Тиянақты интонация сөйлемнің ең соңында болады да, оның аяқталғандығын
білдіреді. Сондықтан ол құрмалас сөйлемге ғана тəн емес, аяқталган ойды білдіретін, өз
алдына дербес бір бүтін болып тұратын сөйлем аталуының бəріне де тəн.
Интонацияның бұл түрінің құрмаластығы
функциясы сол, ол құрмалас сөйлем
құрамындағы компоненттерінің басын біріктіріп, оларды бір бүтін етіп тұрады.
Интонацияның тиянақсыз түрі құрмалас сөйлем құрамындағы компоненттер
арасында келеді де, əр құрмаластың қандай компоненттерге бөлінетіндігін білдіреді.
Интонацияның бұл түрі өзінің тиянақсыздығы арқылы сөйлемнің аяқталмағандығын,
ой жалғасы барлығын байқатады да, сол арқылы жай сөйлемдерді бір-бірімен
құрмаластырады.
Құрмалас сөйлем компоненттері арасында болатын тиянақсыз интонацияның
тыныстық дəрежесінің əр түрлі болады. Құрмалас сөйлем компоненттері арасында
болатын тиянақсыз интонацияның шамасы сол интонацияға ие болып тұрған
компоненттің баяндауыш формасына да байланысты болады. Компоненттің
баяндауышы неғұрлым тиянақсыз формада айтылса, оның интонациялық үзілісі де
соғұрлым шағын, көмескі олады. Міне, сондықтан баяндауышы тиянақты формада
тұратын салалас құрмалас сөйлем компоненті мен баяндауышы тиянақсыз формада
тұратын сабақтас құрмалас сөйлем компоненті арасындағы интонациялық кідіріс бір
болмайды. Алдыңғысында айқынырақ, елеулірек болады да, соңғысында олай
болмайды. Ол былай тұрсын, тіпті баяндауыштары əр түрлі тиянақсыз формада
айтылатын сабақтас сөйлем компоненттерінің өздері де интонациялық жағынан
біркелкі болмайды. Мысалы: Олжабек қоса күлсе де, оның қай күлкі екенін өзі де
аңдамады. Өзі қораш болғанмен, осы төбенің аты зор деген сөйлемдердің екеуі де
сабақтас құрмалас сөйлем болғандарымен, олардың бірінші компоненттерінен кейінгі
интонациялық кідірістер бір емес. Алдыңғы сөйлемнің Олжабек қоса күлсе де деген
бөлшегінен кейін азды-көпті болса да интонациялық кідірістің барлығы байқалса,
соңғы сөйлемнің » қораш болғанмен деген бөлшегінен кейін оның бар жоқтығы
мейліше көмектеседі. Осы тəріздес, салалас құрмалас сөйлем компоненттері арасында
болатын интонациялық құбылыстар да біргелкі болмайды. Оның іргелес түріндегі
компоненттердің интонациялық құбылыстары бір түрлі болса, жалғаулықты түріндегі
компоненттердің интонациялық құбылысы екінші түрі болады.
Құрмалас сөйлем компоненттері арасында болатын тиянақсыздық шамасы
біргелкі болмайды. Оның əр түрлі болуы компонент баяндауышының формасына жəне
оның шылау сөздерге тіркесіп я тіркеспей айтылуына байланысты болады. Өйткені
интонация сөйлем үшін қандай қажетті элемент болғанмен, ол түгелдей сөйлем
мағынасына, сөйлем құрылысына тəуелді болады. Ол сөйлемнің мағынасы мен
құрылысындағы өзгерістерге лайықты өзгеріп, құбылады. Сондықтан интонацияны
құрмалас сөйлемнің мағынасына, оның компоненттерінің баяндауыш формаларына
қарай құбылып отыратын, соларға тəуелді көмекші категория деп түсінген жөн.
Құрмалас компоненттері арасында болатын тиянақсыз интонация тиянақсыздық
дəрежесінің қандай болуына қарамастан,жай сөйлемдерді бір-бірімен ұшырастырады
жəне құрмалас сөйлем компоненттерінің ара жігін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: