Арт-терапия мүмкіндіктері оқу-әдістемелік құрал Орал, 2016 2


АРТ-ТЕРАПИЯНЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН



Pdf көрінісі
бет63/94
Дата06.01.2022
өлшемі1,06 Mb.
#15172
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   94
АРТ-ТЕРАПИЯНЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН 
ЭЛЕМЕНТТЕРІН ЖӘНЕ ТРЕНИНГТЕРІН, САБАҚ 
БАРЫСЫНДА ҚОЛДАНУ 
 
І. Тақырыбы: «Арт-терапия-өнермен емдеу, шығармашылық 
терапиясы»  
Мақсаты:  
•  Қатысушыларға  Арт-терапия  туралы  ұғым  беру, 
маңыздылығын ашу.  
•  Арт-терапияның  түрлерімен  таныстыру,  тиімділерін 
тәжірибеде пайдалану.  
• Арт-терапияның түрлеріне арналған ойындармен танысу.  
•  Қатысушылардың  достық  қарым-қатынасын,  ұжыммен 
жұмыс жасауды арттыру.  
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:  
• Шығармашылық тапсырмалар.  
• Дамытушы ойындар.  
• Пікір алмасу.  
Құрал-жабдықтар:  Үнтаспа,  ватман,  маркер,  ақ  парақ 
қағаздар,  қалам,  қарындаш,  краска-бояулар,  кубиктер,  шарлар, 
доп, эмблемалар, әр топқа арналған куверткалар.  
 
I. Бөлім. Ұйымдастыру кезеңі 
 
I.1. Амандасу рәсімі. «Балалық шаққа саяхат».  
 
-Сәлеметсіздер  ме,  құрметті  тәрбиешілер!  Біз  сіздерді 
тағатсыздана  күттік  және  сіздермен  кездескеніміз  үшін 
қуаныштымыз.  Сіздерді  ортаға  шеңберге  тұруға  шақырамын. 
Баяу музыка қосылады.  


91 
 
Қайырымды жандар айнала,  
Шеңберге келсін жайлана.  
Жалықпастан қайта біз,  
Махаббат сөзін айтамыз.  
Сүйеміз барлық әлемді,  
Әлемдегі бар елді.  
Бақыттымыз осы біз  
Қасымызда  досымыз!-  тәрбиешілер  шеңбер  бойына  тұрады, 
жүргізуші  шеңберде  нұсқау  береді:  «Қазір  бір  сәтке  балалық 
шағымызға  саяхат  жасаймыз.  Сіздерді  жақын  туыстарыңыз  бала 
кездеріңізде  еркелетіп  қалай  атады,  соны  есімізге  түсірейік. 
Мысалы, мені апам кішкентай кезімде «құлыным» деп атаған. Ал 
сізді  ше?»,  деп  допты  келесі  адамға  береді.  Ойын  ары  қарай 
жалғасады. Қаншама әдемі аттарды естідік, тамаша!  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет