Байланысты: Артикуляциялық фонетика және оны оқыту
А дыбысы Р дыбысы Түсіндіру әдісі Артикуляциялық жаттығулар:
Артикуляциялық және тілдік есту қабілетін дамытатын жаттығуларды уақытында жасау кейбір балаларға өздігінен, мамандардың көмегінсіз, дыбыстарды дұрыс айтуға көмектеседі.
Тілі шорқақ балалар үйде жаттығуларды жасаса, мамандармен жұмыс істегенде тезірек жетістіктерге жетеді, себебі олардың тіл бұлшық еттері дайын болады.
Артикуляциялық жаттығулар барлық дыбыстарды дұрыс айтатын, бірақ сөйлеу кезінде тілі күрмеленетін балаларға да пайдалы.
Артикуляциялық жаттығулар балаларға да, ересектерге де дұрыс, әдемі және айқын сөйлеуге көмектеседі. Сонымен қатар дыбыстарды дұрыс айту жазуға үйрету кезеңінің негізін құрайды.
Оқушы дыбыс үндестігі мен түрлі дыбыстық ерекшеліктерді жаттанды қабылдамай, оны саналы түрде түсініп меңгеріп, іс жүзінде пайдалана білетіндей болуы қажет. Фонетикалық ерекшеліктерді меңгеру оқушының әдеби тілдің сөйлесу нормасын дұрыс меңгеруіне мүмкіндік жасайды.Қазақ тілінің артикуляциясы үлкен ғылым, әлі күнге дейін зерттеліп келуде. Оқушы баланы қазақ тіліне баулыған кезде әрбір дыбыс ,әріпті үйретуіміз шарт. Дыбыстарды дұрыс айту, дұрыс сөйлеуге үйрету мына біз болашақ мұғалімдердің қолында. Әр дыбыстың айтылуында өзіне тән ерекшеліктер бар. Оны өзгертуге және қате айтуға болмайды, ондай нәрсеге біз мұғаліімдер жол берсек ертеңгі қазақ тілінің мәртебесі, дәрежесі, қасиеті не болмақ ? Сондықтан ана тіліміздегі әріп пен дыбысты дұрыс айтуды мектеп оқушыларына үтірін қалдырмай жеткізіп үйретуіміз керек.
Қорытынды Назарларыңызға рақмет!