Арт терапия түрлері



бет2/3
Дата27.03.2023
өлшемі1,03 Mb.
#76478
1   2   3
Байланысты:
Айсана

Бейнелеу терапиясы Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты - баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды таңдауына қарамастан, баланың өзін - өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруіне демеу беру болып табылады. Сурет салу - ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. Балалар бояуға қолын малып қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді. Бала бояу түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына тең келеді. Себебі баланың қателік жасаудың алдында, сәтсіздікке ұшырау алдындағы қорқынышты жеңу үшін қолданылады.

Ойын терапиясы

Ойын терапиясы

Ойын терапиясы ол – оқытады, тәрбиелейді, дамытады, ойын-сауық, демалыс уақыттарын сыйлайды. Бала өмірін ойынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да педагогтар мен психологтардың негізгі мақсаты-ойын процесінде баланың жан-жақты дамуы, танымдық қызығушылығын арттыру, тілін дамыту т.б. Ойын әрдайым оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнына сәйкес таңдалынады. Ойын кезінде баланы мәжбүрлеуге, ойынды бұзған балаларды бұл жерде жазалауға болмайды. Ойын соңында талдау жасап кім өзін қалай ұстағанын айтады. Баланың тілін дамытуда ойын мен ертегінің бала жүрегінің сабақта өте қуанышты жағдайын көрсетеді.

Би терапиясы

Би терапиясы

Би терапиясы өзінің даму тарихын шығармашылық биден алады.Ерте заманда би сөзбен айтып түсіндіре алмайтын кейбір ойлар мен сезімдерді жеткізу құралы болған.Спонтандық әрекеттер мен дене қимылы адам тілі шықпай тұрған кезде қарым-қатынас құралы ретінде қызмет етті

Би терапиясы еркіндікке және әрекеттің мәнерлілігіне талпындырады,күшті физикалық,сонымен қатар психикалық деңгейде күшейтеді.

Ертегі терапиясы

Ертегі терапиясы

Ертегі терапиясы – психотерапияның құрамдас бөлігі. Баланың ертегі сюжетіне әсерленуі, кейіпкердің қиыншылықтарына алаңдауы оның келешекте өз алдында пайда болатын кедергілерден қиналмай өтуіне іштей дайындығын туындатады. Бүгінгі таңда ертегі терапиясы бұл жаңа, әрі өте жас және психологиядағы дербес бағыт. Баланың жақсылық пен жамандықты айыруына, мінез - құлықтық стереотиптерді тануына көмектесіп, адамдардың өмірде алдынан шығатын сан түрлі қиыншылықты ең соңында жеңе аларына деген сенімін нығайтады. Ертегі терапиямен әсер ету ертегінің 4 түрінің көмегімен жүзеге асады: 1. Көркемдік ертегілер – халық ертегілеріне қарағанда нәзік келді. Адамның өміріндегі жеке өмірінен мағлұмат береді. 2. Халық ертегілер – оқу материалын түсіндіру үшін қолданылады. 3. Авторлық ертегілер – баланы ертегіге қызықтыру, зейінді дамыту. 4. Психокоррекциялық ертегілер – баланың іс - әрекетіне жаймен түзету үшін қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет