Арт-терапия мүмкіндіктері оқу-әдістемелік құрал Орал, 2016 2



Pdf көрінісі
бет33/94
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#15172
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   94
ДЕНЕ ТЕРАПИЯСЫ 
 
Біздің  жүз  жылдығымыздың  ХХ  жж.  Гиндлер  дене 
терапиясының жаңа түрін әзірледі, оның негізінде ағзаны өзінен-
өзі реттелуіне әсер ету талпынысы жатыр. 
Селвер 
АҚШ-тағы 
Гиндлердің 
идеяларын 
кеңінен 
таратқандардың  бірі  болды.  1938  жылдан  бастап  сезіктік  ұғыну 
(sensory awareness) әдісі деп атаған әдіспен белсенді түрде жұмыс 
жасады. Нәтижесінде оның жұмысына психоаналитиктер қатары 
қызығушылық  танытып,  олардың  кейбіреуі  Фромм  (Fromm  E.) 
және Перлс (Perls F.) — оның шәкірттері болды. 
Селвер  және  Брукс  жұмыстары  көбінесе  оның  ұстазының 
жұмысымен  үндесетін  онымен  «сезімді  қөзғау»  (sensory 
awakening) деп атаған техниканы шығарған Гунтерге (Gunther В., 
1974) әсерін көп тигізді.  
Бұл  техниканың  жаттығулары  өз  денеңді  сезінуге  және  өз 
сезімдерімен  үйлесуге,  басқаларға  жанасуға  және  жанасуларды 
қабылдай білуге үйренуге көмектеседі. 
Адамның  психикасы  және  денесі  бір,  психикалық  әлемінде 
болып  жатқанның  барлығы  адамның  денесінен  көрініс  табады. 
Адам  денесімен  жұмыс  істегенде,  дәлірек  айтсақ,  онда  толып 
жатқан  психикалық  қысымнан  оны  босаңсыту,  терең  талдаумен 
айналыспай  жеке  тұлғаның  психологиялық  мәселелерін  шешу 
энергиясымен  байланысты  босаңсыттуға  болады.  Денеге 
байланысты  өзінің  денесін  және  сезімін  түсіну  сферасын 
қарапайым  кеңейтудің  өзі  күрделі  психологиялық  мәселелерді 
шешуге мүмкін. 
Денеге-бағытталған  терапия  (ДБТ)  –  адам  тәнімен  бірге 
өткізілетін,  психиканы  өзгерту  арқылы  емдейтін,    түрлі 
теоретикалық  және  методологиялық  амалдарға,  тәсілдерге  ие  
психотерапия  бағыттарының  бірі.  Негізгі  бағыттары  және 
техникалары:  қозғалыс,  жақындасу,  тыныс  алу.  Бұл  тәсіл  адам 
тәнінде  әсерін  қалдырған  бастан  кешірулер  мен  мәселелерді  
«жанды тәнмен жұмыс арқылы емдеу». Адамның жан дүниесінде 
болып  жатқан  жағдайлар    оның  тәнінде  де  өз  іздерін  қалдырып 
отырады. 


45 
 
Біздің  тәніміз  —  өзіміз  өмір  сүретін  әлемді  қабылдайтын 
құрал.  Тәніміз  біздің  көзқарасымыздың,  ойлау  жүйеміздің 
сыртқы  көрінісі  немесе  ішкі  жан  дүниеміздің  айнадағы  сияқты 
шағылысы,  бейнесі.  Өмірдің  кез  келген  сәтіндегі  адам  тәнінің 
жағдайы  –  олардың  басынан  өткерген  жеке  өзіндік  тарихын 
құрады. Ол тарих – біздің өміріміздің оқиғалары. Мұнымен адам 
баласы жерге шыр етіп түскен сәттен бастап шұғылданады, біздің 
өміріміз  жайлы  барлық  ақпараттар  бар.  Өсе  келе,  тәжірибе 
жинақтаймыз,  Бірақ,  біздің  өміріміз  өткен  өміріміз  бен 
тәжірибелеріміз  арқылы  құралатынын  біле  бермейміз.  Ол 
өміріміздің  бастауындағы  және  өткеніміздегі  қалыптасқан 
көзқарасымызды ұстанады. 
Біздің  «Меніміз»  психикамызда  қалай  көрінсе  тәнімізде  де 
солай  көрінеді,  жанды  тән  процестеріне  әсер  ету  арқылы 
жандандыруға  болады.  Тәнге-бағытталған  терапия  оның 
сезімдерін,  ақылы  мен  дене  түйсіктерін  байланыстыруға, 
олардың  арасындағы  бұзылған  өзарабайланысты  қалпына 
келтіруге,  адамға  оның  тәнімен  сенімді  және  толық  байланыс 
құруына көмектесетін сирек кездесетін және тиімді әдіс. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет