39
Психодраманың
2-ші фазасы реалды проблемалық өмірлік
жағдайдағы рөлдерде ойналатын психодрамалық әрекетті білдіреді.
Көбінесе
проблеманың
авторы
өзін-өзі
ойнайды.
Психодрамалық әрекетте клиент катарсисқа жетуі мүмкін және
өзінің шынайы сезімдерін түсінуі мүмкін. Бұл процесстерді
жеңілдету үшін әдістер тізбегі қолданылады: «айна», «егіздер»,
«монолог», «диалог», «болашақты құру» және т.б.
3-ші фаза - талқылау немесе интерпретация-қорытынды
болып табылады. Әрекет біткен кезде протагонист және қалған
топ мүшелері анализге кіріседі. Әдетте ол психодрамалық
әрекетке тікелей қатысы жоқ клиент сөздерінен басталады:
рөлдік жағдайларды ойнау кезінде туындаған өзінің әсерлері,
уайымдары, ассоциациялары, ойлары. Содан кейін протагонистке
сөз беріледі және талқылауды психолог аяқтайды. Эмоционалды
реакцияларды талқылағаннан кейін топ мүшелері психодрамалық
әрекетті нақтырақ талқылауға көшеді.
Талқылау фазасы екі бөліктен тұрады: рөлдік кері байланыс,
идентификациялық кері байланыс.
Достарыңызбен бөлісу: