Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi



Pdf көрінісі
бет11/133
Дата07.01.2022
өлшемі1,02 Mb.
#19719
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   133
Сан  есімді  тіркестер.  Сан  есімдер – зат  есімдерге  тəн,  оларды  сан  жағынан 
анықтап тұратын, зат есімнің жетегінде  айтылатын, өзінің басыңқылық дербестігі жоқ 
сөздер.  Олардың  зат  есімдермен  тіркесуі  арқылы  қабыса  байланысқан  есімді  сөз 
тіркестері  жасалады.  Сан  есімдер  зат  есімдердің  өзара  тіркесу  қабілеті  ерекше 
болатындықтан,  ондай  сөз  тіркестері  жиі  кездеседі  жəне  олардың  құрамы  əр  түрлі 
болады. 
Бірқатар  зат  есімдер  талдап  саналатын  конкретті  заттардың  аты  болады  да, 
бірқатары  абстракт  ұғымының  аты  болады.  Осыған  орай,  сан  есімдер  барлық  зат 
есіммен  бірдей  тіркесе  алмайды;  олар  санауға  болатын  заттардың  атын  білдіретін 
сөздермен  тіркесе  алады  да,  санауға  болмайтын,  абстракт  ұғымды  білдіретін  зат 
есімдермен тіркеспейді. Соңғыға мынандай сөздер жатады;  
а) балалық, жастық, сұлулық, тазалық, жалқаулық 
ə)  гүрсіл,  тарсыл,  қарау,  жүдеу,  жасқану  сияқты  құбылыс,  процесс  аттарын 
білдіретін  зат есімдер; 
б)  логика,  психология,  химия,  биология,  педагогика  сияқты  ілім  жəне  ғылым 
аттарын білдіретін зат есімдер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет