Арт-терапия мүмкіндіктері оқу-әдістемелік құрал Орал, 2016 2


ИМАГОТЕРАПИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК



Pdf көрінісі
бет50/94
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#15172
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   94
ИМАГОТЕРАПИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК 
 
ИМАГОТЕРАПИЯ  (И.)  (лат.  imago  —  бейне).  Науқастың 
емдеу  мақсатымен  белгілі  бір  бейнелер  кешенін  жасаудағы 
жаттығудың  психотерапиялық  әдісі.  Бұл  әдіс  И.Е.Вольпертпен 
1966 жылы ұсынылған.  
Имаготерапияны  терапия  мақсатында,  ойын  бейнелерін 
көрсету  арқылы  жүргізеді.  Адамның  өзі  динамикалық  бейне 
құрастырады.  Нақты  бір  әдісті  түрлі  жағдайда  пайданалады. 
Мысалы:  әдеби  шығармаларды  қайталап  айту,  шығармалар 
мазмұны  алдын  –ала  әзірленген  диалогтың  жауап  арқылы  айту, 
алдын  ала  тапсырылған  ситуациялық  жағдайларды  сахналау, 
драматизациялау, спекткльдерге қатысу, образдық бейнелер қою. 
Көбінесе имаготерапияда  психотерапевт ассистенті ерекше роль 
атқарады . Имаготерапияның негізгі мақсаты: 
1. 
Қолайсыз  жағдайға  ұшыраған  клиентке  жағдай  жасай 
отырып, оның «мен» деген бейнесін дамыту . 
2. 
Адамның  эмоционалдық  байлығын  байыту  және 
нығайту, оның коммуникативтік жағдайын қалыптастыру . 
3. 
Клиенттің  өзінің  мен  деген  жаңа  ресурсын  меңгеру 
бойынша шығармашылық қабілеттілігін дамыту. 
4. 
Өзін-  өзі  реттей  білуін  дамыту,  өмір  тәжірибесін 
бағдарлай білуін іске асыру қабілеттілігіне жаттықтыру. 
5. 
Клиент өмірін байыту. 
Имаготерапиялық үдерісте күрделенген техникалық  тәсілдер 
қолданылады. 
Бірінші  кезеңде  ауруға  айтушы 
немесе 
тыңдаушының  рөлі  ұсынылады.  Имаготерапияның  бастапқы 
және  негізгі  формасы  –  әңгіме,  себебі  науқас  бейнеге  кіріп,  осы 
сәттегі  сезімдерді  бастан  кешіреді.  Ауру  үшін  бейне  оның 
психологиялық  мамнына  сәйкес  емдеу  факторы  ретінде 
таңдалады. Жұмыстың негізгі формасы ретінде әдеби материалды 
айтумен  қатар  типтік  өмірлік  жағдайды  импровизациялық 
көрсетілімі де қолданылады (экспромт театр). 
Бұл  жағдайда  имаготерапияның  міндеті  психологиялық 
теңбе-тең 
мінез-құлықты 
жаттықтыру. 
Имаготерапияның 
бастапқы  курсы  бүкіл  шығарманың  мазмұны  толығымен 
баяндалу  үшін,  3  айдан  жарты  жылға  дейін  қамтиды. 


75 
 
Имаготерапия  топпен,  және  жеке  формада  сирек  жүргізіледі. 
Науқасқа  күн  сайын  1-2  сағат  бойы  өзін  қалайтын  «Мен» 
бейнесін  сомдауы  ұсынылады.  Бірте-бірте  ойынның  ұзақтығы 
көбейеді,  және  қаланатын  бейне  науқастың  үйреншікті  мінез-
құлық стереотипі болып қалыптасады. 
Имаготерапияның  екінші  кезеңінде  әңгіменің  трагедиялығы 
кіреді.  Драмалық  іс-әрекетпен  және  диалогтармен  айқындалған 
повесть  немесе  романның  кейбір  фрагменттері  әр  жақтан 
ойналады.  Сондай-ақ  науқастар  жұмыс  жасайтын  шығарма 
ішіндегі  кейбір  эпизодтарды  сахнаға  қоюы  маңыздылық 
танытады.  Шығармада  жоқ  жағдайлардың  сахнаға  қойылуы  да 
жүзеге асырылады. Сөйлеу техникасы, такт бойынша қөзғалу, би 
бойынша сабақтар жүргізіледі. Екінші кезеңнің ұзақтығы бірінші 
кезеңнің ұзақтығымен бірдей. 
Имаготерапияның  үшінші  кезеңі  емдеу  драмалық  студияда 
жүзеге асады. Бейнені жасау үстіндегі жұмыста хореографиялық, 
драмалық  және  комедиялық  спектакльдер  қолданылады. 
Бейнелерді  таңдау  науқастардың  клиникалық-психологиялық 
ерекшеліктері  есебінен  жүзеге  асады.  Есірік  сырқат  адамдарды 
талдауға  бейім  байсалды  және  ақылды  бейнелер  ұсынылады. 
Психастеникалық  сипатты  науқастарға  шындық  өмірді  тікелей 
және  эмоциональдық  түрде  сезінетін  адамдар  бейнесін  жасауға 
пайдалы. 
Имаготерапияның  қолданылатын  емдеу  факторларына 
көңілді  бұру,  сендіру,  түсіндіру,  иландыру,  имитациялық  мінез-
құлық,  эмоциональдық  көмек,  мінез-құлықтың  жаңа  тәсілдеріне 
үйрету  жатады.  И.  шектік  нерв-психикалық  бұзылуларды  емдеу 
әдісі  және  науқастың  тұлғалық  дамуы  арқылы  емделу  тәсілі 
ретінде қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет