Ас қорыту, оның мағынасы, түрі. Асқорыту жолдарының қызметтері



Дата02.12.2022
өлшемі235,76 Kb.
#54389
түріҚұрамы
Байланысты:
Физиология убежка номер 3 ответы


  1. Ас қорыту, оның мағынасы, түрі. Асқорыту жолдарының қызметтері.

Тағам арқылы организмге энергиялық және пластикалық материалдар түседі. Қоректік заттар ас қорыту жолында механикалық және химиялық өңдеуге ұшырайды.
Ас қорыту барысында ірі молекулалы органикалық заттар жай заттар – мономерлерге айналып, олар қан мен лифаға сіңіп, организмде пайдаланылады.
Асқорыту түрлері:
1)Аутолитикалық – тағам құрамындағыферменттер (ана сүті).
2)Симбиоттық – бактериялар түзетін ферменттер – гидролиз микроорганизмдер ферменттерінің әсерінен жүреді (тоқ ішекте).
3)Өзіндік
а) қуыстық (дистанттық) ас қорыту – ас қорыту ішек-қарын түтігінде жүреді.
б) мембраналық (контакттық) ас қорыту – ішек жасушаларының көмкерілген эпителиі мен гликокаликсте орналасқан ферментттердің әсерінен жүреді.
в) жасуша ішіндегі ас қорыту (фагоцитоз, пиноцитоз).
Асқорыту жолының қызметтері:
1.Ас қорыту.
Сөл шығару (секреция) – ас қорыту сөлдерін бөлі.
Ферменттердің 3 тобын ажыратады:
1) протеазалар, белоктарды ыдыратады;
2) липазалар, майларды глицеридтер мен май қышқылдарына дейін ыдыратады;
3) карбогидразалар, көмірмуларды полисаха

рид, ди- және моносахаридтерге дейін қорытады.


Қимыл (моторлық).
Сіңіру.
Сыртқа шығару.
2. Эндокриндік функция. Ішек-қарынның кілегей қабатында гастроинтестиналдық гормондардың түзілуі.энтреин жүйесінің гормондары қанға сіңіп:
1) ас қортыу сөлдерінің бөлінуін реттейді.
2) ассимиляцияға, организмнің өсуі мен дамуына әсер етеді.
3) түрлі ағзалардағы қан айналысын реттейді, биологиялық мембраналардың өткізгіштік дәрежесін реттейді.


  1. Ауыз қуысында ас қорыту. Сілекейдің құрамы және физиологиялық рөлі.

Ас қорыту ауыз қуысында басталады. Ауызға түскен тағам мұнда 15-30 сек кідіреді. Осы уақыт ішінде ас кесегі шайналып, ұсатылады, сілекеймен шыланып, жұмсарады, көмірсулар ыдырай бастайды.
Ауыз қуысындағы шырышты қабаттың қызметі:
1.Секреторлық
2.Қорғаныстық
3.Регенерация
4.Сіңіру
5.Рефлекстік
Сілекей – қоймалжың, түссіз, сұйық зат. Меншікті салмағы – 1,001-1,002.
рН = 5,8-7,4.
Су – 99,4-99,5%.
Құрғақ зат – 0,5-0,6%
Органикалық заттар:
1.Ферменттер
Альфа-амилаза – полисахаридтерді – декстран- дисахаридтерге дейін ыдыратады
Мальтаза – ұзақ шайнағанда активтеліп, дисахаридтерді – моносахаридтерге дейін ыдыратады.
2.Муцин
3.Лизоцим
Бейорганикалық заттар:
1.Калий, натрий, кальций, магний иондары.
2.Фосфаттар, хлоридтер, сульфаттар, бикарбонаттар.
3.Родондық қосылыстар
4.Йодид, бромид, фторид, микроэлементтер: темір, никель, литий
Аз мөлшерде кездеседі:
Белоктар глобулиндер, амин қышқылдары
Несеп қышқылы, мочевина, креатинин
Ферменттер – протеазалар, пептидтер, липаза, нуклеаза, сілтілік және қышқылдық фосфотазалар және т.б.
Сілекейдің маңызы:
1.Ас кесегінің сілекеймен шылануы
2.Астың дәмі, физикалық қасиеттері туралы мағлұмат алуға қатысады
3.Көмірсулы заттар ыдырай бастайды
4.Ас түйінінің қалыптасуына қатысады(муцин)
5.Қорғаныс қызметі (лизоцим, экзотоксиндермен байланысуы)
6.Минерал заттардың алмасуына қатысады


  1. Асқазанда ас қорыту. Асқазан сөлінің мөлшері, құрамы және қасиеттері. Ас қорытудағы тұз қышқылының рөлі

Қарында сілекеймен шы.фланған ас 3-10 сағат кідіріп, механикалық және химиялық өңдеуге ұшырайды. Адамда тәулігіне 2,0-2,5 л қарын сөлі бөлінеді. Ол түссіз сұйықтық.
рН – 0,9 – 1,5; тұз қышқылы көп – 0,3-0,5%
Қарын сөлінің құрамы:
Су – 99,0-99,5% Құрғақ қалдық – 1,0-0,5%
Құрғақ қалдық: Органикалық заттар – ферменттер (пепсин А, гастриксин(пепсин С), пепс н В(парапепсин немесе желатиназа), реннин(пепсин Д немесе химозин), қарын липазасы)
Бейорганикалық заттар – хлоридтер, сульфаттар, фосфаттар, бикарбонаттар, натрий, калий, кальций, магний
Сөлдің қасиеттері:
1.Пепсиногенді пепсинге айналдырады
2.Айналасын қышқылдандырып пепсиннің әсерін күшейтеді
3.Белоктарды қопсытып жұмсартып, олардың ішіне фермент енуін жеңілдетеді
4.Микробтарды жояды( бактерицидтік әсер)
5.Қарынның моторикасын күшейтеді
6.Қарындағы астың 12 елі ішеке өтуіне септігін тигізеді
7.Сүтті ірітеді
8.Қарынмен ұйқы бездерінің сөл бөлінуін ретейді, гастрин мен секретин гормондардың бөлінуін күшейтеді
9.Энтерокиназа ферментінің әсерін күшейтеді

  1. Он екі елі ішекте ас қорыту. Ұйқы безі сөлінің құрамы мен қасиеттері.

Жіңішке ішек адам бойынан 4-5 есе ұзын және 3 бөлімнен тұрады:
1) 12-елі ішек,
2) аш ішек,
3) мықын ішек.
Астың ішектегі қорытылуы қуыстық және ммембраналық қорыту түрінде өтеді.
12-елі ішектегі қоректік заттардың гидролизі ұйқы безі, ішек сөлдерінде болатын ферменттер мен өттің әсерінен жүреді.
Химус ішекте 10-12 сағат кідіреді.
Ұйқы безі сөлі түссіз сұйықтық.
Меншікті салмағы 1,007-1,009.
рН – 7,8-8,4 (сілтілік реакция бикарбонаттардың болуына байланысты).
Тәулігіне 1,5-2,0 л бөлінеді.
Су – 99% Құрғақ зат – 1%
Құрғақ зат:


  1. Өттің құрамы мен қасиеті, ас қорытудағы рөлі.

Өт бауырда үздіксіз түзіліп, 12-елі ішекке ас қорыту кезінде түседі. Ас қорытудан тыс уақытта өт қабында жиналады.
Өт қабы және бауыр өтін ажыратады. Бауырдан шыққан өт өт қабында жиналған өттен 5 есе сұйық.
Өттің құрамы:
Тәулігіне 500-1500 мл өт түзіледі.
рН: өт қабынан шыққан өт – 6,0-7,0
бауырдан шыққан өт – 7,3-8,0
Меншікті салмағы – 1,008-1,015
Су – 86,6-97,4%
Құрғақ қалдық: 4 % бауыр өтінде, 20 % өт қабында

Өттің асқорытудағы маңызы:
Өт ұйқы безі сөліндегі ферменттердің, әсіресе липазаның әрекетін күшейтеді.
Майларды эмульсиялайды.
Май қышқылдары мен глицериннің мицеллалар түрінде сіңірілуіне ықпал етеді.
Тұз қышқылын бейтараптап, пепсиннің әсерін жояды.
Ішек қимылын күшейтеді.
Нәжістің қалыптасуына қатысады.
Майда еритін витаминдердің, холестриннің, кальций тұздарының сіңуін жеңілдетеді.
Бактериоцидтік әсер көрсетеді.

  1. Ішек сөлінің құрамы мен қасиеттері. Ащы ішекте қоректік заттардың қуысты және мембраналық гидролизі.

Ішек сөлі либеркю бездерінде түзіледі, сарғыштау, өзіне тән иісі бар сұйықтық.
рН – 7,2-7,5, 8,6-9,0-ға деін жетеді
Су – 98% Құрғақ зат – 2%
Органикалық заттар, қоректік заттардың гидролизін аяқтайтын 20-дан астам ферменті бар.
1.Протеазалар: энтерокиназа, полипептидаза, аминопептидаза, нуклдеаза.
2.Дисахаридтерді гидролиздейтін: мальтаза, лактаза, сахараза – тек жіңішке ішекте.
3.Липаза, фосфолипаза, фосфатаза.
4.Муцин.
Бейорганикалық заттар: 1% минералдық тұздар К+, Na+, Ca2+, хлоридтер, бикарбонаттар
Қуыстық және мембраналық гидролиз:
Қоректік заттар ішек сөлінде тікелей (қуыстық) және ішек қабырғасының ішкі бетінде қорытылады.
Қуыстық ас қорыту- бұл үрдіс сөл шығаратын бездердің сөліністері мен олардың ферменттерінің әсерінен ішектің қуысына өтеді (ұйқы безінің сөлі, өт, ішек сөлі).
Қуыстық ас қорыту жолымен ірі молекулалы заттар олигомерлерге дейін ыдырайды, олардың соңғы өнімдерге (мономерлерге) дейін ыдырауы ішектің кілегейлі қабатында – яғни мембраналық ас қорыту жолымен іске асырылады.

  1. Тоқ ішекте ас қорыту ерекшеліктері.

1.Химус құрамыдағы ферменттер-қоректі заттарды қалдықтарын ыдыратады.
2.Химус қоюланып-нәжіс пайда болады
3.Көптеген микроорганизмдер бар: клетчатканы ыдырататынын; Белоктарды шірітетін
4.Сүт қышқылын пайда болдыратын- ашыту процесті күшейтеді –микробтар. Сүт тағамдары көп.
5.Белоктардың шіру процесінде пайда болатын-индол,фенол, скатол, крезол- улы заттар-бауырда-зиянсыз қосылыстарға айналады
6.Тоқ ішектің микрофлорасы витамин, К- -түзеді
Химус (Сһуmоs - сөл) - Асқазан мен ішектегі ас қорыту сөлдерімен араласқан тағамның жартылай қорытылған ботқа тәрізді массасы.

  1. Асқорыту жолдарының әртүрлі бөліктеріндегі заттардың сіңірілуі.

Ас қорыту астың сіңірілуімен аяқталады. Асты сіңірілуі дегеніміз гидролиз өнімдерінің ішек-қарыннан қанға, не лимфаға өтуі.
Астың сіңірілуі ас қорыту жолының түрлі бөлімдерінде бірдей емес.
Ауыз қуысында ас сіңбейді, тек тілдің астына салынған кейбір дәрілер –валидол, нитроглицерин сіңеді.
Қарында қанға ас тұзы, су, алкоголь, глюкоза аздап сіңеді.
Ас негізінен аш ішек пен мықын ішекте сіңеді.

  1. Ағзадағы зат алмасу туралы түсінік. Ассимиляция және диссимиляция процестері.

Заттар мен энергия алмасуы – заттар мен энергияның адам организмінде өзгеруі жүретін физикалық, химиялық және физиологиялық үрдістердің жиынтығы.
Зат алмасуының 4 кезеңі бар:
1.Қоректік заттардың ішек-қарындағы гидролизі – қоректік заттардың ферменттік ыдырауы.
2.Гидролиз өнімдерінің қанға және лимфаға сіңуі.
3.Қоректік заттар мен О2 жасушаларға тасымалдануы – заттар мен энергияның жасуша ішілік алмасуы.
4.Заттар алмасуының соңғы өнімдерінің сыртқа шығарылуы.
Заттар мен энергия алмасуында өзара байланысты екі үрдіс ажыратылады: анаболизм (ассимиляция) және катаболизм (диссимиляция).
Анаболизм немесе ассимиляция (лат. assimilation-ұқсасу) дегеніміз клетканың өзінің заттарымен клеткаға түсетін заттардың ұқсасуының эндотермиялық процесі. Ол — «жасаушы» метаболизм. Ассимиляцияның маңызды кезеңі — белоктар мен нуклеин қышқылдарының синтезі.
Катаболизм немесе диссимиляция (лат. dissimilis—үйлес-пеушілік) — экзотермиялық процесс, ол кезде энергия бөліну арқылы заттардың ыдырауы жүреді. Бұл ыдырау қорытылу және тыныс алу нәтижесінде жүзеге асады.

  1. Қоректік заттардың пластикалық және энергетикалық рөлі.

Зат алмасу өзара тығыз байланысқан екі қарама-қарсы құбылыстан тұрады: 1) Ассимиляция немесе пластикалық алмасу 2) Диссимиляция немесе энергетикалық алмасу Ассимиляция деп жай заттардан күрделі қосылыстардың түзілу реакцияларының жиынтығын айтамыз. Бұл реакциялар энергияны қажет етеді. Пластикалық алмасу нәтижесінде жасушалардың құрамы жаңарады. Ал диссимиляцияда күрделі заттар ыдырап энергия бөлінеді. Бөлінген энергия ағзаның тіршілігін сақтап, ой және дене еңбектерін орындаға жұмсалады.

  1. Негізгі зат алмасу

Негізгі алмасу – тіршілікке қажетті ең төменгі энергия алмасуы. Негізгі алмасуды стандартты жағдайларда анықтайды:
1.аш қарында, ас қабылдаған соң 12-14 сағаттан кейін.
2.дене еттері босаңсыған, толық тыныштық күйде.
3.комфортты температурада – 18-22оС
Ересек адам үшін негізгі алмасудың орташа мәні 1 ккал/кг/сағ тең.
Салмағы 70 кг, бойы 165-170, жасы 35-16 ересек ер адам үшін негізгі алмасудың мәні = 1700 ккал/тәул
Әйелдер үшін = 1500 ккал/тәул

  1. Дененің энергетикалық балансы. Жұмыс алмасу. Әртүрлі еңбек түрлеріндегі ағзаның энергия шығындары.

Энергия шығынының мөлшері жұмыс түріне қарай өзгереді.
Еңбек қарқынына байланысты ересек адамдар үшін энергия шығынының орташа мөлшерлері жасалған жасалып, бес кәсіби топқа бөлінеді.



  1. Қоректік заттардың физиологиялық нормалары. Рационалды тамақтанудың физиологиялық негіздері.

Дұрыс (тиімді) тамақтану организмнің қалыпты жағдайда тіршілік етуін, оның денсаулығын және еңбек ету қабілетін қамтамасыз етеді.
Тағам заттары: белоктар, майлар, көмірсулар, макро және микроэлементтер (минерал заттар), витаминдер, фитоцидтер, тағамдық талшықтар). Қазіргі кезде академик А.А.Покровский ұсынған " Балансты тамақтану" концепциясы кең қолданылады. Рациональды ( тиімді) тамақтану 3 принципке негізделеді:
1.Энергия тепе-теңдігін сақтау
2.Тамақ құрамындағы қоректік заттар ұтымды үйлестірілген болу керек. – Белок(Б), Май (М), Көмірсулар қатынасы 1:1:4,6.
3.Тамақтану режимді сақтау
Тәуліктік тамақтанудағы нормалары: Ересек адамдарда тәулігіне:
Белок-80-100г (1г белок 1 кг дене салмағына шаққанда, оның ішінде 55%-жануар белогы болу керек
Май-80-100 (50-60% жануар майы)
Көмірсу-400-500 г

  1. Адамның дене температурасы, оның тәуліктік ауытқуы. Терінің және ішкі ағзалардың әртүрлі бөліктерінің температурасы.

Дене температурасының тұрақтылығын бірқатар жылу түзуші жылуды шығарушы ағзалардан тұратын функциялық жүйе, сондай-ақ олардың қызметін реттейтін механизмдер қамтамасыз етеді.
Тәулік ішінде адам денесінің температурасы 0,5-0,9о ауытқып отырады.
Түнде температура төмендеп, күндіз – артады.
Әртүрлі дене бөліктерінің температуралары: (о деген градус деген зат)
Қолтық – 36о-37о
Ауыз қуысы – 37,2о-37,5о
Тік ішек – 37,5о-37,9о
Ішкі ағзалар – 37,8о-38о
Бауыр – 38,5о-39,5о
Кеуде – 30о-34о
Қол – 29,5о-33о
Аяқтың саусақтары, мұрынның ұшы - 22о

  1. Жылу өндірісі. Зат алмасу жылу түзілу көзі ретінде. Жылу түзілудегі жеке мүшелердің рөлі, осы процестің реттелуі.



  1. Жылудың таралуы. Жылу алмасу жолдары және олардың реттелуі.

Химиялық жылу реттелуі
Жылудың түзілуі заттар алмасуымен, белоктардың, майлар мен көмірсулардың тотығуымен байланысты. Бұл экзотермиялық реакция.
Физикалық жылу реттелуі (жылудың шығарылуы)
Жылудың шығарылу жолдары:
1.Жылуды өткізу (басқа заттармен жанасқанда).
2.Конвекция – тері бетімен жанасатын ауаға берілуі.
3.Жылуды сейілдіру (радиация) – инфрақызыл диапазондағы жылуды сейілдіру.
4.Булану (кілегей қабаттардан, өкпе арқылы, тер шығару)

  1. Зәршығару мүшелері, олардың организм гомеостазының константаларын ұстауға қатысуы. Бүйректің қызметтері. Зәр шығару.

Несеп шығару жүйесі
• Тамақпен түскен күрделі заттардың ыдырау нәтижесінде денеде зат алмасудың ең соңғы өнімдерінің – «қалдық заттардың» (шлактың) ағдадан сыртқа шығарылуын қамтамасыз ететін жүйені сыртқа шығару немесе несеп шығару жүйесі деп атайды.
• Зат алмасу процесі қалдық заттарды сыртқа
шығарумен аяқталады. Қалдық заттар пайдаланылмайды, ол денеде қор ретінде
жиналатын болса улы қасиет көрсетеді.
Бүйрек – сыртқа шығару жүйесінің
негізгі ағзасы, несеп түзуші ағза.
Диурез
– несептің тузіліп, сыртқа
шығарылуы.
Қалыпты жағдайда тәуліктік
диурез мөлшері:
– 1000
-1800 мл.
Ол сыртқы ортаның температурасына,
қабылдаған тамақтың мөлшері мен
құрамына және ішкен судың мөлшеріне
байланысты өзгеріп отырады.
Олигурия
– тәуліктік диурездің азаюы.
Полиурия
– тәуліктік диурездің
көбеюі.
Энурез
– түнде несепті ұстай алмау.
Никтурия
– түнде несептің көп түзілуі.
Бүйректің негізгі қызметі:
Экскреторлық. Зат алмасу өнімдерінің сыртқа шығарылуы
(несеп арқылы).
ІІ. Инкреторлық. Биологиялық белсенді заттардың түзілуі
(ренин, медуллин, простагландин, брадикинин).
ІІІ. Экскреторлық емес:
- АҚ реттелуі (ренин-ангиотензин жүйесі)
- эритропоэзге қатысу
- қанның ұюына қатысу
- зат алмасуына қатысу (белоктар, майлар, көмірсулар)
- Д3
витамнінің белсенуі
Бұлардың барлығы организмде гомеостазды қамтамасыз етеді.

  1. И.П.Павловтың анализаторлар туралы ілімі. Анализатордың бөлімдері (рецепторлық, өткізгіштік, кортикальды).

Анализатор яғни талдағыш (сенсорлық жүйе) -
ақпараттарды қабылдап, кодтап, өткізіп және ми қыртысында талдап, құрастыратын күрделі морфофункциялық жүйе
Талдағыштар бөлімдері (И.П. Павлов):

1. Шеткі (рецепторлық ) бөлімі - түрлі тітіркендіргіштерді қабылдау.


2. Аралық, өткізгіш бөлімі (афференттік талшықтар, нейрондар, қыртысасты орталықтары) - ақпараттарды рецепторлардан ОЖЖ-не жеткізу
3. Орталық бөлімі (ми қыртысының бөлімдері) -афференттік сигналдарды талдап құрастыру

  1. Көру анализаторы, Көз торының физиологиясы. Көру өткірлігі.

КӨРУ сезім жүйесі миға келетін барлық сенсорлық ақпараттың 90%-ін жеткізеді.
Көз ағза ретінде 2 бөлімнен тұрады:
- Жарық сәулесін сындыратын;
- Жарық сәулесін қабылдайтын (торлы қабат).
Көру өткірлігі – көру қабілеті. Ол көздің көзілдіріксіз немесе көзілдіріксіз бөлшектерді ажырату қабілетін өлшейді. Сандрин Гарниер, ортоптист, «ол ондықпен өлшенеді және төмен көру өткірлігі үшін 1-дан 20-ге дейін 16-нан 10-ға дейін өлшенеді. Алыстан көру кезінде 16/10 өте жақсы көру өткірлігіне сәйкес келеді, ал 1/10 ашады. жетіспеушілік».

  1. Түсті қабылдау (М.В.Ломоносов, Г.Гельмгольц). Түс көруінің бұзылуының негізгі формалары.

«Үш компонентті теория». Ол көздің тор қабығында түрлі түсті
қабылдаушы фоторецепторлардың - конустың үш түрінің болуына мүмкіндік береді.
М.В.Ломоносов түстерді қабылдаудың үш компонентті механизмінің болуы туралы
33
айтты. Кейін бұл теорияны Т.Юнг пен Г.Гельмгольц тұжырымдады. Бұл теорияға
сәйкес конустарда әр түрлі жарыққа сезімтал заттар болады. Кейбір конустарда
қызылға, басқаларында жасылға, ал басқаларында күлгінге сезімтал зат бар. Әрбір түс
түстерді сезетін элементтердің барлық үш түріне де әсер етеді, бірақ әртүрлі дәрежеде.
Жарыққа сезімтал заттардың ыдырауы жүйке ұштарын тітіркендіреді. Ми қыртысына
жеткен қозулар қорытындыланып, біркелкі түс сезімін береді.
Үш компонентті теория жақында электрофизиологиялық зерттеулерде дәлелденді

  1. Есту анализаторы

Организмнің есті функциясының пайда болуы дыбыспен байланысты. Дыбыс физикалық құбылыс ретінде серпімді орта бөлшектерінің төрбелмелі қозғалыстары болып табылады. Бұл тербелістер толқын түрінде ауада, суда және қатты денелерде тарайды. Есту анализаторы ауамың периодты тербелістерін қабылдап, олардың механикалық энергиясын нерв қозуына трансформациялайды – қабылданудың субъективі; түрі –есті түйсігі.

Анализатордың шеткі бөлімі – құлақ, ол сыртқы, ортаңғы және ішкі болып бөлінеді.


Сыртқы құлақты – құлақ қалғаны мен сыртқы есету жолы (түтігі құрайды).
Ортаңғы құлақ қуысы ауамен толып тұрады. Онда өзара байланысқан үш сүйектен тұратын тәзбен бар: балғашық, төс және үзеңгі.
Ішкі құлақ пен ортаңғы құлақ арасындағы қабырғада сопақша терезеден басқа, мембранамен қапталған дөңгелек терезе болады.

  1. Тері анализаторы, оның бөлімдері. Рецепторлардың классификациясы.

Тері анализаторы. Теріде сезімтал жүйкелер рецепторлары,тері ,май бездері,ет ұлпалары орналасады.

Тері беткей,меншікті ,шел қабаттарынапн түзілген.Беткей қабаты –эпидермис эктодермадан дамып,көп қабатты эпителий ұлпасынан түзілген.Эпидермистің тереңінде миелинді (пигмент) заты орналасады.Ол теріге белгілі бір түс беріп тұрады.Терінің меншікті қабаты мезодермадан пайда болып,дәнекер ұлпа мен серпімді талшықтардан түзілген.Бұл қабатта қан тамырларының торы мен сезімтал жүйке ұштары орналасады.Терінің шел немесе май қабаты ,негізінен май ұлпасынан түзілген,бұл ұлпада дәнекер ұлпаның коллагенді және серпімді талшықты торлары түзеді.


Рецепторлардың жіктелуі:
Сезім түрлеріне байланысты:
- көру рецепторлары
есту рецепторлары
дәм сезу рецепторлары
жанасу сезу
терморецепторлар
проприорецепторлар
вестибулярлық (тепе-теңдік)
ауырсыну сезу
иіс сезу
II. Рецепторлардың орналасуына байланысты:
I. Шетте орналасқан (экстерорецепторлар)
- есту, көру, иіс сезу, дәм сезу, жанасу
II. Іште орналасқан (интерорецепторлар)
а) вестибулярлық және проприорецепторлар (қимыл-тірек
аппаратының рецепторлары)
б III. Тітіркендіргіштер табиғаттарына байланысты:
1. Фоторецепторлар - көру;
2. Механорецепторлар - есту, жанасу, сезу, вестибуло-проприорецептор;
3. Хеморецепторлар - дәм, иіс сезу;
4. Терморецепторлар.
Ауырсынуды (ноцицепциялық) сезу - ерекше түрі) висцерорецепторлар-ішкі ағзалардың рецепторлары


  1. Вестибулярлық анализатор, оның бөлімдері. Кеңістіктегі дене қалпын қабылдау және бағалаудағы вестибулярлық анализатордың рөлі.

Вестибулярлық анализатор. Тепе-теңдік сезімін қалыптастыру. Дене тепе-теңдігін автоматты және саналы басқару. Вестибулярлық аппараттың рефлекстерді реттеуге қатысуы .Вестибулярлық аппарат дененің кеңістіктегі орнын қабылдау, тепе-теңдікті сақтау функцияларын орындайды. Бастың жағдайындағы кез келген өзгеріс вестибулярлық аппараттың рецепторларын тітіркендіреді. Импульстар миға беріледі, одан жүйке импульстары дене қалпын және қозғалыстарын түзету үшін қаңқа бұлшықеттеріне жіберіледі. Вестибулярлық аппарат екі бөліктен тұрады: вестибюльдер мен жартылай шеңберлі каналдар,онда статокинетикалық анализатордың рецепторлары орналасқан.

  1. Дәм және иіс сезу анализаторлары, бөлімшелерінің сипаттамасы.

Дәм анализаторы. Дәмді қабылдайтын рецепторлар тілдің кілегей қабықшасындағы дәм емізікшелерінде орналасқан.

Дәм емізікшелеріне тіл, жұтқыншақ (ІХ), бет (VІІ) және кезкелген (Х) жүйкелерінің ұштары (рецепторлар) келіп аяқталады. Осы жүйке ұштары арқылы ащы, тәтті, тұзды және қышқыл дәмдер қабылданады. Қабылданған жүйке импульстері сопақша мидың ромба ойысындағы ядроларда аяқталады, ал осы ядролардан басталған нейрондар талшықтары мидың көру төмпегінің сыртқы бөлігіне барады. Осы сыртқы ядродан басталған қосымша нейрондар арқылы жүретін импульс ми сыңарларының дәм сезу орталығына жетеді.


Иіс анализаторы. Мұрын қуысының кілегей қабықшасының жоғарғы бөлігі саналады. Бұл жерде иіс, сезім қабылдайтын жүйке элементтері бар.

Иіс жасушаларының пішіні ұршық тәрізді болады. Олардың бір ұшы кілегей қабықшадан басталса, екінші жағы өткізгіш бөлігін түзіп, иіс жүйкелерінің құрамына кіреді. Иіс жүйкесінің талшықтары тор сүйегі арқылы ми сауытының ішіне еніп, мидың маңдайбөлігінің астыңғы жағындағы иіс орталығына жетіп аяқталады.



Адамның иіс анализаторы басқа жануарға қарағанда нашар дамыған.

  1. Мінез-құлықтың туа біткен формасы. Шартсыз рефлекстер мен инстинкттер, олардың бейімделу әрекетіндегі маңызы.



  1. Шартты және шартсыз рефлекстердің салыстырмалы сипаттамасы. Шартты рефлекстердің түрлері. Адамдарда шартты қарашық рефлексінің дамуы.

  2. Жоғары жүйке әрекетіндегі тежелу құбылысы. Кортикальды тежелудің түрлері мен механизмдері.

  3. И.П.Павловтың жоғары жүйке қызметінің түрлері туралы ілімі. ЖҰӨ түрлерінің жіктелуі және сипаттамасы.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет