадым, сен салдың,  
Хайырлы болсын сіздерге 
Менен  қалған  мынау  Еділ  жұрт,-деп,  Еділ  бойында  қалған  түрік  тектес 
руларға бақыт, береке, тыныштық тілеумен аяқталады. 
       Біздің  қолымыздағы  Қазтуған  атына  қатысты  деректер  əзірге  осымен 
шектеледі. Бізге жеткен, əрине, Қазтуған мұрасының жүзден бірі ғана. Бірақ осы- 
ның өзі қазақ əдебиетінің басы болып есептелеуге тиіс суреткердің творчество сы 
жайынан елес бере алады. 
                Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. Қазтуған қай жерде туып өскен ? 
2. Мадақ жырында Қазтуған өзін нелерге теңейді ? 
3. Жырау поэзиясында қандай нақыл сөздер кездеседі ? 
4. Туған жермен қоштасу жырының көркемдік ерекшелігі туралы айт. 
 
             Асан Қайғы Сəбитұлы 
                        
Асан    Қайғының    есімі    қазақ    сахарасының    қай    түкпірінде    болмасын 
мəшҺүр.  Шежіре  қарттардың  Асан  атын  естімегені,  оның  бірер  ауыз  нақылын 
білмейтіні  кемде-кем.  Асан  Қайғының  тағы  бір  ныспысы-Асан  Ата,  халық  оны 
əулие    тұтады,  ерекше    жаратылған    жан    деп    есептейді.  Асан    жайындағы 
əңгімелер  халық  арасына  кеңінен  тараған.  Тіпті,  оған  аралған  үлкен  эпикалық 
поэмалар да бар. 
Алайда,  Асан  бейнесін  аңыз  мұнары  басқан.  Оның  өмірі  жайында  бізге 
жеткен деректер тым аз.Ел əңгімелері Асанның əкесінің аты-Саятшы Сəбит екен 
дейді.  Қазақ  тарихшысы    Құрманғали    Халитұлының    «Тауарих    хамса»  атты  
кітабының    айтуынша,  Асан  Қайғы  -Шыңғыс  ханның  замандасы  ұлан  Майқы 
бидің алтын- шы ұрпағы. Бұл-қазақтың кəдімгі «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы 
Майқы  би»  деген          мақалындағы  Майқы,Шыңғыс  ханның  тарихтан  белілі 
əскербасыларының бірі Үйсін Майқы. 

 
 
 
9
«Тауарих  хамсаның»  авторының  «Асан  Қайғыны  кім  деп  білесіз?»  деген 
сауалына Құдабай ақын мынадай жауап қайырыпты: 
Асанның асыл түбі ноғай деймін, 
Үлкендердің айтуы солай деймін.  
Бұл сөзге анық қанық емес едім,  
Естігенім тақсыр-ау бұл-ай деймін.  
Тегінде ноғай, қазақ түбіміз бір, 
Алтай, Ертіс, Оралды қылған дүбір. 
Орманбет хан ордадан шыққан күнде 
Асан Ата қайғырып айтыпты жыр. 
Қазақ  «Орманбет  хан  өлгенде,  он  сай  ноғай  бүлгенде»  деп  күй  тартады. 
Халық  аңыздарында  қазақ-ноғайдың  айырылуы  Орманбет  ханның  есімімен 
байланыстырылады. Тіпті, Орманбет хан өлерінде айтқан екен деген бірер шумақ 
жыр да бар:-Таудан аққан бұлақтың,  
Аяғы тартар теңізге, 
 Санды айдаған бай болса- 
Қуанбай қоймас егізге,  
Жақсыдан туған жаманды  
Жамандай берме, жарандар, 
Ол да бір тартпай қалмас негізге. 
Бұл Орманбетті қазақ шежіресі жəне кейбір зерттеушілер кəдімгі тарихтан 
белгілі Ұлұғ-Мұхамед хан деп түсінеді. 
Алтын  Орда  əміршілерінің  бірі  Ұлұғ-Мұхамед XV ғасырдың 20 
жылдарында    Сарайдан    қуылып,  Витовты    паналаған    да,  кейінірек    Қазанда  
хандық  құрған.  Біздің    назар    аударатынымыз-Асан    өмірінің    біраз    уағы    осы  
Ұлұғ-Мұхамед  ханның  төңірегінде  өтуі.  Асан  Қайғының  алдымен  Сарайда, 
кейінірек  Қазанда    ханның    оң    тізесін    басқан    ықпалды    бектердің    бірі  
болғандығы байқалады. 
Бұдан  соңғы  жерде  Асанды  қазақ  хандығында,  Жəнібек  ханның  маңнан 
көреміз. 
Асанның  нақты  қай  жылы,  қай  жерде    өлгені  белгісіз.  Бір  мəліметтерде 
Асан  Ата  қазіргі  Өзбекстан  жерінде,  Жиделі  Байсындыда  дүние  салды  делінеді. 
Енді  бір  аңыздарға  қарағанда  Асан  Ұлытаудың  басында  қайтыпты.  Ал  Шоқан 
Асанның  зираты  Ыстықкөлдің  маңында  тұр  деп  жазады.  Ақынның  қанша 
жасағаны да мəлімсіз. Халық аңызында ол - көпті көрген көне. Бір аңызда Асан 95 
жасқа  келген  қарт,  енді  бір  аңызда  оның  жасы 120-да  еді  делінеді.  Халық 
əңгімелерінде    дана,  ақылгөй    адамның    қашан    да    тұғырдан    таюға    айналған 
ақсақалды    қария    етіліп    көрсетілетіні    мəлім,  сондықтан    мұндай    деректерді 
нақты  деп  қабылдай  беруге  де  болмайды.  Алайда,  Асанның  шынында  да  ұзақ 
жасағанын  байқаймызҮ  Жəнібек,  Керейлермен  бірге  Шуға  келерден  бұрын 
Ұлұғ-Мұхамедтың ғұзырында жүрген кезінің өзінде ол егде тартып қалған адам. 
Соған  қарағанда  Асан  Қайғының  өмір  сүрген  дəуірі-XV  ғасырдың  іші.Тарихи 
Асан туралы біздің білетініміз осымен шектеледі. Алайда тағы бір Асан бар. Ол-
халық қиялы тудырған аңыздар мен əңгімелердің геройы Асан. 
Өз  заманының  ой-санасына  əскер  еткен,  биікте,  асқарда  тұрған  жандар 

 
 
 
10
жайындағы  жартылай  шын,  жартылай  лақапқа  құрылған  əңгімелер  өз 
кейіпкерлерінің    тірі    кезінде-ақ    бой    көрсете    бастайды.  Мұндай    əңгімелер  
уақыт  өткен  сайын  түрленіп,  бара-бара  аңызға  айналып  кеткен.  Тиянағы-тарихи 
адам  неғұрлым  соқталы  фигура  болса,  аңыздар  да  соғұрлым  көп,  əрі  мазмұнды 
болуға тиіс. 
Асан  Қайғы  жайындағы  толып  жатқан  аңыздардың  нəр  алған  көзі-тарихи 
Асанның  тірлігі  мен  кешкен  өмірі.  Алайда,  біз  білетін  желмая  мініп  жер  кезген 
данышпан  қарттың  шын   Асанмен   ортақ  несі   бар,  тарихи  Асан   мен  аңыз 
қаһарманы  Асанның  арасындағы  қатыс  қаншалық,  бұлардың  соңғысына  қарап 
алғашқысының  кейпін  елестете  аламыз  ба  деген  мəселелерді  шешу  өте 
қиын.Əйткенмен,  Мұқтар  Əуезов  айтқандай, «аңыз  əңгіменің  тарихтық  адамды 
бір-  жола  өзіне  ұқсамаған  кейіпке  түсіріп  əкететіні  болмайды..  Əрбір  аңыз 
əңгіменің  негізінде    тарихта    болған    адамның    шын    кескінінің    түбегейлі  
ерекшеліктері  жүреді».  Сондықтан  халық  аңызы  жасаған  Асан  Қайғының 
бейнесіне бажайлап қарасақ, белгілі дəрежеде тарихи Асанның кейпін де көруіміз 
хақ. 
          Жұрт  санасынан  орын  алған  Асан-халық  бақытын,  ел  тыныштығын 
ойлаған дана қария. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет