Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi


Жоспары  1.Бөгде сөз жəне оның түрлері



Pdf көрінісі
бет130/133
Дата07.01.2022
өлшемі1,02 Mb.
#19719
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   133
Байланысты:
asanova zh

Жоспары 
1.Бөгде сөз жəне оның түрлері. 
2. Төл сөз 
3.Төлеу сөз. 
Адам  сөйлегенде  я  жазғанда,  сол  өзі  баяндап  отырған  мəселеге  байланысты 
немесе  соған  қатысы  бар  басқа  біреулердің  сөзін,  пікірін  келтіретіні  болады.  Ондай 
сөздер  автор  үшін  басқа  біреудің  сөзі,  яғни  бөгде  сөз,  болып  табылады.  Бөгде  сөзге 
əрдайым басқа біреулердің айтқанынан алынған сөздер ғана жатпайды, сонымен бірге, 
автордың  басқа  бір  жағдайда,  басқа  бір  еңбектерінде  айтқан  өзінің  сөзінен  алынған 
келтірінділері де жатады.  
Бөгде  біреудің  сөзін  келтірудегі  мақсат-əр  түрлі.  Бірақ  солардың  ішіндегі  ең 
негізгісі-сөйлеушінің  я  жазушының  баяндап  отырған  мəселе  жөніндегі  өз  пікірінің 
байымдауларының  дұрыстығын дəлелдей түсу мақсаты.  
Бөгде  сөздерді  қолдану  тəсілі  түрлі-түрлі  болуы  мүмкін.  Бір  жағдайда  бөтен 
біреуден  алынған  сөз  ешқандай  өзгеріссіз,  түп    нұсқасы  бұлжытылмай  қолданылса, 
екіңші  бір  жағдай  ол  азды  көпті  болса  да  өзгертіліп,  тың  сөздер,  граматикалық  тың 
формалар  қосылып  немесе  жеке  сөздері,  грамматикалық  жеке  формалары  түсіріліп 
айтылуы да, болмаса біреудің тек пікірі ғана алынып, ол түгелдей автордың өз сөзімен 
берілуі мүмкін. Соған қарай бөгде сөз төл сөз, төлеу сөз болып екі топқа бөлінеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет