Арт-терапия мүмкіндіктері оқу-әдістемелік құрал Орал, 2016 2



Pdf көрінісі
бет18/94
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#15172
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   94
Байланысты:
Арт-терапия м мкіндіктері о у- дістемелік рал Орал, 2016 2

Көмекші  «Мен»  -  көмекші  рөлдерді  орындайтын  және 
психолог  функциясын  күшейтетін  клиенттер  болып  табылады. 
Көмекші  «мендер»  протагонистке  маңызды  адамдарды  немесе 
оның өзіндік «менінің» бөліктерін бейнелей алады.  
Көмекші  «меннің»  негізгі  функциялары:  протагонисттің 
ойлаған  ойларын  жүзеге  асыруға  қажетті  рөлдерді  ойнау;  басқа 
персонаждармен 
қарым-қатынасты 
протагонистің 
қалай 
қабылдайтынын  түсінуге  көмектесу;  протагонисті  проблемалар 
мен  конфликтерді  шешуге  бағыттау;  протагонистке  драмалық 
әрекеттен реалды өмірге ауысуға көмектесу. 
Көмекші «мендер» психодрамада келесі міндеттерді шешеді: 
-  Протагонистке  қатысы  бар  реалды  немесе  ойлап  табылған 
тұлғаларды бейнелеу; 
-  Психодраманы  жүргізуші  мен  протагонистің  арасында 
делдал  болып  табылады  және  ол  протагонист  пен  оның  ойнына 
да,  сонымен  қатар  психодраманың  жүргізушісі  мен  оның 
ұсыныстарына да зейінін тұрақтатуы тиіс; 

Әлеуметтік-терапевтикалық 
функцияны 
атқарады. 
Протагонистке өзінің адамаралық қатынастарын бейнелеуге және 


33 
 
зерттеуге,  сонымен  қатар  өзінің  өмірлік  серіктерімен  диалог 
жүргізуге көмектеседі. 
Көмекші  «мен»  протагонистің  өмірінде  ерекше  орын  алған 
адамдарды  бейнелейді.  Психодрамада  бұл  персонаждарды  топ 
мүшелері  бейнелейді.  Бұл  билігі  бар  ана  рөлі,  қатал  әке,  әділетсіз 
басшы,  қайырымды  дос  және  т.б.  рөлдері  болуы  мүмкін.  Көмекші 
«мен»  рөліндегі  жақсы  орындаушы  осы  рөлге  тез  кіре  алуы  және 
нақты  орындауы  керек.  Ол  рөлді  реалды  жағдайдағыдай  емес, 
протагонист көрсеткендей немесе интуициясына қарай ойнауы керек.  
Кейбір топтарда арнайы дайындықтан өткен және кез-келген 
образға оңай кіре алатын кәсіби көмекші «мендер» алынады. 
Сонымен,  көмекші  «мендер»-жоқ  адамдарды  клиенттің  ішкі 
дүниесіндегідей  етіп  бейнелейтін  топ  мүшесі  болып  табылады. 
Әдетте клиент-протагонист көмекші «менді» өзі таңдайды. Олар 
не басқа клиенттер немесе режиссер, немесе көрермендер болуы 
мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет