Д. Өйткені ашу барысында қамырдағы су буға айналады.
Сұрақ 3.2. Нанға арналған қамыр ІІ – топ: «Цианобактерия»
Химиялық реакция нәтижесінде қамырдағы ашытқы крахмал мен қантты көмірқышқыл газ бен спиртке айналдырады.
Көмірқышқыл газ бен спирттің құрамындағы көміртек атомы қайдан пайда болады?
Төменде келтірілген мүмкін пайымдауларды әр қатардан «Ия» немесе «Жоқ» деп айналдыра сызыңыз.
Көміртек атомының пайда болуына келесі пайымдаулар дұрыс па?
Кейбір көміртек атомдары қанттан шығады.
Кейбір көміртек атомдары тұз молекулаларының құрамына кіреді.
Кейбір көміртек атомдары судан шығады.
Сұрақ 3.3. Нанға арналған қамыр ІІІ – топ «Вирус»
Ашытқан қамырды пешке салғанда,газ және бу көпіршіктері қамырда ұлғая бастайды.
Неліктен жылытқанда газ бен бу ұлғая бастайды?
А. Олардың молекулалары көбейеді
В. Олардың молекулалары жылдамырақ қозғалады
С. Молекулалар саны көбейеді
Д. Олардың молекулалары сирек соқтығысады
4-тапсырма
Бағалау критерийі:
Биотехнологияда қолданылатын терминдерге анықтама беріңдер:
Індет Індетнемесепандемия(лат. pan + demia — бүкіл халық) — жұқпалы ауру қоздырғышының ауру ағзадан сау ағзаға жұғып, үздіксіз таралуы.
Дезинфекция – Дезинфекция (зарарсыздандыру) – қоршаған ортадағы инфекциялы аурулардың қоздырғыштарын жою. Дезинфекция кезінде микроорганизмдердің вегетативті түрлері ғана жойылады. Микроорганизмдерді физикалық факторлар мен химиялық заттармен жоюға болады. _
Зарарсыздандыру – әскерлерді радиоактивті заттардың зарарынан қорғау үшін қару-жарақтардан, киім-кешектерден, азық-түлік пен судан, қорғаныс бекіністері мен қоршаған ортадағы басқа да нысандардан зарарлы заттарды кетіріп, қауіпсіз дәрежеге жеткізу.
Вакцинациялау – Егу, вакцинация – адам организміне вакцина немесе арнайы тәсілмен дайындалған антигендік қасиеті бар заттарды енгізу арқылы белгілі бір жұқпалы аурудан алдын ала сақтандыру үшін қолданылатын әдіс.