Белсенді яғни активті тасымал деп те айтамыз.Активті тасымалың өзі 3-ке бөлінеді.Олар:
біріншілік активті тасымалдау – заттар ферменттердің қатысуымен, АТФ энергиясының жұмсалуымен градиентке қарсы өтеді (Na+)
екіншілік активті тасымалдау – энергия арнайы тасымал жүйесімен басқа да заттардың қосымша тасымалдануына қолданылады (глюкоза, амин қышқылдары).
Жеңілдетілген диффузия
Ал жеңілдетілген диффузия- мембраналық тасымалдағыштардың қатысуымен (моноглицеридтер мен май қышқылдарының өт қышқылдары тұздарының қатысымен тасымлдануы – мицелла, хиломикрон)
Фагоцитоз, пиноцитоз, эндоцитоз, персорбция
Фагоцитоз-бір клеткалы организмдердің немесе кейбір көп клеткалы жануарлар клеткасының микроскопиялық бөтен тірі нысандары мен қатты бөлшектерді жұтып алып, қорытып жіберуі. Фагоцитоз процесі организмдердің қарапайым қоректенуінің негізінде жүзеге асады.
Пиноцитоз-жасушаның плазмолемма арқылы қоршаған ортадан сұйық затты не ерітіндіні нәзік- микроскопиялық мөлшердегі көпіршіктер түрінде жұту процесі.
Эндоцитоз - бұл макромолекулалар мен олардың агрегаттарын фагоцитоз және пиноцитоз арқылы тасымалдау.
Персорбция-заттарды жасушааралық кеңістік бойымен тасымалдау. Бұл механизм белоктардың аз мөлшерін және басқа заттардың ас қорыту каналынан ішкі ортаға енуін түсіндіреді.
Орындаған студент _Аманжолова Мөлдір___ тобы___24___ факультет __ТФП______