Қарттардағы жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, емі Атеросклероз



бет1/17
Дата19.09.2023
өлшемі60,34 Kb.
#108543
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Қарттардағы жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, емі
Атеросклероз
Атеросклероз – эластикалық және эластикалық-бұлшықеттік типті (ірі және орта калибрлі) артериялар интимасында липидтердің, мукополисахаридтердің т.б. заттардың ошақты жиналуымен сипатталатын және сол ошақтарда пролиферациялық, фиброздық үдерістердің дамуымен жүретін тамырлардың кең тараған ауруларының бірі.
Атеросклероздың, яғни атеросклероздық түймедақтың дамуы сатылы жүреді:
I бастапқы сатысы – тамырлардың липоидозы немесе липидтік дақтар мен жолақтардың пайда болуы. 
ІІ сатысы – фиброздық – бұл сатыда коллаген және дәнекерлік тін өсіп-өніп, "көпіршікті" жасушалар мен холестериндік бөлшектерді қоршап, фиброздық капсуланы түзеді. ІІІ сатысы – күрделі және асқынғаннан түймедақтардың пайда болу 
сатысы. 
Клиникалық көрінісі. Атеросклероздың клиникалық көрінісі патологиялық үдерістің даму деңгейінен гөрі оның орналасқан аймағына тәуелді. Кейде тәж артериясының жалғыз атеросклероздық түймедағы өлімге әкеледі, ал шеттік артериялардың, кеуделік немесе құрсақтық аортаның ауыр атеросклерозы білдіртпей жүруі және адамның өмір сүру ұзақтығына айтарлықтай әсер етпеуі де мүмкін.
Атеросклероз жайылмалы үдеріс бола тұра бір немесе бірнеше аймақтың тамырларын басым зақымдайды. Түймедақтар көбіне ірі тамырларда және аортаның тамырлар таралатын аймақтарында орналасады. Атеросклерозға ең жиі ұшырайтын тамырлар: аорта, тәж, ми, бүйрек, аяқтардың және іш қуысының артериялары. 
Атеросклероз диетотерапиясының басты принциптері. Емінің басты тәсілі — диетотерапия. Атеросклерозды зерттейтін еуропалық қоғамның сарапшылар тобы (1987) липопротеиндердің алмасуын қалпына келтіретін диетаның жеті "алтын" ережесін жариялады: 
1. Майлардын мөлшерін азайту.
2. Гиперлипидемияның дамуына септігін тигізетін қаныққан май қышқылдарының мөлшерін күрт азайту (мал етінің майын, сары майды, қаймақты, жұмыртқаны).
3. Қанықпаған май қышқылдарына бай тағамдарды кеңінен тұтыну.
4. Клетчаткаға бай және күрделі көмірсулары мол (көкөніс, жеміс) тағамдарды молынан тұтыну.
5. Тағам дайындағанда сары майдың орнына өсімдік майын тұтыну.
6. Холестеринге бай тағамдарды күрт азайту.
7. Ас тұзының тәуліктік мөлшерін 3-5 г дейін шектеу.
Медикаменттік ем:
1. Статиндер - симвастатин, правастатин, флувастатин, аторвастатин қолданылады. 
2. Фибраттар - фенофибрат, безафибрат, клофибрат. 
3. Атеросклерозға шалдыққан науқастарға поливитаминдік терапияда жүргізген тиімді. 
4. Энтеросорбенттер. 
5. Санаторлық-курорттық ем.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет