Қарттар үйін ашудың себебі неде? Қазақта «қарты бар үйдің-қазынасы бар»



Дата25.04.2023
өлшемі53,34 Kb.
#86526

Қарттар үйін ашудың себебі неде?

Қазақта «қарты бар үйдің-қазынасы бар»-деп текке айтылмаған сірә.Қариясы бар үйдің шаңырағында ырзық,несібе,береке болады.Қазақ жұрты қазақ болғалы қариясын әлпештеп өткен.Уақыт өте заман өзгерген бе әлде адамзат баласы құбылған ба өмір сүру деңгейіміз өзгеруде.Қазіргі таңда ең өсекті жағдайлардың бірі-қарттарды сыйламау не болмаса қарттар үйіне өткізу. Қарттар үйінде арнайы ашқымыз келіп еліміз ашып отырған жоқ,ақ сақалы аузына түскен сәтте керек емес заттай шығарып тастаудың салдарынан,арнайы ашылып отырған жайы бар.Қазақта «атаңа не қылсақ-алдыңа сол келеді»-деген сөз бекерге айтылмаған.Атасын сыйламаған баладан,болашақта ел үмітін ақтайтын азамат(ша) шығады деп ойламаймын.Үлкендерге құрмет көрсетуде сөзімен де, ісімен де өзгеге өнеге қалдырған пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мына бір хадисінде:«Кішілерімізге мейірімді болмаған,үлкендерімізге құрмет көрсетпеген адам бізден емес», – деген.Яғни Алла тағала сізге мынанша өмір сүр деп уақыт береді.Ол өміріңізді өзгерту-өзгертпеу сіздің қолыңызда.Осы өмірде қылған қиянаттарыңызбен сізді әлпештеп осы халге жеткізген ата-анаңызға құрмет көрсетпегеніңіз үшін ана дүниеде мынау емес не анау емес өзіңіз жауап бересіз.Ата-анаңызды қанша жерден сыйлаңыз-сыйламаңыз олар сізді жақсы көреді әрі мына өмірде жақсы көріп өтеді де.«Іштен шыққан шұбар жылан»-демекші,әке-шешеңіз болмаса мына өмірде сізде болмас едіңіз.Я Аллам бала бер,сана бермесең ала бер деген,әр қазаққа мен саналы ұрпақ тілеймін.


Бала кезімізде ақ сақалды аталарымыз бен ақ шашты әжелеріміздің “Жасымда қаншалықты бейнет берсең, қартайғанымда соның зейнетін көрсете көр”, – дегенніне аса мән бере қоймаушы едім.Есейе келе,осы бір сөздердің мән-мағынасын түсіне бастағандаймын.Бұл өмірде адам мәңгі жасамайды.Ертеңгі күні сіздің де бала-шағаңыз болады.Сізде ата сақалыңыз аузыңызға түскен қария боласыз.Өмірде бәрі болады,сізді де кейін қарттар үйіне өткізіп тастамауына кім кепіл?Осы жағын ойлану керек сірә.Адам баласының әдемі қартая білуінің өзі баға жетпес бақыт екенін ұқтым.Әрбіріңізге әдемі қартаюды тілеймін.Ақылға салсақ қарттар сөзінің жаны бар екен.Адамның жаратылғаны секілді әркімнің әртүрлі қартаятыны заңдылық.Біреулер қартайған шағында үрім-бұтағының ғана емес күллі жұрттың ықыласына бөленіп,ардақтысына айналса кейбіреулердің бала-шағаның берекесін қашырып жүріп,берекесіз шал-кемпір атанатыны шындық.Қалай дегенде де Алланың берген ғұмырын әркім өз дегенімен мәнді де сәнді етпек.
Осы орайда өзімнің апамды сөзге қоспай кетуге болмас дедім.Анамның анасы болды.63-ті еңсерген шағында о дүниеге кете барды.Сырт келбеті келіскен,бет ажары шырайлы,жүзінен шуақ нұры шашылып тұратын ақкөңіл кісі болған.Бізді туылған сәттен бауырына басып,қиын заманда кем-кетігімізді жамап,әкемді ұлындай көрген жан.Алладан апама рақым,жәннаттық болуын тілеймін.
Тыл ардагері әкемнің анасы.Аллам ол кісіге ұзақ ғұмыр берсін деп тілеймін.Әр күніме шүкіршілік бүгінгі таңда 87-ні еңсеріп отырған қарт кісі.Әкеммен қосқанда 15 баланы атам екеуі өсіріп,бағып қаққан.Соның нәтижесінде үбірлі де шүбірлі әулетіміздің басы болып отырған жайы бар.
Қорыта келе,тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні үлкендерге деген сый-құрметтің бір күннің аясында шектеліп қалмау керек деп ойлаймын.Бүгінгі жас – ертеңгі қарт.Осы заңдылыққа бас иген қазақ үлкенді сыйлауда жолынан жаңылмаған.Аузы дуалы ақсақалы бар ел жастарының қашанда бқрыс қателікке бой алдырмасы хақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет