Арт-терапия мүмкіндіктері оқу-әдістемелік құрал Орал, 2016 2


    ПСИХОТЕРАПИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК



Pdf көрінісі
бет5/94
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#15172
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
 
 
 



 
ПСИХОТЕРАПИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК 
 
Психотерапия  -  бұл  адамның  психикасына  ықпал  етуші  іс-
шаралар  жүйесі,  психологиялық  көрсету  формасы,  сондай-ақ 
сәйкес  проблемаларды    зерттейтін  дәрігерлік  және  практикалық 
психологияның 
саласы. 
Психотерапияны 
шартты 
түрде 
психологиялық  құралдармен  адамдардың  жүйке-психикалық 
және  психосоматикалық  аурулары  мен  бұзылыстарын  емдеумен 
айналысатын  дәрігерлік  психотерапияға  және  дені  сау  адамға 
(клиентке) 
бағдарланған 
және 
оның 
психологиялық 
қиындықтарын  жеңумен  айналысатын  дәрігерлік  емес  деп  
бөледі.  
Әдебиетте 
"психотерапия" 
ұғымының 
көптеген 
анықтамалары  бар.  Бұл  көптеген  психотерапевтік  бағыттар  мен 
әдістердің  болуымен  байланысты.  Чех  ғалымы  Станислав 
Кратохвилу    психотерапия  психологиялық  әдістердің  көмегімен 
әртүрлі ауруларды емдеу деп түсіндіреді. Ол аурулар психикалық 
процестер  мен  тұлғаға,  сондай-ақ  дене  қызметтеріне  де  қатысты 
болуы  мүмкін.  Психологиялық  әдістерге  ең  алдымен,  сөйлеу  – 
тілі (үндемеу), эмоциялық қатынастар, үйретудің әрқилы түрлері, 
қоршаған  ортамен  манипуляциялау  жатады.  Психотерапияның 
ортақ  мақсаты  клиенттерге  ойлауы  мен  мінез-құлықтарын 
өзгертуге, осылайша едәуір бақытты, өнімді болуға көмектесуде. 
Ол  мақсатқа  жету  үшін  терапевт  төменде  көрсетілген  неғұрлым 
жеке сипаттағы міндеттерді шешеді: 

клиенттің проблемаларын жақсырақ түсінуге көмектеседі; 

эмоциялық үйлесімсіздікті жояды; 

сезімдердің еркін айқындалуын қолдайды

клиентті  проблемаларды  қалайша  шешуге  болатыны 
жайлы жаңа идеялармен қамтамасыз етеді; 

ойлау  мен  мінез-құлықтың  жаңа  тәсілдерін  терапевтік 
ситуациядан  тыс  тексеріп  көруге  көмектеседі.  Осындай 
міндеттердің шешілуінде психотерапевт негізгі үш әдісті қолданады.  
Біріншіден, психологиялық қолдауды қамтамасыз ету. Бұл ең 
алдымен,  клиентті  көңіл  қоя  тыңдап,  сын  жағдайда  оған  кеңес 
беруді білдіреді. Қолдау клиенттің күші мен іскерліктерін сезініп, 
пайдалануға көмектесуде анықталады.  



 
Екіншіден,  бейімсіз  мінез-құлықты  жою  және  проблеманы 
шешудің бейімді жаңа тәсілдерін қалыптастыру.  
Үшіншіден,  клиенттің  өзіндік  ашылуына,  инсайтқа  жетуіне, 
яғни мотивтерін, сезімдерін, дау-дамайлары мен құндылықтарын 
жақсырақ түсінуге ықпал ету. 
Рационалды 
терапия 
– 
психотерапияның 
клиентке 
көзқарастарындағы  қисынды  қателерді  көрсету  арқылы  оның 
ойын  түзетуге  бағытталған  әдісі.  Р.Дюбуамен  1912  жылы 
ұсынылған  бұл  әдіс  психотерапияның  дерлік  барлық  түрлеріне 
енеді.  Рационалды  психотерапияның  негізгі  формалары: 
түсіндіру (аурудың негізін, пайда болу себептерін талқылау және  
аурудың  едәуір  нақты  көрінісіне  жету);  көндіру  (ауруға  деген 
эмоциялы  қатынасты 
түзету,  жеке-дара  ұстанымдардың 
модификациясы); 
қайта 
бағдарлану 
(ауруға 
қатысты 
ұстанымдарда  тұрақты  өзгерістерге  жету);  психогогика  (науқас 
үшін  аурудан  тыс  жағымды  жетістіктерді  қалыптастыратын 
неғұрлым кең ауқымды қайта бағдарлану).  
Логотерапия  –  клиенттің  қарым-қатынастағы  ерекше 
эмоциялы  ахуалының,  тұлғасының  құндылығын  мойындаудың, 
қалыптасқан  жағдайда  жаңа  мағынаны  іздестіру  қабілетінің 
есебінен адамның ішкі әлемінің өңделуіне бағытталған әдістердің 
кешені. Адамның өз-өзін шеттеттіру қабілетін  оятудың  негізінде 
құрылған    В.Франклдың  ұсынған  парадоксальды  интенция 
техникасы логотерапияның жақсы үлгісі болып табылады.  
Гештальттерапия  –  клиенттің  қажеттіліктерін  неғұрлым 
нақтырақ  сезініп,  тұтас  бейнеге  (гештальтқа)  ұластырып, 
аяқтауына  бағытталған  әдістер.  Гештальттерапияның  міндеті 
әрбір  адамға  тән  организмикалық  процестерді  ынталандыруда. 
Ұзақ  мерзімді  мақсат  мінез-құлықтың  өнімсіз  түрлерінен  бас 
тартып жаңаларына көшу арқылы есеюінде.  
Арттерапия-психотерапияның  өнер  туындыларымен  және 
дербес шығармашылықтың негізінде ықпал етуді болжайтын әдісі. 
Ребефинг-әуеннің 
арнайы 
ықпалымен 
үйлесімдікте 
холотропты  дем  алу  арқылы  сананың  өзгерген  күйіне  қол 
жеткізу. Нәтижесінде адам қайғыларын жеңіп, қоршаған әлеммен 
тұтас қатынасқа ие болады. Әуенге бағдарланған терапия арнайы 



 
іріктелген әуеннің көмегімен клиенттің психикасына  ықпал етуді 
болжайтын психологиялық көмек көрсету әдісі.  
Әуен    арқылы  адам  психикасына  оң    әсер  етуді  музыкалық 
терапия  деп  те  атайды.  Музыкалық  терапия  сөзін  қазақшаға 
тікелей аударғанда  "музыкамен, әуезбен емдеу" деген мағынаны 
білдіреді.  Музыкалық  терапия  жүздеген  жылдар  бойы  өнер 
адамдар үшін әуезден, әуеннен ләззат алу көзі болды, ал өнердің 
көмегімен  емдеу  салыстырмалы  түрде  жаңа  құбылыс  болып 
табылады.    Бұл  ұғым  арт-терапия  ұғымынан  бастау  алады.  Арт-
терапия  терминін  (art-therapy  тікелей  аударғанда  қазақша 
баламасы  "өнермен  емдеу"  деген  мағынаны  білдіреді) 
қолданысқа  1938  жылы  Адриан  Хилл  туберкулезбен  ауырған 
санаториядағылармен    жұмысында    алғаш  рет  енгізген.  Көп 
кешікпей  бұл  сөз  тіркесі  ауруханалармен  психикалық 
денсаулықтың  орталықтарында  жүргізілетін  өнерге  қатысты 
қызметтердің барлық түріне қолданыла бастады. Бірақ, көбісі бұл 
анықтаманы  өте  кең  мағынада  және  нақты  емес  деп  санайды. 
Өнерді сапалы терапиялық мақсаттарда қолданудың құндылығы, 
символикалық  деңгейде  әртүрлі  сезімдермен  тәжірибе  жүргізу 
арқылы оларға көрініс беруінде.  
Арт-терапия  басқа  да  көптеген  терапевтік  әдістер  сияқты 
өзінің  тамырымен  тарихтың  тереңіне  кетеді.  Ежелгі  өнер, 
көркемдік бейне пәні тек қана сәндік емес, сиқырлық қызметін де 
орындаған.  Көптеген  қазіргі  мәдениетте  өнер  адамдарын 
физикалық және психологиялық қалпына келтіру құралы ретінде 
қолданылып  келе  жатыр.  Үндіс  тайпалары  әртүрлі  кеселдерден 
емделу  үшін  арнайы  әндер  мен  рәсімдік  билерді  қолданған. 
Тибеттер кеселдер мен бейнеттерден арылу мақсатында дұға оқу, 
медитация  үрдістері  кезінде  шоғырлануды,  сиқырлы  айналым 
түріндегі  құмдық  суреттерді  қолданған.  Сол  кездегі  шамандар 
қазіргі  психиатрлар  мен  арт-терапевтер  болып  табылады. 
Шамандардың  рөлі  адамдардың  санасынан,  денесінен  жанға 
бататын  элементтерді  арылтып,  олардың  жанын  көркем 
бейнелерді  және  рәсімдерді  қолдану  арқылы  емдеу  болып 
табылған. Бұл таң қаларлық болып көрінеді, бірақ шамандардың 
қызметі  шынымен  де  емделу  және  қалпына  келу  үшін  көркем 



 
бейнелерді  құру  үрдісі  әдісін  қолданатын  арт-терапиямен  қатты 
байланысты.  
Арт-терапияның  мақсаты  болып  кез-келген  адамзаттың 
шығармашылық үрдісінің тұлғалық өзін-өзі ішкі жан-дүниесінің, 
қорқыныштар  мен  мазасыздықтан  арылуға  әсерін  тигізеді.  Осы 
мақсатты  жүзеге  асыруда  Берел  мұражайында  жеке  және 
мүмкіншіліктері  шектеулі  балалардың  жұмыс  жасауына 
арналған  арт-терапиялық шеберхана ашылғандығын айта кеткен 
жөн. Ұйымдастырылған  арт-терапиялық  кеңістік  жұмыс жасауға 
арналған  үстелдермен,  орындықтармен,  мольберттермен  және 
көркем  фильмдерді  көруге  арналған  көгілдір  экранмен 
жабдықталған.  Балалардың  өзіне-өзі  сеніп,  шығармашылық 
қабілеттерінің, 
қызығушылықтарының 
артуына 
барлық 
жағдайлар  жасалынған.  Арт-терапиялық  сессия  мүшелерінің 
қолдан 
жасаған 
шығармашылық 
бұйымдары 
арнайы 
қабырғалардағы  сөрелерге  қойылды.  Бұл  үрдіс  өздерінің 
бұйымдарына  сырт көзбен қарап, қоршаған ортаға өз еңбектерін 
таныстырып өтуде ыңғайлы болды. Себебі, әркімнің өз қолымен 
жасаған  бұйымдары  керемет  өз-өзіне  қанағаттанарлық  сезімді 
оята білді.  
Арт-терапия  әдісін  пайдалануда  сурет  сала  алу  міндет  емес, 
бірақ  нәтижесінде  қабілеті  басқа  қасиеттермен  бірге  ашылуы 
мүмкін. 
Арт-терапия  жаттығулары  адамдардың  сезімдерін,  ойлары 
мен  оқиғаларын,  жеке  адамдардың  әдістері  мен  қарым-
қатынастары,  өзіне  деген  сенімі  мен  өзін-өзі  бағалауын 
арттыратын қызмет атқарады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


10 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет