Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi


Меңгеріле  байланысқан  етістікті  сөз  тіркестері



Pdf көрінісі
бет23/133
Дата07.01.2022
өлшемі1,02 Mb.
#19719
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   133
Байланысты:
asanova zh

Меңгеріле  байланысқан  етістікті  сөз  тіркестері.  Етістіктермен  меңгеріле 
байланысып, əр түрлі қарым-қатынаста жүмсалатын сөздер-есімдер. 
Есімдер етістікке қатысты болып меңгеріле байланысу үшін табыс, барыс, жатыс, 
шығыс,  көмектес,  жалғауларының  бірінде  айтылады.  Бұл  жалғаулар  есімдерді 
етістіктермен ұластырыушы ғана емес, сөздердің синтаксистік қызметтерін саралайтын 
да тұлғалар. Сондықтан меңгерудің етістікті сөз тіркесін құрауда мəні ерекше. 
Аталған  септік  жалғаулардың  синтаксистік  қызметі,  негізінде,  етістіктердің 
лексикалық  магыналарымен  байланысты  болады  да,  сөз  тіркестерінің  бағыныңқы 
сыңарларына септік жалғауы басыңқы сөздердің ыңғайына қарай жалғанады. Мысалы, 
шық,  түс,  қара,  жібер  етістіктері  барыс,  шығыс,  көмектес  жалғауларындағы  сөздері 
керек  етіп,  оларды  өздеріне  бағындырып  (меңгеріп)  тұрады:  Шық-тауға  шық,  үйден 
шық, сатымен шық; Түс-суға түс, аттан түс, арқанмен түс. 
Меңгеру-синтаксистік  байланыс  формаларының  ең  жиі  ұшырайтын  түрі. 
Меңгеруде  де  сөз  тіркестерінің  бағыныңқы  сыңары,  қиысудағыдай,  басыңқы  сөздің 
ыңғайына еріп, белгілі жалғауда тұрады. Бірақ ол екеуінің үлкен айырмашылығы бар. 
Егер  қиысуда  бағыныңқы  сөз  басыңқы  сөздің  грамматикалық  мағынасына,  тұлғасына 
қарай  райлас  болып  тұлғаланса,  меңгеруде  сөз  тіркесіндегі  сөздердің  арасында 
тұлғалық  райласу  болмайды,  тек  бағыныңқы  сөз  басыңқы  сөздің  лексикалық 
мағынасының  əуеніне  қарай  тұлғаланады.  Түркі  тілдерінде,  оның  бірі  қазақ  тілінде, 
кейбір  жалғаудағы  сөздерді  меңгере  алатын  етістіктерге  етіс  қосымшасын  жалғап 
айтқанда,  олардың  меңгеретін  сөздерінің  де  тұлғалары  өзгерілетіні  бар.  Мысалы:  Ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет