Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi



Pdf көрінісі
бет97/133
Дата07.01.2022
өлшемі1,02 Mb.
#19719
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   133
Одағай  сөздер.  Одағай  дегеніміз  кісінің  сезімін,  көңіл  күйін,  еркін  білдіретін, 
дербес грамматикалық  тұлғалары жоқ сөздер.  
Одағай  сөздер  не  жеке  сөйлем  ретінде  не  сөйлем  құрамындағы  оқшау  сөз 
кызметінде  жұмсалады:  Уа,  қой,  деймін,  бала!  Мə-ə-ə,  онысы  несі?!  Ей,  Сапақ,  сен 
тиіспей жайыңа жүр!  
Одағайлар  мысалдардағыдай,  сөйлемдегі  сөздермен  синтаксистік  байланыста 
болмайды жəне белгілі сөйлем мүшесінің қызметінде жұмсалмай, олардан оқшауланып, 
өзгеше əунемен айтылып, басқа сөздерден бөлек тұрады. Ондай сөздерге «одағай» деп 
ат  қойылуы  да  осыдан.  Сол  айтылу  ерекшелігіне  қарай,  жазуда  олардан  кейін  леп 
белгісі қойылады не болмаса сөйлемдегі басқа сөздерден үтірмен бөлінеді.  
Одағайлардың  мағыналары  əр  əлуан  болады.  Мысалы,  пай-пай,  па,  алақай  кісінің 
жанға  жайлы  сезімін  білдірсе,  ойбай,  ту-у,  қап  деген  одағайлар  кісінің  қорқыныш - 


 
 
өкінішін білдіреді. Осындай, кісінің түрлі эмоциялық көңіл күйін білдіретін бір одағай 
түрлі мағынада жұмсала береді.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет